Атырау, 20 сәуір 05:57
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ресейден бізге кімдер келген

1 216 просмотра

2022 жыл басталғалы Атырау облысында Қазақстан Республикасында резидент емес - "шығу тегі" ресейлік 56 заңды тұлға тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (15) төрт есе дерлік көп.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, бүгінде олар жалпы сомасы 26 млрд 33 млн 677 мың 355 теңге (өткен жылы – 345 млн 688 мың 212 теңге) салық төлеген. Бұл ақша республикалық бюджетке түседі.

Өңірімізге келген ресейлік кәсіпкерлердің қызмет түрі - негізінен көтерме сауда және тасымал қызметі.

Төменде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау филиалының мәліметтері бойынша РФ құрылтайшылары қатысқан Атырау облысындағы кәсіпорындардың атаулары берілген.

Бұрыннан келе жатқан кәсіпорын, әрине, «Каспий құбыр консорциумы» АҚ (КҚК). Тізімнің қалған бөлігі ЖШС форматында жұмыс істейді.

Олар ICG (АйСиДжи)" ЖШС, "БазисСталь групп КЗ" ЖШС, "Бутадиен" ЖШС, "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ, "РГК-Каспий" ЖШС, "УЛЬТРАСТАБ-ҚАЗАҚСТАН" ЖШС, "ITR.KZ" (АйТР.КЗ)" ЖШС, "Bricker (Брикер)" ЖШС, "Elite Furs (Элитные шубы)" ЖШС, "Fin Weld Azia" ЖШС, "OIL FRACK (ОЙЛ ФРАК)" ЖШС, "OMEGA DIGITAL GROUP (ОМЕГА ДИДЖИТАЛ ГРУПП)" ЖШС, "PERFOBORE ASIA (ПЕРФОБОР АЗИЯ)" ЖШС, "The Spot Nursaya (Спот Нурсая)" ЖШС, "VAM group (ВиЭйЭм груп)" ЖШС, "Welding Solutions" ЖШС, "Алтын 22" ЖШС, "БАГЗФАЙТЕР" ЖШС, "Вотертех" ЖШС, "ДентаВита" ЖШС, "ЕМВ фильтртехник Казахстан" ЖШС, "Евразийский стратегический центр Развития и планирования" ЖШС, "Желідегі Күн" ЖШС, "Интэко Атырау" ЖШС, "Каспиан Тул" ЖШС, "Кувера" ЖШС, "Меркурий-2022" ЖШС, "Нова Тэк" ЖШС; "РосЛес" ЖШС, "СН-Трейд" ЖШС, "СПЛ Атырау" ЖШС, "2VK GROUP (2ВК ГРОУП)" ЖШС, "ASHINA PROPERTY" ЖШС, "AVENT (АВЕНТ)" ЖШС, "Bright Catering (Брайт Кейтеринг)" ЖШС, "CASPIAN BUSINESS SUPPORT" ЖШС, "ILIUM (ИЛИУМ)" ЖШС, "LimE 2018 ( Лайм 2018)" ЖШС, "Mebellini (Мебелини)" ЖШС, "SK Family (СК Фамилии)" ЖШС, "АТТИЛА компьютерс" ЖШС, "Ателеком" ЖШС, "Бетон-Гарант" ЖШС, "ГарантСтрой ЛТД" ЖШС, "ИНДИС" ЖШС, "Логистик групп "МАС" ЖШС "Музаффари" ЖШС, "НӘТРА" ЖШС, "СП ТОО "Каспий Интер Фиш" ЖШС, "Самұрық Инвест Групп" ЖШС, "СпецТехСервис Групп" ЖШС, "Х7 2020" ЖШС, "КазМашинериТрейд" ЖШС, "Твелманс-Казахстан" ЖШС, "ТрастМашОйл-Қазақстан" ЖШС, "Фиксар-Казахстан" ЖШС.

Айнұр САПАРОВА

19 шілде 2022, 19:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.