Атырау, 5 қазан 20:18
 ашықВ Атырау +10
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырау жастары үшін ипотекалық бағдарлама іске қосылады

1 411 просмотра

Бұл туралы облыстық «Отбасы Банкі» АҚ филиалы директорының орынбасары Нұрболат Батыр мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Биыл «Отбасы Банкі» ақционерлік қоғамында бірнеше ауқымды бағдарлама іске қосылды. Атап айтсақ, «Бақытты отбасы» және «Тұрғын үйлерді субсидиялау» жобалары жұмыс жасауда. Өткен айдың 20-сы күні басталған «Бақытты отбасы» бағдарламасына еліміздің көлемінде 24 мыңнан астам отбасы өтініш берді. Әлі де кезекте тұрған, жоба санатына сай келетін азаматтар онлайн түрде 19-шілдеге дейін өтініш бере алатынын айтқым келеді. Бұл бағдарламаға көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар қатыса алады. Сондай-ақ, мамыр айынан бастап Отбасы банкі жүзеге асырып жатқан жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы баспана кезегінде тұрған адамдарды көбірек қамтымақ. Осы жылдың 4 шілдесінен бастап otbasybank.kz платформасында бағдарлама талабына сәйкес келетін кез-келген қазақстандық субсидия алуға өтініш бере алады, - деді Н.Батыр.

Оның айтуынша, банкінің тағы бір өзгерісі – әлеуметтік төлем мен жәрдемақыға қатысты. Енді жалақы, жеке кәсіпкерліктен түсетін табыс пен қызмет көрсету шарты бойынша төленетін қаражатпен қатар олар да кіріс ретінде есепке алынатын болады. Мәселен, жалғыз өзі асыраушы отағасының әйелі мен үш баласы бар делік. Ол айына 180 000 теңге алады. Табыс талабы бойынша бұл отбасы субсидия алуға құқылы. Алайда, олар қосымша жәрдемақы алса, онда әрбір отбасы мүшесінің табысы бір күндік көнкөріс мөлшерінен жоғары болса, бұл жағдайда отбасы мемлекеттік қолдаудан қағылады.

Сонымен қатар, заңнамалық деңгейде бірқатар өзгерту енгізілуіне байланысты бұрын субсидия ала алмаған қатысушылар өтінішін қайта тапсыра алатынын атап өтті.

Н.Батыр сондай-ақ, қазіргі таңда әкімдік пен Отбасы банкі бірлесіп, 35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған жобаның келісім шартын жасағанын жеткізді. Бағдарлама бірер айда іске қосылмақ. Қазақстандағы, соның ішіндегі Атырау жастарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін атқарылып жатқан бұл жұмысқа мемлекет тарапынан 1 млрд және банк тарапынан 600 мың теңге қаражат бөлінген.  

13-шілде күні сағат 19:00 де «Жастар саябағында» Отбасы Банкінің ұйымдастыруымен «Otbasy Open Air Atyrau» іс-шарасы өтеді. Мұнда Атыраудағы ең танымал құрылыс компаниялары нысандарын және Отбасы банкі өз бағдарламаларын таныстырады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

11 шілде 2022, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.