Атырау, 21 желтоқсан 11:54
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ордабасыдан 1:4 және трибунадағы митинг

1 584 просмотра

22 шілдеде «Мұнайшы» стадионында футболдан Қазақстан кубогының топтық кезеңінің ойыны өтті: «Атырау» ФК өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдады. Меймандар 4:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Ал негізгі оқиғалар финалдық ысқырықтан кейін өрбіді.

Жеңіліске және өз командасының әлсіз ойынына ашуланған жанкүйерлер трибунада және алаң шетінде митинг секілді ұйымдастырды. Олар клубтың кадр саясатын өзгертуді қатаң талап етті. «Біз бюджеттік қаражаттың соншалықты тиімсіз жұмсалғанын қаламаймыз. Футбол клубының легионерлерден арылуын талап етеміз. Олардың орнына жергілікті жас футболшылар келсін. Олардың міндетті түрде соңына дейін күресіп, тәжірибе жинақтайтыны сөзсіз. Сөйтіп легионерлерден емес, өзіміздің ойыншылардан құралған команда жасақталады!», – деп айқайлады жанкүйерлер. Жағдайдың едәуір шиеленіскені сондай, тіпті оқиға орнына қосымша полицейлер тобы да тартылды. Бірақ тынышымен тарқады.

Кейінірек «Атырау» ФК баспасөз қызметі бас бапкер Константин ГОРОВЕНКОНЫҢ түсініктемесін жариялады: «Бұл футболшылар мен бапкерлер штабы үшін қорлық. Осындай әлсіз ойын үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын – мен ойыншыларға олардан не қалайтынымды және қалай ойнау керектігін жеткізе алмадым... Бізге көшбасшылық қасиет, эмоция жетіспейді, алаңда құмарлық жоқ. Бұлай ойнауға болмайды».

Айта кету керек, ел кубогы екінші жыл жаңа формула бойынша өтіп жатыр. Алдын ала раундтан кейін топтық кезең басталады, онда 4 топқа бөлінген 16 команда бақ таласады. Топтардағы матчтар «бір біріне қарсы» қағидат бойынша өз алаңында және қарсыластың алаңында екі айналым өткізеді. Топтарда 1-ші және 2-ші орындарға ие болған командалар 1/4 финалға қатысу құқығын алады. «Атырау» «Қайрат», «Ордабасы» және «Ақсу» (Павлодар облысы) командаларымен бір топқа түсті. Бұл матч біздің команда үшін үшінші ойын болды, 3 ұпай (бір жеңіс, екі жеңіліс) жиналды. Алда әлі үш ойын бар, негізінен, ширек финалға шығу мүмкіндігі әлі де бар. Бірақ мұндай ойынмен шығуы екіталай.

Айнұр САПАРОВА

23 шілде 2022, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.