Атырау, 26 желтоқсан 13:04
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Әскери Жаңа жыл немесе«Сау болыңыз, Мэри Поппинс»

4 671 просмотра

Жаңа жыл отбасымен қарсы алатын мерекеге айналған. Әскерде де солай – оны өзіңнің жаңа «отбасыңмен» қарсы аласың. Қаласаң да, қаламасаң да солай ету керек. Біз әртүрлі уақытта жедел әскери борышын өткерген оқырмандарымыздан осы мерекені қалай қарсы алғандарын сұрастырған едік.

Игорь ИЗОПОВ, құрылыс батальоны1982-84 ж.ж.

«Мен Смоленск облысының Гагарин қаласында әскери борышымды өткердім – Алғашқы ғарышкер қаза болғаннан кейін 1968 жылы Гжатск қаласын осылай атаған еді. Бөлімшеде казармалық емес, бұрын әскер қатарына шақырылған кезде кем дегенде бір рет болса да түрмеде болып үлгерген кавказдық сарбаздар тобы орнатқан зонадағыдай тәртіп болатын.

Өзімнің әскердегі алғашқы Жаңа жылым есімде жақсы сақталып қалды. Ол жерде ешқандай Аяз ата мен Ақшақар, ешқандай мерекелік концерт дегендер болған жоқ. Әдеттегідей кешкі ас берді де, сағат 22.00-де ұйқыға жатқызды. Тура сағат 12-де керуетімізден тұрмастан жігіттер жәйлап қана бір үзім батонды бір-бірімізбен «қағыстырып», сол мезет жеп алған едік.

«Дедтар» сол уақытта теледидар көріп жатты, көгілдір экран екінші ярустағы орнымнан көрініп тұрды. Мереке түні «Сау болыңыз, Мэри Поппинс» деген кинофильм жүріп жатты, бұл фильм 1983 жылы түсірілген болатын. Маған бұл фильмнің әлі күнге дейін ұнайтыны да сондықтан шығар.

Ал есесіне келесі әскери Жаңа жылда «взлетка» (казармада қатарласқан керуеттер арасындағы орталық жол осылай айтылатын) бойымен «молодойлар» қолдарына көтеріп айналып жүрді...».

Махамбет ТУЛКИНОВ, әуе қорғанысы күштері (Ембі) 1993-95 ж.ж.

«Шамасы, бөлімшеге ұлына әспеттеп алып бара жатқан жаңажылдық сыйлықтарынан баласына ештеңе де жетпейтінін аналардын бәрі бірдей сезе қоймайтын шығар. Әрине, егер ол «дух» болса. Бүкіл тәттілер, азық-түліктер ересек сарбаздарға бұйыратын. Азық-түліктердің бір бөлігі поселкедегі жергілікті тұрғындарға спирттік ішімдіктерге айырбастауға жұмсалатын. Дембельдік 95-ші жылды каптеркада «отбойдан» соң қарсы алдым. Таңертең бірсыпыра ішкеннен кейін ән тыңдағымыз келді. Ұйқыларынан оятып, сапқа тұрғызылған «молодойлардан» хор құрала қалды. Несі бар? Кезінде менің де әскерге алғаш келген кезім «дедтар» мен масаң офицерлік құрамның жаңажылдық сауығына айналған болатын».

Марат ТӨЛЕШЕВ, ішкі әскер (Қарағанды) 2000-2002

«Біз, яғни, қатардағы жауынгерлер үшін ешқандай мереке сезілген жоқ. Ал офицерлер көңіл көтеретін. Жаңа жылдың бірін полктас кезекшінің көмекшісі болып қарсы алғаным есімде. Бірінші қаңтарда таңертеңгі сағат тоғызда командир жеке құрамның дайындығын тексеруді ұйғарды. Шабармандар түске дейін қаланы аралап шапқылап, бірақ ақыры бәрінің басын қосып жинай алмаған болатын».

ҚР ІІМ 5546 әскери бөлімшесінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирдің орынбасарыАтабек САЛИХБАЕВ сендіргендей, Водников поселкесінде орналасқан олардың полкінде Жаңа жылды «жарғы бойынша» атап өтеді екен.

«Мерекелік шараларды өткізу сценарийі алдын ала дайындалады, - дейді ол. – Офицерлер мен олардың отбасылары үшін бал-маскарад, олардың балалары үшін таңертеңгіліктер өткізіледі. Сарбаздар үздік көркемделген казарма бойынша жарыс өткізіпті. Бірінші орынды жедел мақсаттағы батальон иеленген. 31-ші желтоқсанда шырындар мен жемістер қойылған мерекелік кешкі ас жастар бастамасы орталығы дайындаған мерекелік концерт бағдарламасымен жалғасады екен. 

Жаңажылдық костюмдер, көріністер, шоу-бағдарламалар, Ақшақарымен бірге Аяз атаның барлығы бөлімшелер арасындағы жарысу әдісімен өткізіледі. Осы мереке күндері бірқалыпты сұрқай күндерді түрлендіруге тырысамыз. «Отбой» түнгі бірде болады, тиісінше ұйқыдан тұру уақыты да сәл кейіндеу болады. Ешқандай спирттік ішімдік ішілмейді, өйткені, бұл - төтенше жағдай.

Әскери қызметкерлердің бір бөлігі 2011 жылды қала көшелерін күзетіп, қоғамдық тәртіпті қорғаумен, сондай-ақ 66-шы колонияны қарауылдап қарсы алмақ. Жеке оларды полк командирі Жұмахановтың өзі күзет мұнарасына көтеріліп құттықтайтын болады. Олардың барлығы мерекені сәл кейіндеу, әскери кезекшіліктен демалған соң атап өтетін болады.

Жаңа жыл құтты болсын, әскери қызметкерлер!

Лев ГУЗИКОВ

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.