Атырау, 21 желтоқсан 23:04
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

Көлік салығына немқұрайлы қарама Атырауда

Көлік салығына немқұрайлы қарама

Атырау облысы тұрғындарының көлік салығы бойынша берешегі 355 миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Нұрболат САРМАНОВ мәлім етті. 28 шілде 2022, 21:01 1 440 рет қаралды
Біздің Ризабек беделді Корея институтына оқуға түсті Атырауда

Біздің Ризабек беделді Корея институтына оқуға түсті

Атыраудағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлегі Ризабек АЛПАМЫС (суретте) ҰБТ-дан ең жоғарғы 132 балл жинап, Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технология институтына оқуға түсті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қабылдау туралы өтініште ол негізгі қызығушылық бағыты ретінде «электроинженерия» мамандығын көрсеткен. 28 шілде 2022, 21:05 1 092 рет қаралды
«Сіздің өніміңіз!» Атырауда

«Сіздің өніміңіз!»

Атырауда Дүниежүзілік репродуктивті технологиялар күні аталып өтті. «Экомед» экстрокорпоральды ұрықтандыру орталығы Атырау филиалының акушер-гинеколог, уролог-андролог, хирург, анестезиолог, биолог, эмбриолог мамандары жиналды. Сонымен қатар, ЭКО арқылы сәби сүйген ата-аналар да арнайы шақырылды. Шараға 52 жасында тұңғышын босанған Құлсары қаласының тұрғыны Айгүл БИСЕНБАЕВА да сәбиімен және жұбайы Ибрагим ШӘУКІРОВПЕН бірге келді. Сурет Бейнежазба 27 шілде 2022, 11:47 1 791 рет қаралды
Пандемия кезінде туберкулезді емдеуге мүмкіндік болмады Денсаулық

Пандемия кезінде туберкулезді емдеуге мүмкіндік болмады

Қазақстанда соңғы он жылда туберкулез ауруына шалдығу көрсеткіші жыл сайын орта есеппен 5-10 пайызға дейін төмендеп келеді. Бұл туралы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов мәлімдеді. Сурет 26 шілде 2022, 18:23 989 рет қаралды
Жуынатын бөлмеден екі мәйіт табылды. Тергеу жүргізілуде Оқиға

Жуынатын бөлмеден екі мәйіт табылды. Тергеу жүргізілуде

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 25 шілде күні кешкісін Атырау тұрғыны полицияға Авангард-3 ықшамауданында тұратын 30 жастағы қызының пәтер есігін ашпай жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер пәтерден екі адамның мәйітін тапты. 26 шілде 2022, 11:04 1 426 рет қаралды
Тайызданып жатқан Жайықты бөлісу қиын Атырауда

Тайызданып жатқан Жайықты бөлісу қиын

Атырауда биыл Жайыққа өткен уақыттармен салыстырғанда су көп келіп, су деңгейі 30-40 сантиметрге көтерілген. Бірақ су ресурстарын пайдалану және қорғауды реттеу жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Ғайнолла ӘЗИДУЛЛИН қуануға әлі ерте деп есептейді. Неліктен? Бұл туралы «АЖ»-ға әңгімелейді. Сурет Бейнежазба 25 шілде 2022, 15:38 2 497 рет қаралды
Жол бойына мал жаюға болмайды Атырауда

Жол бойына мал жаюға болмайды

25 шілде күні ертемен Атырау-Ақтөбе тас жолының 400 шақырымында RAVON R4 көлігінің жүргізушісі бір отар қойды қағып кеткен. Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 24 бас қой зардап шекті, алдын ала бағалау бойынша келтірілген шығын - 1 200 000 теңге. 25 шілде 2022, 15:46 1 570 рет қаралды
Ордабасыдан 1:4 және трибунадағы митинг Спорт

Ордабасыдан 1:4 және трибунадағы митинг

22 шілдеде «Мұнайшы» стадионында футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің ойыны өтті: «Атырау» ФК өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдады. Меймандар 4:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Ал негізгі оқиғалар финалдық ысқырықтан кейін өрбіді. 23 шілде 2022, 17:11 1 789 рет қаралды
Университет гранттары туралы жалған ақпарат Атырауда

Университет гранттары туралы жалған ақпарат

Әлеуметтік желіде Атырау мемлекеттік университетіне биыл 4 мың білім гранты бөлінгені және соны игере алмай отырғаны жөнінде аудиожазба тарады. Аудио авторы осы грантты толық игермесе, келесі жылы осы оқу орнына грант бөлмейтінін айтады. Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА бұл хабардың жалған екенін мəлімдеді. 22 шілде 2022, 16:55 1 627 рет қаралды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда  басталады Атырауда

