Атырау, 22 желтоқсан 00:47
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Үздіктер марапатталды

1 211 рет қаралды

Атырауда Балықшылар күніне орай сала үздіктері мен ардагерлері марапатталды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРЛЫБАЕВ құттықтау лебізін білдірді:
- Бүгінде Атырау өңірінде балық аулау, өңдеу ісіне 19 табиғат пайдаланушы кәсіпорын тартылған. Биыл 614 адам тұрақты және 3200-ден астам адам маусымдық жұмыстарға орналастырылған. Тек биылғы көктемгі маусымның өзінде 11225 тонна балық ауланды, - деп, Қ. Нұрлыбаев балықшылардың кәсібіне береке тіледі. 

Үздік балықшылар «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» Құрметті атағымен, «Балық шаруашылығы саласында мінсіз қызметі үшін» төс белгісімен, сондай-ақ, Атырау облысы әкімінің және облыстық Балық шаруашылығы басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиын  концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

12 шілде 2022, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.