Атырау, 26 желтоқсан 12:45
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қиыршық тастағы апат немесе екі сот арасындағы тартыс

5 457 просмотра

Көлік иесі өзінің жаңа машинасының бүлінгеніне кінәлі деп, республикалық автокөлік жолына жөндеу жүргізіп жатқан жолшыларды сотқа берген. Және ол істі жоғары екі инстанция - қалалық және облыстық сотта жеңіп шықты. Өндіріліп алған залал мөлшері-3,3 млн. теңге. Бұған қарсы жолшылар ЖКО-ның хаттамасын заңсыз деп тану туралы аудандық сотқа талап арыз берген. Және олар да жеңіп шыққан. Аудандық соттың шешімін облыстық алқа еш өзгеріссіз қалдырды. Міне, осындай қарама-қайшылықтар. Істі қарау әлі де жалғасуда, сондықтан да біз жәбірленушінің тегі  мен мердігер-фирманың атын атап отырғанымыз жоқ. Алайда, бастысы бұл мәселе емес деп ойлаймыз.

ҚИЫРШЫҚ ТАСТАҒЫ ТРЮК

Сонымен 2009 жылдың қазан айында жүргізуші М. Орал қаласына өзінің жаңа  «Тойота-центр» автосалонынан несиеге алған «Тойота Королла» автокөлігімен шыққан. Шамамен бір сағаттай уақыттан кейін ол кедергіге ұрынады. Сөйтсе, бұл учаскеге мердігер компания қиыршық тас төсеген болып шығады. Жол қабатын жабу технологиясы мынадай: жол қабатына алдымен битум, оның үстіне қиыршық тас төселіп, тегістегіш машинамен «тегістелген». Құрылыс нормалары мен ережелері бойынша  дұрыс төселмеген қиыршық тас жол бетінің қабатынан алынып тасталуы тиіс еді.

Алда жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген ешқандай да белгі қойылмаған. Жүргізуші сағатына 90-100 км. жылдамдықмен жүрген. Осы жылдамдықпен жолға төселген қиыршық тасқа ұрынған, тіпті, тежегішін басып үлгерместен жолдан шығып, үш рет аударылып түскен. Жүргізуші періштесі сақтап, аман қалған. Көлік жөндегеннен гөрі, одан жаңасын алатындай күйге жеткен. Жол апатынан кейін жүргізуші бірден полицияға қоңырау шалады. Бірнеше уақыттан кейін жолшылар келіп, машинаның қалай аударылып жатқанын көреді. Өйткені, машина жолдан қашық емес еді. Алдымен бригадир келіп, кейін кетіп қалды да, екінші рет жұмысшыларын ерте келіп, жүргізушінің көзінше сыпырғышпен жол үстіндегі қиыршық тастарды сыпыра бастады. Жүргізуші мұны бейне таспаға түсіріп алған. Сол уақытта Индер аудандық ІІБ-нен жауап алушы келіп, сызбаны салып, куәгерлердің қатысуымен оқиға болған жерде хаттама толтырады. Бұған қарамастан жұмысшылар қиыршық тастарды сыпыруларын жалғастыра береді. Жолда қиыршық тастың жатқандығы мен жол белгісінің жоқ болғандығы хаттамада көрсетілді.

Жүргізушіге қарсы оның әрекетінде ешқандай құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан әкімшілік іс қозғалған жоқ. Іс мұрағатқа жолданды.

 

«БЕРМУД ҮШБҰРЫШЫ»

Атырауға келген соң М. кінәлілерге қатысты шара алу жөніндегі өтінішімен ІІД-не шағымданды.

«Алайда, сол сәтте біз бұл үшін кімнің жауап беруі тиіс екендігін білген жоқпыз»,-дейді жәбірленуші тараптың өкілі заңгер Аслан ЖОЛБОЛОВ.

-Ішкі істер департаменті менің қорғалушыма жөндеу жұмыстары кезінде тиісті белгілердің болуы керек екендігін және сол белгілерді орнату үшін жол компаниясының олармен келісімге келгендігі туралы жауабын берген. Демек, белгілер болуы тиіс еді. Алайда, олардың жол белгілерін шындығында орнатпағандығы  айқын болды».

