Атырау, 5 қазан 16:19
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Университет гранттары туралы жалған ақпарат

1 542 просмотра

Әлеуметтік желіде Атырау мемлекеттік университетіне биыл 4 мың білім гранты бөлінгені және соны игере алмай отырғаны жөнінде аудиожазба тарады. Аудио авторы осы грантты толық игермесе, келесі жылы осы оқу орнына грант бөлмейтінін айтады. Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА бұл хабардың жалған екенін мəлімдеді.

- Бітіруші түлектерге гранттар жыл сайын бөлінеді және толық игеріледі. “Келесі жылы білім гранттары берілмейді” деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Айта кетейін, биылғы 4000 гранттың 3200-і техникалық мамандықтарға, қалғаны педагогикалық мамандықтарға бөлініп отыр, - деді Дүйсекенова. -  Мұндай жалған ақпарат таратушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қылмыстық жауапқа тартылады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

22 шілде 2022, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.