Атырау, 24 желтоқсан 23:37
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қоғам

Жәнібекке шұғыл түрде донор қажет Қоғам

Жәнібекке шұғыл түрде донор қажет

Құрманғазы ауданы Мақаш ауылының тұрғыны Сәрсенбай Кенжеғалиев өзінің аяқ астынан ауыр науқастанып қалған кенже ұлы Жәнібек Отаровтың бүйрегін шұғыл түрде ауыстыру қажеттігін айтады. Ол үшін донорлық бүйрек қажет. Мұндай отаны жасатуға дәл қазір қаражат жағы қолбайлау болып отырған жайы бар. Ал Жәнібекке бүйрек ауыстыру үшін 45 мың доллар ауадай қажет болып тұр. 24 ақпан 2011, 00:00 9 296 рет қаралды
Бес теңгенің «әлегі» жолақысын өсірмек Қоғам

Бес теңгенің «әлегі» жолақысын өсірмек

Қалалық әкімдіктің транспорт бөлімінің қызметкерлері күтпеген жерден «Рейдке шығамыз!» деген ұсыныс жасады. Алайда, ашық-тесік аялдамаларда суыққа тоңып, оның үстіне жұмыс қүні қызған шақта жолаушыларға кедергі келтіру ешкімді қуанта қоймады. Сондықтан да әңгіменің аяғы  қалалық автобустар маршруттарының тақырыбын қозғаған брифингпен аяқталды. 24 ақпан 2011, 00:00 4 239 рет қаралды
Шыны түтіктегі шарана Қоғам

Шыны түтіктегі шарана

Бұрын бүлдіршін өзінің қайдан пайда болғанын сұраса, әдетте қысылған ата-ана «аһ дегенде аузымнан түстің» немесе «құс әкеліп тастады» деп жататын. Енді «шыны түтіктен пайда болдың» деген жауапты да айтуы мүмкін. 2010 жылы алматылық дәрігерлердің шеберліктерінің арқасында пайда болған 60-тан аса атыраулық сәби дүниеге келген. «АЖ» сұрақтарына «ЭКО» алматылық экстракорпоральды ұрықтандыру орталығының директоры Тамара ЖҮСІПАЛИЕВА жауап берді. 23 ақпан 2011, 00:00 7 734 рет қаралды
«Даму-Көмек» мүгедектерді қолдайды Қоғам

«Даму-Көмек» мүгедектерді қолдайды

«Біздің «Өмір гүлі» ұжымында музыканттар да, әншілер де, бишілер де бар. Жаңадан жұмыс жасай бастағанымызда 15 адам болды, ал бір жылдан соң 40 адам болдық. Мектептерге, колледждерге, Жасөспірімдер үйіне, «Ақбота» балалар үйіне және т.б. жерлерге үнемі өнерімізді көрсетеміз. Екі айда бір рет қалалық мәдениет үйлеріне міндетті түрде концерт беріп тұрамыз», - дейді мүгедектер ансамблінің жетекшісі Таня ЖАКУПОВА өз жұмысы туралы құлшыныспен әңгімелеп. Мұның бәрін олар қай уақытта үлгереді екен деп таң қаламын. Мүгедектер туралы сөз қозғалса, көз алдыңа мүмкіндіктері шектеулі ғаріп жандар елестей кетеді ғой. Алайда Таня ондай жандардың қатарынан емес. 23 ақпан 2011, 00:00 4 387 рет қаралды
Жер телімі әлі де талайға арман Қоғам

Жер телімі әлі де талайға арман

Шабандап қалған тізбекті кезек Тегін жер алу үшін кезекте бес-алты жыл, тіпті, одан да көп жылдар бойына тұрған адамдар кезектің қалай болғанда да жылжуы тиіс екендігін біледі. Атырауда жылына қанша жер учаскесі берілсе, кезек те сонша алға жылжуы тиіс қой. 23 ақпан 2011, 00:00 7 970 рет қаралды
Жайықтағы із кесу Қоғам

Жайықтағы із кесу

Полицей бекетінен жиырма метр жерде жылы камуфляж киген бір топ адам үкіден ау қайырып жатып, «Түс, балығым, түс, - деген сөздерді айтқан болар... Өткен сенбіде «АЖ» тілшісі Жайық сағасына барып, браконьерліктің бұрынғыша өркендеп жатқандығына көз жеткізіп қайтты. 23 ақпан 2011, 00:00 4 809 рет қаралды
Қоянжырық қайдан пайда болады? Қоғам

Қоянжырық қайдан пайда болады?

