Атырау, 5 қазан 20:18
 ашықВ Атырау +10
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Гидроцикл жүргізуге де куәлік керек

Сурет
930 просмотра

Су айдындарында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында облыстың инспекция қызметкерлері шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзудың 17 фактісін анықтаған. Олардан жалпы сомасы 245 мың 40 теңгеге әкімшілік айыппұл өндірілген.

Облыстық көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Жомарт ҚҰСПАНОВТЫҢ айтуынша, акцияның мақсаты - жүзу маусымы кезінде шағын көлемді кемелердің (гидроциклдердің, моторлы қайықтардың) қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оның айтуынша, негізінен заң бұзушылар көбінесе су көлігін куәліксіз және бортты нөмірсіз, су көлігіне тиісті құжаттарсыз, құтқару кеудешесінсіз жүргізген.

Ж.Құспанов атап өткендей, жыл сайын барлық кемелер кеме билеттерінде тиісті белгілері бар техникалық куәландырудан өтуі тиіс.  Рейд «Скутер» акциясы аясында қалалық кірістер басқармасында тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау бөлімінің мобильді тобымен бірлесіп жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

ӨКҚ ұсынған суреттер

12 шілде 2022, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.