Атырау, 25 сәуір 15:42
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жайыққа 7 миллион бекіре шабағы жіберілді

1 747 просмотра

8 шілдеде Атырау бекіре балық өсіру зауыты Жайық өзеніне 3,5 млн дана бекіре тұқымдас балық шабағын (шоқыр, бекіре және сүйрік) жіберді.

Бұған дейін Атырау қаласында орналасқан басқа бекіре тұқымдас балық өсіру зауыты Жайық өзеніне 3,5 млн. дана балық шабақтарын, оның ішінде 729 мың дана қортпа, 419 мың дана орыс бекіресін және 629 мың дана сүйрік және 1,723 млн. дана шоқыр шығарды.

Осылайша, мемлекеттік бекіре зауыттары биылғы жылдың жоспарын орындады. Сонымен қатар, бәсекелестік ортадағы мемлекеттік тапсырыс аясында "Ақтау балық LTD" ЖШС биыл шілденің соңында және тамыздың басында Жайық өзеніне қосымша 500 мың бекіре тұқымдас балық шабағын жібереді.

Айнұр САПАРОВА

Сурет әлеуметтік желіден алынды

9 шілде 2022, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.