Облыста іштей туа біткен ерін, қызыл иек, қатты және жұмсақ таңдай жарығымен туылған балалар саны соңғы мәлімет бойынша 172-ге жетіпті. Халық арасында ондай белгілерді «қоянжырық» және «қасқыр ауыз» деп атайтыны аян. Алайда, қаламыздағы бас балалар стоматологы Таласбай ОРАЗБАЕВ «осындай аномальді даму белгісін олай атауға мүлдем болмайды, бұл ота жасатып, оңалып шыққан балалардың және олардың аналарының жанын қайта жаралайды» дейді. Ал облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ айтуынша, мұндай іштей туа біткен ақауларды нәресте жарық дүниеге келмей тұрып УЗИ-дің көмегімен алдын алуға болады екен. Қалай дейсіз ғой? Жүкті әйелдерге түсік жасатуға ұсыныс беру арқылы.  18 ақпан 2011, 00:00 30 718 рет қаралды
Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды Қоғам

Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды

Мақат аудандық сотының тәжірибесінде алғаш рет медицина қызметкеріне қатысты бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылды. Фельдшер М.Айтуаров бір жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. 17 ақпан 2011, 00:00 7 351 рет қаралды
Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар Қоғам

Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар

2010 жылы Қазақстанда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балалар үшін 88,5 мың орын дайын болды, осылайша, балабақшамен қамту 41,6%құрады. Бұл мәліметтерді ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің алқа мәжілісінде министр Бақытжан Жұмағұлов жария етті. Оның баяндамасында Атырау облысы мектепке дейінгі мекемелерде балаларды орынмен қамту жоспарын толығымен орындады деп атап өтілді. 17 ақпан 2011, 00:00 4 763 рет қаралды
Қоғам

Жаңа жүйемен жылытылатын нысандар мекен-жайы белгіленді

Естеріңізде болса,  биылдан бастап бүкіл республика бойынша автоматтандырылған жылыту пунктерін қондыру жобасының енгізілетіні жайлы газет бетінде жарияланған болатын («ЖС», №4, 27-қаңтар, 2011ж. «Жылуды үнемдеу жолдары табылды»). Бүгінде олардың Атырау қаласында қандай нысандарда қойылатыны анықталып отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 3 943 рет қаралды
Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі Қоғам

Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі

- Ой, мен жеңіл жүрісті кәсіп қылып боп жүрген кезімде не болмады дейсің... – деп әңгімесін бастады Зарина қалың кекілін сілкіп жіберіп. – Қалай болғанының бәрін айтып беремін, тек сіз мені суретке түсіріп алмаңыз. Өзіңіз де түсінесіз ғой, мені суреттемеңіз де... Заринаның жанында өзін Лена тәтеймін деп таныстырған тағы бір әйел отырды. Ол сағатпен пәтерді жалға береді екен. «Журналист танысың болған қандай жақсы, - деп көзін қысып қойды тәтей. – Сонымен нені білгіңіз келеді? – деді аяғын айқастырған ол.- Сұрақтарыңды айта ғой...». Ал жалпы, бастапқыда менің мақаламның тақырыбы «СПИД орталығының достық кабинеті» деген болатын. Сонымен... 10 ақпан 2011, 00:00 26 572 рет қаралды
Кешкі мектептегі күйкі тірлік Қоғам

