Атырау, 24 қараша 13:02
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жалақы жыры

3 331 просмотра

Атырау жедел жәрдем бекеті қызметкерлеріне қалалық прокуратураның араласуымен жалақы төленді. Бірақ толық емес. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне қалалық прокуратура хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Атыраудағы жедел жәрдем бекетінің бір топ қызметкерлері қараша-желтоқсан айларының жалақысын ала алмай отырғандары туралы қалалық прокуратураға (№51 ЖС «Ақшамыз қайда?») шағымданған еді. Бұған қоса олар биылғы еңбек демалысы мен еңбекке жарамсыздығы туралы парақшаға төленетін қаражаттан да қағылғандарын айтқан болатын.

Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі Қ.ҚЫСТАУБАЕВТЫҢмәлімдеуінше, қазір жедел жәрдемнің 220 қызметкеріне қараша айына тиесілі 9 млн. 496 мың 777 теңге жалақы төленді. Бұдан бөлек дәрігерлерге 1 млн. 209 мың 366 теңге құрайтын зейнетақы жарнасы мен 544 мың 215 теңге әлеуметтік төлем де аударылмағаны анықталған.

-Жұмыс беруші тарапынан қызметкерлердің жыл сайынғы кезекті еңбек демалысының өтемақысы, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақысының да төленбеу жағдайлары анықталып отыр,-деп хабарлайды Қ.Қыстаубаев.

Алайда жалақының кешігуіне себепкерлердің қандай жазаға тартылатыны әлі белгісіз. Қала прокуратурасы тексерудің ары қарай жалғасып жатқанын айтады.

Жедел жәрдем бас дәрігері Мақсұт ЕСЕЕВжалақының кешігуін 2007-2009 жылдарда болған кредиторлық қарыздардың салдарынан деп түсіндіреді.

-Алдыңғы жылдардағы кредиторлық қарыздар болуынан жалақы кешіктірілді. Қазір желтоқсан айының жалақысы мен жұмысқа жарамсыздық парақшаларына да төлем төлеу мәселесі шешіліп жатыр,-дейді ол.

Бұл не қылған кредтиорлық қарыздар екеніне түсініктеме береді деп күткен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВТЫҢ жұмыс орынынан табу мүмкін болмады. Ал бюджеттік саладағы ақша кідірісі бюджет бөлінбеген жағдайда ғана туындайтын проблема екені белгілі.

Сәния Тойкен

30 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.