Атырау, 5 қазан 20:29
 ашықВ Атырау +10
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырауда ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру туралы іс бойынша тергеу аяқталды

Бейнежазба
1 272 просмотра

ҚР қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті облыстық құрылыс басқармасындағы лауазымды тұлғаларға және «Техника-Рем строй» ЖШС басшысына қатысты әлеуметтік нысандардың, оның ішінде мектеп, 2 отбалысық дәрігерлік амбулатория, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына бөлінген ірі көлемді бюджет қаржысын жымқыру туралы іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлады. Жымқырылған қаржының көлемі 467 млн теңгені құрады. ЖШС басшысына қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы алынды. 79 млн теңге көлемінде ЖШС мүлкіне тыйым салынды. Ал Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және тапсырыс берушінің біріне қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

11 шілде 2022, 19:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.