Атырау, 22 желтоқсан 00:48
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Біздің Ризабек беделді Корея институтына оқуға түсті

1 092 рет қаралды

Атыраудағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлегі Ризабек АЛПАМЫС (суретте) ҰБТ-дан ең жоғарғы 132 балл жинап, Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және технология институтына оқуға түсті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қабылдау туралы өтініште ол негізгі қызығушылық бағыты ретінде «электроинженерия» мамандығын көрсеткен.

«АЖ» бұған дейін де Ризабектің түрлі халықаралық олимпиадалардағы жетістігі туралы хабарлаған болатын. Енді ол беделді шетелдік жоғарғы оқу орнының студенті. Ұлттық ғылым және технология институты әлемдегі ең мықты 200 университеттің қатарына кіреді, ал Азияда ол 21-орында. Айтпақшы, мұнда тағы үш атыраулық студент оқиды - Нұрдәулет Хаженов, Әділ Сұлтанов және Әділет Зауытхан. Бұған дейін олар да халықаралық тақырыптық олимпиадаларда өздерін керемет танытқан.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

28 шілде 2022, 21:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.