Атырау, 5 қазан 16:09
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Прокурорлар бірінші жартыжылдық бойынша есеп берді

1 548 просмотра

19 шілдеде облыс прокуроры Халидулла ДӘУЕШОВТІҢ төрағалығымен облыстық прокуратураның алқа отырысы өтті. Бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы талқыланды.

Прокуратурада хабарлағандай, көрсетілген кезеңде қылмыстылық деңгейі орташа алғанда 1,8%-ға төмендеген (орташа ауырлықтағы қылмыстар - 15,9%-ға, аса ауыр қылмыстар - 13,5%-ға).

Қоғамдық мүдделерді қорғау саласында 120 мыңнан астам азамат пен 1,8 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Прокуратураның ықпал етуімен 336 жұмысшының алдында 198,8 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өтелді.

Отырысты қорытындылай келе, облыс прокуроры азаматтардың конституциялық құқығы мен мемлекеттің мүддесін қорғауды, сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа, балаларға қарсы жыныстық қылмыстарға, сонымен қатар капиталды заңсыз шығаруға, «көлеңкелі экономикаға», алаяқтыққа, қаржы пирамидаларына қарсы тұруды алдағы кезеңде қадағалаудың басым бағыты ретінде атады.

Отырыс қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бірқатар тапсырма берілді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 шілде 2022, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.