Атырау, 8 қазан 05:53
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

«Ақ ботадағы» сәбилерді мектепке дайындамақ

3 314 просмотра

«Ақ бота» балалар үйінің бүлдіршіндері күшейтілген бағдарлама бойынша мектепке дайындалатын болады. Олармен аптасына үш рет қосымша сабақтар өткізілмек.

 «2006 жылдан бастап біз интернат мекемелерінің жасөспірімдерімен бірге ерте кәсіби бейімділік жобасы бойынша жұмыс істеп, тек 14-17 жастағы балаларға баса назар аударылатынын байқадық. Ол түсінікті де, өйткені бұл мектеп бітіретін өтпелі қиын кезең, олар өмірдегі өз орындарын анықтап, мамандық таңдаулары тиіс. Алайда назар аударып, қолдау жасауды қажет ететін басқа балалар да бар, олар – мектеп алдындағы және ерте мектеп жасындағы балақайлар. Олар отбасы бар құрдастарына қарағанда, көпшіл емес, мектепке дайындықтары да әлсіз болады»,- деп әңгімелейді «Жастар жетістігі» білім беру орталығының бағдарламалар үйлестірушісі Кристина ШИЛЬМАН. Жасөспірімдердің басында болатын проблемалар осы ерте балалық шақтан басталады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, жабық типтегі интернат мекемелеріндегі балаларға оқу қиынға соғып жатады, олар көбінесе екінші жылға қалады. Психологтар мұны интернатқа келуге себеп болған жайттардың салдарынан: ата-аналардың ішімдікке салынуынан, туған адамдарының жоқтығынан, лайықты назар аударылмаудан және т.б. орын алып жатады деп есептейді. Қазына мекемесінде болу олардың мүмкіндіктерін арттырмайды. Сондықтан білім беру орталығының қызметкерлері интернат мекемелеріндегі балаларды мектепке жақсы дайындау үшін көмектесуді ұйғарған. Таңдау «Ақ бота» балалар үйіне түскен. №1 интернатта бүлдіршіндер аса көп емес, оның үстіне олар сол жерде оқиды. Ал балалар үйінде 20 кішкентай сәби бар, оларға №9 мектепте оқуға және әдеттегі отбасы бар балалармен білім сапасы жағынан бәсекелесуге тура келеді.

Балаларды дайындау жобасы бір жылға есептелген. Оған «Ақ ботадағы» 4-7 жастағы балалар қатысады. Алайда әуелі тәрбиешілердің өздері мен оқытушыларды дайындау қажет. Балалар үйінің тәрбиешілері, психологы, №9 мектеп мұғалімдері мен психологы арнайы курстардан өтеді. Олармен логопед те жұмыс істейді. «Мұндай білім тек балалар үйінің тәрбиешілеріне ғана емес, әдеттегі мектеп мұғалімдері үшін де өте қажет. Кәдімгі мектептің өзінің де қиын оқушылары, бейберекет отбасынан шыққан балалар болады. Көбінесе адамдар өздерінің қиындықтарын жасырады. Сырты бүтін, іші түтін боп жататын отбасылар бар. Бұл міндетті түрде балаға, оның оқу үлгеріміне, сыныптастарымен қарым-қатынасына әсерін тигізеді», - деп сендіреді К.Шильман.

Балалар мектепке қарапайым бағдарлама бойынша дайындалатын болады. Аптасына үш рет мамандар материалды анағұрлым түсінікті, ойын түрінде үйрететін болады. Олардың қандай жетістікке жететінін бір жылдан кейін білетін боламыз.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА     

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.