Атырау, 5 қараша 04:42
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

Жаңа тарифтерді енгізу 1 шілдеге қалдырылды

3 351 просмотра

Жаңа жылдан бастап су тұтыну бойынша дифференциалды тарифтерді енгізу жоспары 2011 жылдың 1 шілдесіне қалдырылды.

Атырауда сынақ түрінде суға диффренциалды тарифтер енгізуге тиіс болатын. Қоғамдық тыңдауда жаңа технологиялар жөнінде «Атырау су арнасы» КМК бас инженері Виктор СУЩЕНКО әңгімеледі.

Барлық су тұтынушыларды 3 санатқа бөлмек болған еді.

Біріншісі – бір адамға шаққанда тәулігіне 60 литрге дейін (айына 1,8 текше метр) су тұтынатындар. Оларды ынталандыру тарифімен марапаттауға уәде берді.

Екінші санат үшін тұтыну нормасы бір адамға тәулігіне 170 литрге дейін (айына 5,2 текше метр) құрайды. Олар үшін орташа тариф қолданылар еді. Ал бұл нормадан асып кеткендер мен су есептегіштері жоқтар үшінші санатқа кіріп, жоғарғы, яғни, жазалаушы тариф бойынша төлейтін болады.

Қоғамдық тыңдауда табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттік департаментінің директоры Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА халыққа және БАҚ-на жаңа тарифті енгізетіндігі туралы хабардар етуге уәде берген еді. Алайда өткен дүйсенбіге дейін ол жақ ашпады.

13 желтоқсанда «АЖ»-ның жазбаша сауалы бойынша департаменттен дифференциалды тарифтерді енгізу жарты жылға кейін шегерілгендігін хабарлады. Кешіктірудің негізгі себебі – «Атырау су арнасы» КМК-ның тарифтік сметасын талдау. Алайда су арнасында мұндай процедураны монополияға қарсы департамент қызметкерлері тоқсан сайын өткізіп отырады емес пе?! Ендеше, монополияға қарсы департаменттің шешіміне не нәрсе немесе кім түрткі болды екен?

Монополияға қарсы департамент қоғамдық тыңдауда айтылған қалалық мәслихат депутаты Серік НӘЖІКЕНОВТІҢ сынына құлақ түрген болуы да мүмкін.

Алайда Гаюшкиндегі су тұтынушылар үшін нашар жаңалық та бар. Жаңа жылдан бастап Құрманғазы ауданының «Есенаманов» ЖК абоненттері үшін дифференциалдық тарифтер енгізілетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.