Атырау, 5 қазан 20:28
 ашықВ Атырау +10
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда 50-ден астам кәсіпкер жеңілдетілген несие алды

918 просмотра

«Атырау-Атамекен Бизнес Қолдау» микроқаржы ұйымы (МҚҰ) өз қызметін бастағалы бері жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын 150 бизнес-жоба қаралды. Оның ішінде бүгінде жалпы сомасы 606 миллион теңгеден асатын 52 жоба мақұлданды.

127,3 млн теңге сомадағы 10 жоба жүзеге асырылып жатыр. Игерілу жалпы қаржыландырудың 62 пайызын құрайды.

«Атырау-Атамекен Бизнес Қолдау» МҚҰ директорының м.а. Ризабек ТАЙРОВТЫҢ айтуынша, несие жылжымалы және жылжымайтын мүлікті кепілге алу арқылы беріледі. Берілген және мақұлданған өтінімдер саны бойынша Атырау қаласы мен Жылыой ауданы көш бастап тұр.

Оның айтуынша, Атырау облысына бұл мақсаттарға жалпы сомасы 1 млрд теңге бөлінген. Қарыз қаражаты кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін дамытуға беріледі. Несие мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы жобалары үшін 7 жылға дейін. Бұл ретте, МҚҰ жеке тұрғын үй құрылысы мен жылжымайтын мүлікке жер учаскелерін сатып алу, несиелік берешекті қайта қаржыландыру, бұрыннан бар қарыздарды өтеу, сондай-ақ тұтынушылық мақсаттар үшін жобаларды қаржыландырмайды.

Р.Тайыров атап өткендей, кәсіпкерлер негізінен арнайы техника сатып алуға, нысандарды ашуға, қызмет көрсету және сауда салаларындағы айналым қаражатын толықтыруға, ауыл шаруашылығындағы жобаларды жүзеге асыруға несие алғысы келеді.

МҚҰ-дан жеңілдетілген несиені «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бұрын оқытылғандар да, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де ала алады. Қазіргі уақытта бұл жобалар бойынша оқыту тоқтатылды, бірақ жақын арада Жұмыспен қамту орталықтары арқылы онлайн оқыту күтілуде.

Несие алу үшін облыс орталығының тұрғындары Атырау қ., Сәтпаев даңғылы, 78, Кәсіпкерлер палатасының кеңсесі мекенжайында орналасқан «Атамекен-Атырау Бизнес Колдау» МҚҰ-на. Ал ауылдағы елді мекендердің тұрғындары – тұрғылықты жері бойынша Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына жүгіне алады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

12 шілде 2022, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.