Одан әрі жүргізуші облыстық прокуратураға арыз жазған, прокуратура ол шағымды Индер аудандық прокуратурасына жолдаған. Индерлік прокурорлар шындығында осы учаскеде жол белгілерінің болмағандығын, ал, жол қабатының сапасыз болғандығын растады. Содан кейін жүргізуші азаматтық тәртіп бойынша келтіріліген шығынды өтеу жөнінде сотқа арызданады. Жауапты тұлғаларды іздестіру басталады.

«Алдымен біз облыс әкімінің сайтында 2009 жылдан бері дәл осы Атырау-Орал тас жолындағы жолды жөндеу жұмыстарына шағымданған азаматтардың ондаған арыздарының бар екендігін анықтадық. Біреулер дөңгелектерін жарып алса, біреулерінің әйнектері сынған. Бұл шағымдарлың барлығына әкім Атырау-Орал тас жолының республикалық маңыздағы нысан екендігін және Атырау облысы бойынша жол комитеті департаментінің және «Қазавтодор» РМК  балансында екендігін айтып, жауап берген. Жол-жөндеу жұмыстарын мердігерлер жүргізуде. Біз осы үш мекемеге шығынды соттан тыс тәртіп бойынша өндіріп беру жөнінде өтініш жасаған болатыбыз. Мемлекеттік органдар - Атырау облысы бойынша жол комитеті департаменті және «Қазавтодор» бірден жауапкер емес екендіктерін айтып, жауаптарын берген. Жол жұмыстарын мердігерлер жүргізген. Және жолдың сол бөлігі балансқа алынбаған,-деп әңгімелейді заңгер. – Өз кезегінде мердігер біздің қойып отырған талаптарымызды біз ЖКО растайтын барлық құжаттарды жолдағаннан кейін қарауға дайын екендіктерін мәлімдеді. Біз барлық материалдарды: ЖКО сызбасын, хаттаманы, фотосуреттерді, бейнежазбаларды жинақтап, оларға пошта арқылы жолдадық. Алайда, олар бір айдан кейін болған жағдайға қатысты өз кінәлары жоқ екендігін жазып, бас тартатындықтарын мәлім етті».

 

ҚАЛАЛЫҚ СОТ: «ЖҮРГІЗУШІНІКІ ДҰРЫС»

ЖКО-нан жәбірленуші жүргізуші мамыр айында сотқа арызданды. Жәбірленушінің өкілінің айтуынша, айтыс-тартыс ұзақ, адамды қажытарлықтай болған. Нәтижесінде 2010 жылдың 5 қазанында Атырау қалалық соты жәбірленушінің талап арызын қанағаттандырады. ЖКО салдарынан келтірілген шығын мөлшері оған сот шығындары мен моральдық залалды қосқанда сот шешіміне сәйкесті шамамен 3,3 млн. теңгені құрады.

«Жүргізуші Оралға іс-сапармен бара жатқандықтан машинаны жол апатынан кейін бірден сонда алып кеткен. Шығынның алғашқы құнын Оралдың сауда-өнеркәсіп палатасы жасаған. Шығынды ондағылар 2,5 млн. теңгеге бағалаған. Сот отырыстарының барысында машина жаңа болғандықтан және оған “Тойота-центр” орталығы кепілдікпен қызмет көрсететіндіктен қайтадан тағайындалған сараптама  сервис-орталықтың талаптарының есебімен шығынның 3,5 млн. теңге құрайтындығын анықтады. Іс жүзінде автокөлік қайтадан қалпына келтіруге келмейтіндей еді- жөндеу сомасы жаңа көлік бағасынан да асып кететін болды. Қорғалушыға ең бастысы келтірілген шығынды өндіріп алу болды. Нәтижесінде сот мына тәртіп бұзушылықтарды: жол белгілерінің болмауын және жолды жөндеу жұмыстарының технологиясының бұзылуын анықтай отырып, біздің талап арызымызды қанағаттандырды»,-дейді А.Жолболов.  

 

БІЗ КІНӘЛІ ЕМЕСПІЗ, ОНЫҢ ӨЗІ СОҚТЫҒЫСТЫ!

