Атырау, 5 қазан 20:25
 ашықВ Атырау +10
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Биыл Атырау облысында 24 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр

1 235 просмотра

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВТІҢ мәліметінше, жоспарланған 23 956 жұмыс орнының 14 374-і тұрақты. Бүгінде 11501 орын ашылды, оның 6188-і тұрақты, 5313-і уақытша.

Оның айтуынша, жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарына 13 905 адам жүгінсе, оның 7 641-і жұмысқа орналасқан.

Тұрақты жұмысқа құрылыс саласында 1856 адам, ауыл шаруашылығында 1056, білім беру саласында 380, денсаулық сақтауда 133, көтерме және бөлшек саудада 82, көлік тасымалында 96, өнеркәсіпте 33, басқа да экономикалық қызмет түрлерінде 2552 адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы, жұмыспен қамту шараларымен 7912 адам қамтылған. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 4124 адам, атап айтқанда әлеуметтік жұмыс орындарына 374, жастар тәжірибесіне 157, қоғамдық жұмыстарға 2950, «Алғашқы жұмыс орнына» 30 және «Күміс жас» жобасы бойынша 6 адам жұмысқа орналастырылды. Қысқа мерзімді курстарда 61 адам, онлайн Skiils арқылы 166 адам оқытылып, 44 адам өз ісін ашуға мемлекеттік грантқа ие болды.

Сондай-ақ А.Мәмбетов халықты жұмыспен қамтудағы белсенді шаралардың бірі бос орындар жәрмеңкелері екенін атап өтті. Жыл басынан бері облыста 193 жұмыс берушінің қатысуымен 18 жәрмеңке өткізіліп, оған 3013 адам қатысты, оның 408-і тұрақты жұмысқа орналасты.

Айнұр САПАРОВА

12 шілде 2022, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.