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың соты 3 тамызда басталады

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Бастапқыда іс №2 қалалық соттың судьясы Дәуренбек Даумовқа жүктелген болатын, бірақ оның жақында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы болып тағайындалуына байланысты істі басқа судья қарайды. 22 шілде 2022, 18:58 2 180 рет қаралды
Өзенге батып кеткен Атырауда

Өзенге батып кеткен

18 шілде күні сағат 17.00 шамасында Махамбет ауданы Бейбарыс ауылының 33 жастағы тұрғыны үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ауыл маңындағы Жайық жағасынан оның сырт киімдері табылған. ТЖД қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар іздеу жұмыстарын бастады. 20 шілде 2022, 10:43 1 398 рет қаралды
Алмаз Берекеновтің туыстары: «Бір Аллаға тапсырдық» Қаңтардағы наразылық

Алмаз Берекеновтің туыстары: «Бір Аллаға тапсырдық»

Жақында бір топ полиция қызметкері Атырауда қаңтар оқиғасы кезінде басына оқ тиіп қаза болған Алмаз БЕРЕКЕНОВТЫҢ туыстарының үйіне кешірім сұрап барды. Кездесу өте ауыр өтті. «АЖ» тілшісіне ол туралы Алмаздың тәтесі (әкесінің кіші қарындасы) Жаннат БЕРЕКЕНОВА әңгімелеп берді. Ол бұған дейін бұл қылмыс заң бойынша әрі әділ тергелуі үшін бәрін жасауға тырысқан еді, бірақ нәтиже болмады. Сурет Бейнежазба 20 шілде 2022, 11:38 2 649 рет қаралды
Атырауда екі аптада Covid-19 жұқтырғандар саны төрт есеге өсті Атырауда

Атырауда екі аптада Covid-19 жұқтырғандар саны төрт есеге өсті

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында мәлім етті деп хабарлайды. 20 шілде 2022, 17:36 1 478 рет қаралды
«Басы ауырған» шекарашы Алматыдағы әскери госпитальға жіберілді Атырауда

«Басы ауырған» шекарашы Алматыдағы әскери госпитальға жіберілді

Бүгін, 20 шілдеде Ақтау қаласынан шақырылған, Атыраудағы шекара бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген Медет Амангелді Шымкент арқылы әуе рейсімен ҚР Қорғаныс министрлігінің Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпиталіне жіберілді. Бұл туралы әкесі Октябрь ТӨЛЕМІСОВТЕН білдік. Ол, ұлы және олармен бірге шыққан сержант қазір Шымкентте, Алматыға түнде жетеді. 20 шілде 2022, 19:25 1 513 рет қаралды
Теңіздегі асханада 33 жұмысшы әлденеден уланған (+ТШО және "Іскер" компаниясының түсініктемесі) Атырауда

Теңіздегі асханада 33 жұмысшы әлденеден уланған (+ТШО және "Іскер" компаниясының түсініктемесі)

«АЖ»-ға бүгін, 20 шілдеде түскі уақытта Теңіздегі «ISKER Консорциумы» ЖШС-нің 33 жұмысшысының тамақтан улану белгілерін сезінгені белгілі болды. Толықтырылды 20 шілде 2022, 19:31 2 081 рет қаралды
Басынан ұрған: ақтаулық шекарашы туған күні үшін «жазаланды» ма? Атырауда

Басынан ұрған: ақтаулық шекарашы туған күні үшін «жазаланды» ма?

Атыраудағы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментінде әскери борышын өтеп жатқан 19 жастағы маңғыстаулық сарбаз Медет АМАНГЕЛДІ медициналық көмекке зәру. Медет 11 шілде күні соққыға жығылған. Содан бері қарай денсаулығы күрт нашарлап кеткен. Бұл туралы Медеттің туыстары15 шілде күні естіген. Олардың айтуынша, әскери бөлімде оларға «Медеттің есі ауысып, ішіне жын кірген» деп хабарлаған. Осы жағдайға байланысты Медеттің туыстары бүгін, 18 шілде күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданынан келіп, әскери бөлімнің алдына жиналды. Сурет Бейнежазба 18 шілде 2022, 21:42 2 138 рет қаралды
Есірткіге толы «Тойота» Оқиға

Есірткіге толы «Тойота»

