Атырау, 24 қараша 12:52
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қыста да отырғызуға болады

4 410 просмотра

Өткен Тәуелсіздік күні мерекесінде қала тұрғындарының көпшілігі көше жиектеріне отырғызылған көшеттерге назар аударды. Бұл көшет отырғызатын мезгіл емес еді...

Бізге орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасындағылар растағандай, декоративтік ағаштар мен бұталарды отырғызуға қыстың кедергісі жоқ екен. Көктемде көшеттер жерсініп кетуге тиіс дейді.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен мына жайттарды білдік. 2010-2012 жылы облыс орталығын желектендіру бағдарламасына сәйкес, Атырауға 24 мың ағаш пен талдарды отырғызу жоспарланған. Бұлар – шетен, бүрген, бадам, алша, жасаман, тал, қараған. Егер биліктің ойға алғаны іске асатын болса, Әлиев, Тайманов, Лобовая, Владимирская көшелері, Азаттық пен Сәтбаев даңғылдары нағыз жасыл-желекке оранбақ. Мәселен, Ерік мостовойдан әуежайға дейін 6000 көшет метасеквоя (кипарис тұқымдастарға жататын қылқанжапырақты ағаш түрі) отырғызу жоспарланса, Жеңіс саябағына шие ағашы өсірілмек. Бастысы, «Артық қыламын деп...» деген мәтелдей боп жүрмесе болғаны.

Осы жұмыстарға бюджеттен бөлінген сома туралы ақпарат болған жоқ.

Лев Гузиков

Суретті түсірген В. Истомин

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.