Атырау, 21 желтоқсан 11:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қоғам

Тыйым салынған емханадан репортаж Қоғам

Тыйым салынған емханадан репортаж

Балалар стоматологиялық емханасының дәрігерлік кабинеттері санитарлық нормаларға сай келмейді. Оның қызметі тағы да тоқтатылды. Әзірге облыстағы жалғыз балалар стоматологиясы емханасының жағдайымен жақын танысу үшін біз сол жерге аяқ бастық. Әдетте, «облыстық стоматология» деген сөз тіркесі айтылса, ғимараттың кейпі және де осы ғимараттың баспалдақтары, кең фойесі, ақ плиталар төселген кабинеттер мен алуан түрлі стоматологиялық құрал-жабдықтардың көз алдыңа келері сөзсіз. Ал іс жүзінде мұнайлы астана балаларына қанадй қызмет ұсынылып отыр? 26 қаңтар 2011, 00:00 7 036 рет қаралды
Қоғам

Тұрғын үй үшін бос жер жетерлік

Сенбі күні қаладағы ең ірі сауда орталығы «Дина» базарындағы ел аузындағы әңгіме біреу болды. Ол қалалық әкімдіктің «Дина»  орналасқан аумақты тұрғын үй құрылысы үшін беруге шешім шығарғандығы  және базарды қала сыртына-Бірлік поселкесі ауданына көшіретіндігі жөніндегі сыбыс еді.  26 қаңтар 2011, 00:00 3 670 рет қаралды
Сәбилерге екпе салу керек пе? Қоғам

Сәбилерге екпе салу керек пе?

Атыраулық аналарды соңғы кезде облыста жаңа туған жас нерестелердің арасындағы түрлі патологиялық аурулардың жиілеп бара жатқаны алаңдатады. Олардың кейбірі бұған жас нәрестелерге салынатын екпелердің әсері болуы мүмкін деп күдіктенеді. Бірақ облыстық перзентхана дәргерлері бұл болжаммен келіспейтіндерін айтады. 26 қаңтар 2011, 00:00 33 808 рет қаралды
Мүрдехана қызметі де ақылы Қоғам

Мүрдехана қызметі де ақылы

Мақаттықтар өлген адамның денесін кері алу үшін сот медициналық сараптама орталығының Атыраудағы филиалы ақша талап еткеніне шағымданады. Алайда филиал басшысы бұл әңгімені жоққа шығарып отыр. Көңілсіз әңгіме әрине. Бірақ бұл  ерте ме, кеш пе өзекті жан атаулының басына келетін жай болған соң елеусіз қалдырғымыз келмеді. Өйткені  жақыныңды жерлеу – оның отбасы үшін онсыз да   үлкен орыны толмас қайғы және қаржылық шығын екені белгілі. 20 қаңтар 2011, 00:00 5 981 рет қаралды
Қоғам

Көлікқұмар жастар депутатпен келіспейді

Былтыр күзде Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев Үкімет басшысының атына «жүргізуші куәлігін 21 жастан беру қажет» деген ұсыныс айтқан болатын. Кейін бұл бастаманы ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков те қолдады. Алайда, еліміздегі кейбір қоғам қайраткерлері мен жол сақшыларының өзі мұнымен келіспей отыр. Атыраудағы автомектеп жетекшілері мен көлік үйренемін деп жүрген кей жастар да бұған түбегейлі қарсы. 20 қаңтар 2011, 00:00 6 435 рет қаралды
Қоғам

«Атырау-Жарық» АҚ: «Маржан» сән үйі кінәлі емес, кінә - үйдің жарық желілерінде болуы керек

Естеріңізде болса, газетіміздің өткен нөмірінде біз Сәтбаев көшесіндегі №5 үйдің 9-подъезіндегі пәтерлерге су келіп тұрған краннан ток тартып тұрғандығы жөнінде жазған болатынбыз («Жайық самалы», №2, 13-қаңтар, «Сәтбаев көшесіндегі №5 үй тұрғындарына қауіп төніп тұр»). 20 қаңтар 2011, 00:00 4 887 рет қаралды
Қоғам