Атырау-Ақтөбе тас жолының 30-шақырымында Атырау облысы бойынша ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Toyota Ipsum көлігін тоқтатты. Тексеру барысында көліктен жалпы салмағы 17 келі болатын марихуана табылды. Сурет Бейнежазба 18 шілде 2022, 22:47 1 610 рет қаралды
Доссордағы мұнайшыларды тасымалдаушылардың екі аптаға созылған наразылығы аяқталды Атырауда

Доссордағы мұнайшыларды тасымалдаушылардың екі аптаға созылған наразылығы аяқталды

27 маусымда Доссор ауылында басталған «Build Service Com» ЖШС-не көліктерін жалға берушілері мен жүргізушілердің наразылық акциясы 9 шілдеде – «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшылығымен кездесуден кейін аяқталды. 14 шілде 2022, 00:39 1 176 рет қаралды
Бизнес үшін гранттар қалай бөлінетіні түсіндірілді Атырауда

Бизнес үшін гранттар қалай бөлінетіні түсіндірілді

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол ЖАНАБЕКОВ кәсіпкерлер үшін мемлекеттік грантты бөлу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Жиынға жергілікті  кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен журналистер қатысты. 13 шілде 2022, 12:53 1 089 рет қаралды
Атырауда 50-ден астам кәсіпкер жеңілдетілген несие алды Атырауда

Атырауда 50-ден астам кәсіпкер жеңілдетілген несие алды

«Атырау-Атамекен Бизнес Қолдау» микроқаржы ұйымы (МҚҰ) өз қызметін бастағалы бері жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын 150 бизнес-жоба қаралды. Оның ішінде бүгінде жалпы сомасы 606 миллион теңгеден асатын 52 жоба мақұлданды. 12 шілде 2022, 13:59 1 138 рет қаралды
​Гидроцикл жүргізуге де куәлік керек Атырауда

​Гидроцикл жүргізуге де куәлік керек

Су айдындарында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында облыстың инспекция қызметкерлері шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзудың 17 фактісін анықтаған. Олардан жалпы сомасы 245 мың 40 теңгеге әкімшілік айыппұл өндірілген. Сурет 12 шілде 2022, 14:22 1 064 рет қаралды
Биыл Атырау облысында 24 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр Атырауда

Биыл Атырау облысында 24 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВТІҢ мәліметінше, жоспарланған 23 956 жұмыс орнының 14 374-і тұрақты. Бүгінде 11501 орын ашылды, оның 6188-і тұрақты, 5313-і уақытша. 12 шілде 2022, 14:30 1 373 рет қаралды
Еліміздің жетекші дерматологтары атыраулық балаларға көмек көрсетті Денсаулық

Еліміздің жетекші дерматологтары атыраулық балаларға көмек көрсетті

Балалар жылы аясына облыстық тері-венерология диспансерінің негізінде «Кішкентай науқастарға көмек» атты ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі. 11 шілде 2022, 15:52 1 580 рет қаралды
«Гаухартас» тұрғын үй кешеніндегі өрт: бәрі сыртқа шығып үлгерді Атырауда

«Гаухартас» тұрғын үй кешеніндегі өрт: бәрі сыртқа шығып үлгерді

Бүгін, 11 шілдеде Атырау қаласы  «Гаухартас» тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Хабарлама ТЖД-не сағат 14.52-де келіп түсті, оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы ауданы 1200 шаршы метр болатын екі қабатты тұрғын үйдің шатыры мен екінші қабаты өртеніп жатқанын анықтады. Сурет Бейнежазба 11 шілде 2022, 23:59 1 679 рет қаралды
​Атырауда ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру туралы іс бойынша тергеу аяқталды Атырауда

​Атырауда ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру туралы іс бойынша тергеу аяқталды

ҚР қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті облыстық құрылыс басқармасындағы лауазымды тұлғаларға және «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты әлеуметтік нысандардың, оның ішінде мектеп, 2 отбалысық дәрігерлік амбулатория, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына бөлінген ірі көлемді бюджет қаржысын жымқыру туралы іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бейнежазба 11 шілде 2022, 19:26 1 448 рет қаралды
​Біріккен газ-химия зауытында пропан беру басталды Экономика

​Біріккен газ-химия зауытында пропан беру басталды

8 шілдеде “Самұрық-Қазына" компаниялар тобына кіретін Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясы Атырау қаласындағы біріккен газ-химиялық зауытта іске қосу-реттеу жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлады. 9 шілде 2022, 17:53 2 272 рет қаралды