Атырау, 21 желтоқсан 13:19
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Кешенді тестілеуден өтеді Сұрақ-жауап

Кешенді тестілеуден өтеді

- Биылғы жылы менің қызым политехникалық колледжді бітіреді. Қазіргі кезде олар мемлекеттік емтихан тапсырып жатыр, артынан диплом жұмысын қорғайтын болады. Көктемде бізге колледж түлектері жоғары оқу орнына тапсыру барысында енді әңгімелесудің орнына кешенді тестілеу тапсырады деген еді, сол рас па? 20 маусым 2012, 19:19 3 830 рет қаралды
Әттеген-айы көп әткеншек Сұрақ-жауап

Әттеген-айы көп әткеншек

- Біз тұратын Лесхоз ықшам ауданындағы 40-шы үйдің ауласына  қыстың күні балалар алаңын орнатқан еді. Алайда, темір әткеншектің   қазығына цементті желтоқсанда құйғаннан ба, бетон өте сапасыз болып шықты. Қазір жан-жаққа жарылып, бөлініп қалды. Ал, әткеншектің өзі бір жағына қарай қисайып жатыр. Оны қайта монтаждаумен кім айналыспақ? 6 маусым 2012, 17:47 4 303 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Арнайы аймақтың талабы қатал

– Қарабатан кен орыны аумағында арнайы экономикалық аймақ ретінде полиэтилен және  полипропилен өндірісі бойынша газ-химия кешені құрылғаны мәлім. Менің білуімше, осы аймақта жұмыс жасайтын  барлық кәсіпорындар кеден  заңдылықтары бойынша нақты бір жеңілдіктерге ие. Біздің кәсіпорынымыз да газ-химиялық кешені серіктестерінің қатарына енгісі келеді. Ол үшін  үміткерлерге қандай талаптар қойылатынын және қандай жеңілдіктерге үміт артуға болатынын білсем деймін. 6 маусым 2012, 17:48 2 360 рет қаралды
Таң қалдырған телефон Сұрақ-жауап

Таң қалдырған телефон

– Менің үй телефоным «нөмірді анықтау» қызметіне қосылған  еді. Соңғы кездері бір таң қалатындай жайтты байқадым. Телефон қоңырауы келген кезде анықтауышта  менің өз нөмірім  шығып тұрады. Қоңырауға жауап берген уақытта тұтқада музыка ойнайды. Бұл нені білдіреді? Бәлкім, бұл телефон алаяқтары немесе интернет–қоңыраулар шығар? 6 маусым 2012, 17:50 2 075 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Пәтер иесіз қалмасын

- Жақында пәтерімізге 5-қабатта тұратын көршілерімізден су кетті. Сол кезде олар үйлерінде болмаған еді. Тұрба бойындағы бүкіл суды тоқтатып тастауға тура келді, нәтижесінде подъезд тұрғындары сусыз қалды. Содан бері бірнеше күн өтті, бірақ көршілеріміз ақыры келмеді, телефон қоңырауына да жауап берген жоқ, шамасы демалуға кеткен болса керек. Олардың қашан келетіні белгісіз, мүмкін бүкіл жаз бойына болмайтын шығар. Енді шынымен де біздің подъезд үнемі сусыз отырмақ па? Көп су кеткен немесе басқа да оқыс жағдай болғанда, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет өкілдері  немесе учаскелік полицейлер куәгерлердің және ПИК өкілдерінің қатысуымен есікті аша ала ма? Егер аша алса, процедурасы қандай, егер болмаса, неліктен жоқ? 30 мамыр 2012, 17:29 2 613 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тағы да тариф туралы

- Энергожабдықтау ұйымдарының дифференциалды ережесінде электр энергиясының тәулік аймағы тарифтері бойынша және оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне байланысты «электр плитасын қолданбайтын жасына қарай жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, Отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілген тұлғалар» деген санат бар. Бұл санаттағылар үшін жекеленген тарифтер ұсынылады. Мен өзімнің электр энергиясы үшін ақы төлейтін учаскемде осы санатқа кімдер жататындығын білгім келген, алайда, ондағылар маған әзірге ол туралы ешқандай түсініктер берілмегендігін айтты. Мен зейнеткермін, қызымның атындағы пәтерге тіркеліп, тұрып жатырмын, мен осы жеңілдікті пайдалана алам ба? 30 мамыр 2012, 17:32 2 525 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балалардың жұмыс сағаты шектеулі

- 16 жастағы ұлым каникул кезінде тиын-тебен тапқысы келеді. Бірақ оны жұмысқа тек даяшы немесе қарауыл ретінде ғана алады. Екеуі де кешкі немесе түнгі уақыттағы жұмыстар. Бұл мезгілде жасөспірімдерге жұмыс істеуге болмайды деп естідім. Ал жалпы оларға қашан және неше сағат жұмыс жасауға болады? 23 мамыр 2012, 19:18 4 593 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұл қалай болғаны?