Сақтандырудың бірыңғай бланкісі енгізілді

Биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап көлік құралы қожайындарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі полистің бірыңғай бланкісі енгізілді. Бұл жаңалық туралы біз «НСК» сақтандыру компаниясының Атырау филиалының директоры Михаил КОРНЕВТЕН әңгімелеп беруді өтінген едік. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 459 рет қаралды
Мұнайлы астанадағы жетімдер үлесі  Қоғам

Мұнайлы астанадағы жетімдер үлесі

Жыл сайын  Атыраудағы қалалық  орта мектептерді ондаған   жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөсіпірімдер бітіріп шығады. Олардың ары қарайғы тағдыр-талайы қалай жалғасын табады? Әдетте жетімдердің өмір жолы маңдайға жазылғандай анық, яғни балалар үйі, одан соң оларды тездеп орта білім беретін кәсіби колледждер мен лицейлерге орналастырып жіберуге тырысады, кейбірі жоғары оқу орындарына түсіп жатады.  Әне-міне дегенше жастар ер етіп, 23 –ке келеді. Шынын айтқанда қорғансыз балалар үшін бұл сан құлаққа жазадай естілуі мүмкін. Өйткені, осы жасқа дейін ғана олар мемлекеттен бөлінетін пәтерге ие бола алады. Ал 23-тен кейін олар ешкімге керек емес... 13 қаңтар 2011, 00:00 13 072 рет қаралды
Қоғам

Сәтбаев көшесіндегі №5 үй тұрғындарына қауіп төніп тұр

Бұл жайлы редакцияға Сәтбаев көшесі, №5 үйдің 9-подъезд тұрғындары атынан хабарласқан 74 жастағы Шархат УЗБАЕВА  әжей  мәлімдеді. Олар пәтерлеріне келіп тұрған суды екі ай бойына  пайдалана алмай отырған көрінеді. Оның айтуынша, краннан аққан су да, кранның өзі де қол ұстатпайды, ток тартады. 13 қаңтар 2011, 00:00 4 317 рет қаралды
Дін туралы зайырлы қадам Қоғам

Дін туралы зайырлы қадам

Таяуда мектеп бағдарламасында жаңа дінтану пәні пайда болмақ. Ата-аналардың көбі балаларына не нәрсе оқытады екен деп елеңдеп қалды. Жаңа пән қалыптаспаған жасөспірімнің түйсігіне әсер етіп жүрмей ме деген қауіптері бар. Осындай сұрақты осы мәселемен айналысатын барлық инстанцияларға қойған едік. 12 қаңтар 2011, 00:00 8 466 рет қаралды
ГЕОЛОГТАР ҮЛЕС ДӘМЕТЕДІ Қоғам

ГЕОЛОГТАР ҮЛЕС ДӘМЕТЕДІ

Бір топ атыраулық ардагер геолог-барлаушылар өткен жылы премьер-министр К.Мәсімов пен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президенті Қайыргелді Қабылдинның атына хат жолдап, акционер қатарына енгізуді талап етті. Геологтар бұл талаптарын бұған дейін де бірталай лауазымды тұлғаларға жолдаған екен. 12 қаңтар 2011, 00:00 6 988 рет қаралды
Қоғам

Балқұдықтықтар үшін Кедендік Одақ мазақ пен азап болғаны ма?

Бәлкім Кедендік одақтың  (КО) біз әзірге сезіне қоймаған көптеген жақсы жақтары болар. Алайда, Құрманғазы ауданы, Балқұдық селосы тұрғындарының енді неге екені белгісіз Қазақстан-Ресей шекарасынан өту мүмкіндігі жоқ.  12 қаңтар 2011, 00:00 5 193 рет қаралды
Индер ауданы проблемасы қашан таусылады?  Қоғам

Индер ауданы проблемасы қашан таусылады?

