Атырау, 17 мамыр 12:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Доссордағы мұнайшыларды тасымалдаушылардың екі аптаға созылған наразылығы аяқталды

967 просмотра

27 маусымда Доссор ауылында басталған «Build Service Com» ЖШС-не көліктерін жалға берушілері мен жүргізушілердің наразылық акциясы 9 шілдеде – «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшылығымен кездесуден кейін аяқталды.

Build Service Com «Доссормұнайгаз» МГӨБ-нің мердігері. Жалға берушілер еңбекақысын әр айдың 10-15-інен кешіктірмей төлеуді талап еткен. Жүргізушілер өз кезегінде өздеріне зейнетақы аударылмайтынын және түнгі ауысымда жұмыс істегені үшін үстемеақы төленбейтінін айтты.

1 шілдеде Build Service Com біржақты тәртіпте наразылық білдірушілермен келісімшартты бұзды, бірақ олар наразылықты жалғастырды.

Ал «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жетекші маманы Ғалия ҚАРАЖАНОВАНЫҢ айтуынша, 28 маусымда акционерлік қоғам «BuildServicecom» компаниясына «ЖШС ішіндегі ахуалды 8 шілдеге дейін реттеу» өтінішімен хат жолдаған. Бірақ бұл мерзімге дейін мәселені шешу мүмкін болмай, 8 шілдеде ЕМГ серіктестікке мердігерлік шартын бұзу туралы хабарлама жіберді. «Самұрық-Қазына» АҚ талабы бойынша он күннен кейін келісімшарт бұзылады, қазір тиісті құжаттар ресімделуде.

Ал шілденің 9-ы күні «Доссормұнайгаз» МГӨБ басшысы Серік ӘБДИЕВ наразылыққа шыққандармен кездесіп, жақын арада жаңа мердігермен келісімшарт жасалатынын айтып, наразылық білдірушілердің барлығы сол жерден жұмысқа орналасады деп уәде берді. «АЖ» тілшісімен сұхбатында ол өткен жылы тендерде екінші орын алған компаниямен (атын нақтыламады) келісімшарт жасалатынын айтты.

Айнұр САПАРОВА

14 шілде 2022, 00:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.