Атырау, 29 қазан 21:29
 дождьВ Атырау +12.3
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Атырауда көпқабатты үйден жеті адам эвакуацияланды

77 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Атырауда 29 қазанда Әуезов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Өрт екі қабаттағы балкондарды шарпыған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері бір бала бар жеті адамды құтқарды.

Өрт туралы хабар жедел қызметтің «112» пультіне түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес қабатты ғимараттың екінші және үшінші қабаттарындағы балкондардың жанып жатқанын анықтады.

Түтін басқан ортада жұмыс жүргізу үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің тобы жұмылдырылды.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы жеті адамды эвакуациялады. Олардың арасында бір бала болған.

Өрт жедел түрде сөндірілді.

Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккендер жоқ.


Бүгін, 20:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.