Енді азғантай күнде әкімдердің халық алдында жылдық есебі тыңдалады. Индер ауданының әкімі тыңдарман халықтың алдында қандай жетістіктер мен олқылықтарды алға тартатыны белгісіз. Өйткені, ауданда қордаланған проблемалар жетіп артылады. 6 қаңтар 2011, 00:00 14 894 рет қаралды
Баспанасыз қаңғып жүр... талай қазақ баласы Қоғам

Баспанасыз қаңғып жүр... талай қазақ баласы

Біз елімізге сырттан келген шетелдік мамандардың беделді компанияларда тәуір жұмыспен қамтылуымен қоймай, олардың американдық қалашық секілді көркем аудандардан баспанамен де қамтамасыз етілетінін көргенде ішіміз удай ашып, іштей тынамыз. Себебі, олардың алатын жалақысы күнделікті тамағы мен еліндегі отбасын асыруға ғана емес, пәтер жалдап тұруға да жетіп артылады. Ал біздің отандық мамандар шетелге шығып жұмыс істеу түгіл, Қазақстанның өзге облыстарында жұмыс іздеп барғанда тиімді бағаға қолайлы баспана іздеп әуре. Онысы табылса, кәне?... Өзге өңірге шықпай-ақ, өз қаласында сандалып жүрген жандар қаншама? 6 қаңтар 2011, 00:00 7 992 рет қаралды
 Шахтадан шатақ шықты Қоғам

Шахтадан шатақ шықты

ӨЙТКЕНІ ОНДА ЖАРЫЛҒЫШТАР БАР ЕКЕН Бұл туралы "АЖ" газетінің 2010 жылғы 12 тамызындағы санында егжей-тегжейлі баяндаған болатынбыз. Дегенмен жергілікті билік баяғысынша жайбарақаттық танытып келеді. Тұз шахтасының қазіргі жағдайы адамдарға, экологияға зор қауіп төндіріп отыр. Өйткені жерасты тұз шахтасында детонатор мен аммонит жарылғыштарының ірі көлемде сақталып қалғаны анықталды. Оның үстіне шахта ішіне метан газ жиналған. Үрей ұшыратын бұл жайттың ертеңгі күні немен бітері де белгісіз... 29 желтоқсан 2010, 00:00 6 485 рет қаралды
Ақшамыз қайда? Қоғам

Ақшамыз қайда?

Атырау қалалық жедел жәрдем бекеті ұжымы жаңа жылды қарсы ала алмауы да мүмкін. Өйткені жедел жәрдем қызметкерлері бір-екі айдан бері жалақысыз отыр. Кеше осы мекеменің бір топ қызметкерлері (суретте) қалалық прокуратураға жалақы мен бірнеше айдан бері еңбек демалысы ақысын ала алмай отырғандарын айтып шағымданды. 23 желтоқсан 2010, 00:00 5 058 рет қаралды
Қоғам

Бар үміт мұнай-химия кешенінде

Келер жылы Атырау облысында көптеген жұмыс орындарында қысқартулар болады деп күтілуде. Он мыңнан аса атыраулықтар Қашаған жобасының аясында «Болашақ» мұнай және газ кешенін дайындау қондырғысының құрылысы аяқталғаннан кейін жұмыстарынан босатылмақ. Алайда, болашақ жұмыссыздар үшін мемлекет басындағылар белсенді түрде тезірек жүзеге асыруды қолға алып жатқан басқа да ірі жобалардан жұмыс табылуы мүмкін екендігі анықталды.  Осы жобалардың барлығы мұнай өндіруді арттыруға немесе облыста мұнай-химия саласын қалыптастыруға бағытталған. 23 желтоқсан 2010, 00:00 3 828 рет қаралды
Қиыршық тастағы апат немесе екі сот арасындағы тартыс Қоғам

Қиыршық тастағы апат немесе екі сот арасындағы тартыс

Көлік иесі өзінің жаңа машинасының бүлінгеніне кінәлі деп, республикалық автокөлік жолына жөндеу жүргізіп жатқан жолшыларды сотқа берген. Және ол істі жоғары екі инстанция - қалалық және облыстық сотта жеңіп шықты. Өндіріліп алған залал мөлшері-3,3 млн. теңге. Бұған қарсы жолшылар ЖКО-ның хаттамасын заңсыз деп тану туралы аудандық сотқа талап арыз берген. Және олар да жеңіп шыққан. Аудандық соттың шешімін облыстық алқа еш өзгеріссіз қалдырды. Міне, осындай қарама-қайшылықтар. Істі қарау әлі де жалғасуда, сондықтан да біз жәбірленушінің тегі  мен мердігер-фирманың атын атап отырғанымыз жоқ. Алайда, бастысы бұл мәселе емес деп ойлаймыз. 22 желтоқсан 2010, 00:00 5 772 рет қаралды
Қоғам