Қалалық соттың шешімі шыққаннан кейін жауапкерлер Индер аудандық сотына Индер аудандық ІІБ-нің үстінен талап арыз берді. Басты талап - полицейлер оқиға болған жерден хаттаманы дұрыс толтырмаған. Нәтижесінде Индер аудандық сотында екі азаматтық талап арыз болып шықты: біреуі Индер аудандық ІІБ-не, екіншісі-Индер аудандық ІІБ-нің жауап алушысына. Талапкерлердің басты талабы-оқиға болған жердегі хаттаманы заңсыз деп тану.

Аслан Жолболовтың пікірінше, екі талап арыздың сотта қабылдануы заңға қайшылық келтіріп отыр.

«Жауап алушы  да, Индер аудандық ІІБ де бұл іс бойынша тиісті жауапкерлер болып табылмайды. Индер аудандық ІІБ Атырау облыстық ІІД-нің заңды тұлғасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Сондықтан да талап арыздар ІІД-не жолдануы тиіс. Бұдан басқа, хаттаманы заңсыз деп тану азаматтық емес қадағалау тәртібі бойынша шешіледі. Алайда сот, бұл фактілерді қатеріне алмай, азаматтық іс қозғаған,-дейді менің әңгімелесушім. –Талапкерлер өз жұмысшыларының бір тобын, яғни, ЖКО-ның куәгерлері ретінде әкеліп, жолды жөндеу жұмыстары кезінде жол белгілерінің болғандығын және жүргізуші соған қарамастан асқан жылдамдықпен жүріп, нәтижесінде жұмысшыларды қаға жаздап, көлікті басқара алмай қалғандығын айтады.

 

АЛ, БҰЛ КУӘГЕР БОЛЫП САНАЛМАЙ МА?

Біздің тарапымыздан бір ғана куәгер - жол апатына қатысушы ғана шақырылды. Менің қорғалушым көлігімен аударылғаннан кейін бір сағаттан соң дәл сол учаскеде тағы бір машина жол апатына ұшырады. Көлік рөлінде Орал қаласының тұрғыны болған. Ол да қиыршық таспен жүріп өтем дегенде жол жиегіне шығып кеткен. Бақытына қарай, аударылып қалмаған. Машина бүлінген жоқ. Сондықтан да ол полицияға арызданбаған көрінеді. Біз оған хабарласқанымызда ол куәгер ретінде сөйлеуге келісімін берген еді. Сотта ол сол күні алда ескерту берген бірде-бір жол белгілерінің жоқ болғандығын айтты. Оның көлігі жолдан шығып қалған кезде, жолдың екінші бетінде басқа бір машинаның, яғни, менің қорғалушымның көлігі жатқандығын баяндады. Ешқандай залал келмегендіктен ол кете берген. Алайда, сот жолшылардың  берген жауаптарындағы жаңсақтықтарға қарамастан, барлық тиісті жол белгілері жолға орнатылған деген жол қызметкерлерінің ауызша сөздеріне сеніп, олардың тек куәгерлік айғақтарын ғана қатерге алып, біздің барлық дәлелдерімізді негізсіз деп есептеді. Нәтижесінде сот олардың талап арыздарын қанағаттандырды. ЖКО жөніндегі хаттаманы заңсыз деп таныды. Демек, бұдан тексеру болған жоқ, яғни, ЖКО да болған жоқ деген шешімге келуге болады.   

Атырау қалалық сотының шешімі жүргізуші М. пайдасына шыққаннан кейін мердігер облыстық сотқа апелляциялық шағым берді. Облыстық апелляциялық алқа қалалық соттың шешімін еш өзгеріссіз қалдырды. Индер аудандық сотының шешімінен кейін прокуратура, Индер аудандық ІІБ жауап алушысымен және менің қорғалушым атынан облыстық соттың шешіміне апелляциялық шағымдар берілді. Ол 14 желтоқсанда қаралды. Облыстық сот алқасы біздің апелляциялық шағымымызды қанағаттандырмады. Қазір біз кассациялық шағым дайындап жатырмыз».

Сонымен, бұл біріне-бірі қайшы келетін жағдай. Екі өзара айрықша сот шешімдері бар. Бұл заңды қайшылықтың қалай шешілетіндігін уақыт көрсететін болады.  

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

22 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.