Атырау, 10 желтоқсан 00:20
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Мұздан абай болыңыз!

5 169 просмотра

Биылғы желтоқсанның өзгеше болғаны рас. Дегенмен екінші қаңтар күні Жайықты жұқа мұз қабаты көмкерді. Мұздың жұқалығына қарамастан балық аулау үшін шыққан батылдар да жоқ емес.

Атырау облысы ТЖ департаментінің облыстық судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВТІҢ айтуынша, алғашқы мұз өте қауіпті болады:

-Біріншіден, мұз әлі толық қатып болған жоқ. Жағалау аймақтағы мұздың қалыңдығы небәрі 2-3 см. ғана. Тіпті, кейбір жерлері қатып та үлгермеген. Алайда, кез-келген сәтте, суға кетудің қауіптілігі әуесқой балықшыларды үркітетін емес.

Судан-құтқару қызметкерлері мұздағы жағдайды қадағалап, балық аулауға шыққандарға қауіпті жерлерден кетуге кеңес береді.

-Егер адамдар мұзға түсіп кеткен жағдайда, оған көмектесу қиынға түседі. Құтқару үші қажетті үрмелі қайықтың кез-келген сағатта табыла қоюы қиын,-дейді Е.Қибашев.

Құтқарушылар қалалықтарға мұз бетіне шығуға болмайтындығын ескертеді, әсіресе, бүгін күндері қысқы каникулдағы балаларына мұқият болуды тапсырады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген В.Истомин

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.