Жаңа тарифтерді енгізу 1 шілдеге қалдырылды

Жаңа жылдан бастап су тұтыну бойынша дифференциалды тарифтерді енгізу жоспары 2011 жылдың 1 шілдесіне қалдырылды. Атырауда сынақ түрінде суға диффренциалды тарифтер енгізуге тиіс болатын. Қоғамдық тыңдауда жаңа технологиялар жөнінде «Атырау су арнасы» КМК бас инженері Виктор СУЩЕНКО әңгімеледі. 16 желтоқсан 2010, 00:00 3 695 рет қаралды
Жылыойда туберкулез дерті асқынып тұр Қоғам

Жылыойда туберкулез дерті асқынып тұр

Туберкулез проблемасы облыстық әкімдіктегі талқыға салынған мәселеге айналды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, 2008-2010 жылдарға туберкулезбен күрес жөніндегі аймақтық бағдарламаға 2,6 млрд. теңге жұмсалған. Нәтижесі де байқалады: соңғы үш жылда жалпы облыс бойынша сырқат деңгейі 31,2 пайызға төмендеген. 16 желтоқсан 2010, 00:00 4 395 рет қаралды
Қоғам сурдоаудармашыларға зәру Қоғам

Қоғам сурдоаудармашыларға зәру

Бүгінде Атыраудағы қазақ саңыраулар қоға-мына сурдоаудармашылар мамандары ауадай қажет болып отыр. Ондағы жүзден астам құлағы мүкіс адамдар бір-бірінің ым-жымын түсінгенімен, қоғам басшыларының сөзін әрең ұғысады. Мұнда құлағы естімейтіндерден бөлек, жалпы қоғамның шаруашылық жұмыстарын атқарып отырған елу қызметкер бар. Ымдау мамандарының тапшылығын олар да едәуір сезініп отыр. Қоғам мүшелерімен түсінісу мүлдем мүмкін болмаған жағдайда олар сөздерін қағазға жазып жеткізуге мәжбүр. 16 желтоқсан 2010, 00:00 6 199 рет қаралды
Қоғам

Жанжалға әзірге телефондар жәрдем

Әйелдерге күш көрсетуге қарсы бүкіл әлемдік науқан шымылдығынан кезекті бір жолы әлдебір Киркоров дегеннің шалынып қалғаны бар. Десек те, әйелдерге күш көрсететін біздің өз жанжалқойларымыз бен басқа да лайықсыз тұлғаларымыз жетерлік. Өткен аптаның ішінде полицейлер бұл науқанның Атырау облысында қорытындысын шығарып, нәтижелерін жариялады. 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 785 рет қаралды
Қоғам

Бізде атауы жоқ 700-дей көше бар

Облыстық әкімдікте жылжымайтын мүлікті мекен-жай бойынша тіркеу мәселелері жөнінде кеңес болып өтті. Мекен-жай бойынша тіркеу «электронды үкімет» жүйесі үшін қажет. Атырау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Айдос ДӘУКІШЕВТІҢ айтуынша, атаусыз біршама нысандар анықталған. 15 желтоқсан 2010, 00:00 4 267 рет қаралды
Қоғам

Балықшыда апатты жағдайдағы 15 үй күрелмек

Сейсенбі күні қала маңындағы округтердің әкімдерімен өткізілген кеңес кезінде аймақ басшысы Алмалы селосының кешікпей қалаға қосылатынын, өйткені жеке құрылыс салушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін жердің тапшы болып жатқандығын мәлім етті. 9 желтоқсан 2010, 00:00 3 850 рет қаралды
Жүргізуші мен дәрігерлер мүгедек қылған қыз Қоғам

Жүргізуші мен дәрігерлер мүгедек қылған қыз

Машина қағып кеткен 20 жастағы қыз дәрігерлердің немқұрайдылығы салдарынан енді ана бола алмауы мүмкін. Оның анасы жазатайым жайтқа себепкер болған жүргізушінің де лайықты жазасын алмағанын айтады. Ол дәрігерлердің дұрыс диагноз қоймағандығынан баласын емдетудің уақытын өткізіп алғанына шағымдануда. 9 желтоқсан 2010, 00:00 7 831 рет қаралды