Кешкі мектептегі күйкі тірлік

«Большая перемена» атты комедиялық фильм бәріңіздің есіңізде болар. Жұмысшы жастарға арналған кешкі мектепте әкесі мен қызы, ерлі-зайыптылар оқитын еді ғой. Тіпті аты шулы ересек оқушы Ганжаның жары өзіне мұғалім болатынын да қайдан ұмытайық. Ал өзінен дардай үлкен әрі түйдей құрдас болып келетін оқушыларының оқу үлгерімімен бірге, тәртібін түзеймін деп алысқан оқытушы ағай ше? Байғұстың әбден қиналғаны көз алдымызда... Дәл осындай оқиғаға ұқсас келетін жағдай бүгінде Атырауда да бар. Бірақ, ол кинодағыдай күлкіге құрылған емес. Күйініш пен өкініштен тұрады. 10 ақпан 2011, 00:00 10 088 рет қаралды
«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар Қоғам

«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар

Экологиялық және әлеуметтік проблемаларына байланысты қоныс аударған Мақат ауданының Комсомол, Бек Бике, Қошқар ауылдары көшінің соңы айқай-шуға ұласты. Көшірілген ауылдардың бірі Қошқар кентінің 11 отбасы мына қақаған қыста баспанасыз тентіреп жүр. Облыстық әкімдіктегілер олардың шынымен үйсіз жүргеніне күмәнмен қарайды. 10 ақпан 2011, 00:00 5 307 рет қаралды
Құлшылық ету жұмысқа кедергі ме? Қоғам

Құлшылық ету жұмысқа кедергі ме?

Редакцияға Қашағандағы «Д» аралында жұмыс істеп жатқан «Aker Solutions» компаниясының бірқатар қызметкерлері хабарласты. Олар өздеріне белгілі бір уақытта намаз оқуға тыйым салынғандығына наразылықтарын білдірді. 9 ақпан 2011, 00:00 12 231 рет қаралды
Емші қатерлі ісікті емдей алмайды Қоғам

Емші қатерлі ісікті емдей алмайды

Облысымызда  жыл санап қатерлі ісік дертіне шалдыққандар қатары өсіп барады. Тек өткен жылдың қорытындысы бойынша 687 адам  ауырса,  2009 жылы олардың саны – 648 болған. Ал республика бойынша жалпы санды атаудың өзі қорқынышты- 28 мың адам. 3 ақпан 2011, 00:00 6 997 рет қаралды
Халықаралық олипиададан жүлдемен оралды Қоғам

Халықаралық олипиададан жүлдемен оралды

Қаңтардың 12-сі мен 22-сі аралығында Кипр мемлекетінің Паралимний қаласында дәстүрлі халықаралық рейтингілік олимпиадасы өткен болатын. Оған қатысқан атыраулық қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушылары тағы да жүлдемен оралды. 27 қаңтар 2011, 00:00 5 578 рет қаралды
Сәбилерге екпе салу керек пе? Қоғам

Сәбилерге екпе салу керек пе?

Атыраулық аналарды соңғы кезде облыста жаңа туған жас нерестелердің арасындағы түрлі патологиялық аурулардың жиілеп бара жатқаны алаңдатады. Олардың кейбірі бұған жас нәрестелерге салынатын екпелердің әсері болуы мүмкін деп күдіктенеді. Бірақ облыстық перзентхана дәргерлері бұл болжаммен келіспейтіндерін айтады. 26 қаңтар 2011, 00:00 33 814 рет қаралды
Мұнайлы астанадағы жетімдер үлесі  Қоғам

Мұнайлы астанадағы жетімдер үлесі

Жыл сайын  Атыраудағы қалалық  орта мектептерді ондаған   жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөсіпірімдер бітіріп шығады. Олардың ары қарайғы тағдыр-талайы қалай жалғасын табады? Әдетте жетімдердің өмір жолы маңдайға жазылғандай анық, яғни балалар үйі, одан соң оларды тездеп орта білім беретін кәсіби колледждер мен лицейлерге орналастырып жіберуге тырысады, кейбірі жоғары оқу орындарына түсіп жатады.  Әне-міне дегенше жастар ер етіп, 23 –ке келеді. Шынын айтқанда қорғансыз балалар үшін бұл сан құлаққа жазадай естілуі мүмкін. Өйткені, осы жасқа дейін ғана олар мемлекеттен бөлінетін пәтерге ие бола алады. Ал 23-тен кейін олар ешкімге керек емес... 13 қаңтар 2011, 00:00 13 077 рет қаралды
Маршрут үшін төленетін ақы қалай белгіленеді? Қоғам

Маршрут үшін төленетін ақы қалай белгіленеді?

