Атырау, 5 қазан 16:15
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Теңіздегі асханада 33 жұмысшы әлденеден уланған (+ТШО және "Іскер" компаниясының түсініктемесі)

Толықтырылды
1 958 просмотра

«АЖ»-ға бүгін, 20 шілдеде түскі уақытта Теңіздегі «ISKER Консорциумы» ЖШС-нің 33 жұмысшысының тамақтан улану белгілерін сезінгені белгілі болды.

Бұл «ҚазПромСтройИнжиниринг» ЖШС асханасында түскі ас кезінде вахталық лагерьде болған. Жұмысшылар медициналық көмекке жүгінген. Біздің ақпаратымыз бойынша, «Теңізшевройл» ЖШС емханасында оларға диарея диагнозы қойылған. Шамамен үштен бірі ауруханаға жатқызылды, жеңіл дәрежеде зардап шеккен қалғандары алғашқы медициналық көмек алып, үйлеріне шығарылды.

ТШО баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді:

«Теңізшевройл»  ЖШС (ТШО) 2022 жылдың 20 шілдесінде Теңіз кенішіндегі «Іскер» мердігер компаниясының бірнеше қызметкерінің тамақтан улануға тән белгілерді сезінгенін  білді. Сондай-ақ, ТШО мердігер компания басшылығының өз қызметкерлеріне қажетті медициналық көмек көрсету үшін  тиісті шараларды қабылдайтынынан да хабардар.

“Іскер” техникалық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ғалымжан Жөкебаев, супервайзер: 

Кеше 36 адам тамақтан уланған. Кеше 11 адам, бүгін 21 адам Құлсары ауруханасына жатқызылды. Қазір 4 адам денсаулығы қалыпты, олар Теңіз қалашығындағы жатақханада медқызметкерлердің бақылауында. Жұмысқа үш күннен соң шығу керек. Ауруханамен үнемі байланыстамыз. Жағдайлары жақсарып келеді деді дәрігерлер. Санитариялық дәрігерлер тексеріп жатыр, асханадан талдау сынамасын алды, ол қазір жабық тұр. Біз уақытша келісімшартпен басқа мекеменің асханасында тамақтанып жүрміз.

Айнұр САПАРОВА

20 шілде 2022, 19:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.