Атырау, 5 қазан 14:22
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан африкалық ұсталды

1 492 просмотра

Атырауда синтетикалық есірткі заттарын тасымалдаумен айналысқан Нигерия Федералдық Республикасының 24 жастағы азаматы ұсталды.

Аталған ер адамды Атырау ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұстаған.

- Shevrolet cruze маркалы автокөлігін тінту кезінде әрқайсысы салмағы шамамен 1 гр болатын 5 дана полиэтилен қап тәркіленді. Сараптама оның "мефедрон" синтетикалық есірткісі екенін анықтады, - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі («Есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз өндіру, алу, сақтау, тасымалдау»)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

ПД ұсынған бейнежазба 

22 шілде 2022, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.