Жақында редакциямызға бүкіл қаланың маршруттарының кассирлері мен көлік жүргізушілері атынан келіп тұрмын деп Гуля Сұлтанғалиева есімді әйел келді. Ол қаладағы жолаушылар көлігінде кассир болып жұмыс істейді екен. 13 қаңтар 2011, 00:00 4 974 рет қаралды
ГЕОЛОГТАР ҮЛЕС ДӘМЕТЕДІ Қоғам

ГЕОЛОГТАР ҮЛЕС ДӘМЕТЕДІ

Бір топ атыраулық ардагер геолог-барлаушылар өткен жылы премьер-министр К.Мәсімов пен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы президенті Қайыргелді Қабылдинның атына хат жолдап, акционер қатарына енгізуді талап етті. Геологтар бұл талаптарын бұған дейін де бірталай лауазымды тұлғаларға жолдаған екен. 12 қаңтар 2011, 00:00 6 993 рет қаралды
Қоғам

Балқұдықтықтар үшін Кедендік Одақ мазақ пен азап болғаны ма?

Бәлкім Кедендік одақтың  (КО) біз әзірге сезіне қоймаған көптеген жақсы жақтары болар. Алайда, Құрманғазы ауданы, Балқұдық селосы тұрғындарының енді неге екені белгісіз Қазақстан-Ресей шекарасынан өту мүмкіндігі жоқ.  12 қаңтар 2011, 00:00 5 195 рет қаралды
Темір тордағы жаңажылдық көңіл-күй Қоғам

Темір тордағы жаңажылдық көңіл-күй

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінде қазір 272 әйел жаза мерзімдерін өтеуде. Олар Қоян жылынан бір-ақ нәрсе күтеді. Ол – рақымшылыққа (амнистияға) ілігіп, туған үйлеріне оралу, бауырлары мен бала-шағасының қасында болу. 6 қаңтар 2011, 00:00 5 536 рет қаралды
Қоғам

Әскери Жаңа жыл немесе«Сау болыңыз, Мэри Поппинс»

Жаңа жыл отбасымен қарсы алатын мерекеге айналған. Әскерде де солай – оны өзіңнің жаңа «отбасыңмен» қарсы аласың. Қаласаң да, қаламасаң да солай ету керек. Біз әртүрлі уақытта жедел әскери борышын өткерген оқырмандарымыздан осы мерекені қалай қарсы алғандарын сұрастырған едік. 6 қаңтар 2011, 00:00 5 014 рет қаралды
Баспанасыз қаңғып жүр... талай қазақ баласы Қоғам

Баспанасыз қаңғып жүр... талай қазақ баласы

Біз елімізге сырттан келген шетелдік мамандардың беделді компанияларда тәуір жұмыспен қамтылуымен қоймай, олардың американдық қалашық секілді көркем аудандардан баспанамен де қамтамасыз етілетінін көргенде ішіміз удай ашып, іштей тынамыз. Себебі, олардың алатын жалақысы күнделікті тамағы мен еліндегі отбасын асыруға ғана емес, пәтер жалдап тұруға да жетіп артылады. Ал біздің отандық мамандар шетелге шығып жұмыс істеу түгіл, Қазақстанның өзге облыстарында жұмыс іздеп барғанда тиімді бағаға қолайлы баспана іздеп әуре. Онысы табылса, кәне?... Өзге өңірге шықпай-ақ, өз қаласында сандалып жүрген жандар қаншама? 6 қаңтар 2011, 00:00 7 995 рет қаралды