- Қаладағы танымал туристік компаниялардың бірінен Түркияға жолдама алған едік. Құнын толық төлеп болғаннан кейін қолымызға ваучер берді. Келісім-шарт бойынша Түркияда 11 күн мен 10 түн, яғни, 2012 жылдың 16 мамырынан 26-на дейін болуға тиіс едік. Алайда ваучер мен әуе билетін мұқият қарап шыққан соң, отельден бір тәулік бұрын кетуіміз керек екендігін анықтадым. Өйткені әуе билетіне 25-мамырға тапсырыс беріліпті. Туристік фирмаға хабарласқанымызбен, көкейге қонымды жауап ала алмадық. Мұндай жағдайда қандай амал жасауға болады? 23 мамыр 2012, 19:21 2 141 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Коллектордан қорлық көрдік

- Бірнеше жылдан бері біздер тұратын Авангард-4 ықшам ауданындағы  №9, 10, 12 және 13 үйлердің жертөлелері үнемі суға толып қалады. Біз сан мәрте өзіміздің ММ-19 ПИК-не жолыққанымызбен, төраға бұл проблеманың   2003 жылы біздің ауданды асфальттау кезінде бүлінген орталық коллектордың  ақаулығынан туындап отыр дейді. Суға толған жертөлелердің салдарынан подъездер масаға толды, жағымсыз иіс, жазды күндері үйде де, үй маңында да отыру мүмкін емес. Атырау су арнасы өз коллекторын қашан жөндейді? 23 мамыр 2012, 19:23 1 956 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Атыраудағы үйлер сапалы ма?

- Менің қалалық билікке бірнеше сұрағым бар. 1. Авангард 4-ықшам ауданындағы №1 мектеп-интернаттың жанына гүл бағы салынды, ал оған Жеңіс бағы жақтан ғана кіруге болады. Кіретін жерді Владимирский көшесі жақтан ашуға болмай ма? 2. Өткен жылы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Огородный көшесінің маңы да бар. Ал обамен күрес стансасының маңындағы өзеннің қарама-қарсы бетіндегі жыл сайын мүжілетін жағасына нығайту жұмыстары жүргізілген жоқ. Жұмыстар қашан жасалады? 16 мамыр 2012, 21:40 1 932 рет қаралды
Базаны жаңартыңыз Сұрақ-жауап

Базаны жаңартыңыз

- Күйеуім қайтыс болғаннан кейін пәтерді өз атыма қайта рәсімдеп алған едім. Барлық коммуналдық қызметтер түбіртектерді менің атыма жібереді, ал үй кітабын апарсам да жылу қызметкерлерінен түбіртек бұрынғыша күйеуімнің атына келеді. Шынымды айтсам, олардан түбіртектер алу маған моралдық тұрғыда ауыр тиеді. Неліктен олар түбіртектегі мәліметті өзгертпейді? 16 мамыр 2012, 21:42 2 115 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Учаскені сатып ал

- 1994 жылы маған бизнес жасау үшін Құлсарыдан жер учаскесін жалға берген еді. Жалға беру мерзімі 49 жыл. Барлық қажетті құжаттар қолымда. Қазір ұлдарымның атына құжаттарды қайта рәсімдеп, сол жерден жеке үй салғым  келеді. Учаскенің мақсатын қалай өзгерте аламын? 16 мамыр 2012, 21:46 2 430 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұражайға барғымыз келеді

- Біз балам екеуміз бірнеше рет Жилгородоктағы палеонтологиялық мұражайға барғанбыз, алайда, ол қашан барсақ та жабық. Анықтамалық телефон қызметінде  бұл мұражай туралы ешқандай мәліметтер жоқ екендігін  айтады. Мұражайдың телефоны мен жұмыс істеу кестесін қалай табуға болады? 9 мамыр 2012, 15:53 2 232 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Батпақтан - асфальтқа

- Мен жолсеріктер резерві ауданындағы Вагонный көшесінде тұрамын. Көшемізді асфальттау туралы өтінішпен біз ТКШ бөліміне шағымданғанымызға бірінші жыл емес. Шамамен көшенің ұзындығы – 500 метрдей ғана. Жыл сайын көше адам өте алмастай батпаққа айналады. Өткен жылы біздің көшемізді асфальттауды 2011 жылдың жоспарына енгізеді деп уәде еткен болатын, алайда, енгізілмей қалды. Биылғы жылы бұл уәде орындалар ма екен? 9 мамыр 2012, 15:56 2 098 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жазда құбыр құрғап қалады

- Біз Сәтбаев даңғылы бойындағы №32 және 34 үйлерде тұрамыз. Жаз басталысымен бізде сумен жабдықтау  жүйесінде судың көтерілуіне қатысты проблема туындайды, жоғары қабаттағылар тіпті, қақсып қалады. Біздің арамызда орналасқан екі үй насосқа қосылған. Бізді де  насосқа қосу қиын ба? 9 мамыр 2012, 15:58 2 143 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мүлік жағдайы нешік?

- Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу үшін нақты бір мерзімдер белгіленгендігі туралы естідім. Ол мерзімдер қандай және жалпы ондай тіркелуден өту не үшін қажет? Ондай тіркеуден өтпеген болса, қандай келеңсіздіктер туындайды? Одан өту үшін қайда бару керек? 25 сәуір 2012, 19:21 2 378 рет қаралды
Мерзімі өтпейтін жәрдемақы Сұрақ-жауап

Мерзімі өтпейтін жәрдемақы

- Жақында өлі туылған сәбилерге де нәрестенің   дүниеге келуіне байланысты берілетін жәрдемақы төленетінін білдік. Мәселе мынада, біздің тұңғышымыз босану кезінде шетінеп кеткен еді. Екінші сәбиіміз туылған кезде жәрдемақыны рәсімдегенде, бізге ешкім ол туралы айтқан жоқ. Оны қазір ала аламыз ба? 18 сәуір 2012, 19:08 4 101 рет қаралды
Дауласпас үшін түбіртек бермеді Сұрақ-жауап

Дауласпас үшін түбіртек бермеді

– «Атаба» супермаркеттерінің желісінде несиелік карта немесе аудару арқылы сауда жасаған кезде неліктен түбіртек берілмейді? Түбіртек талап еткен соң сатушылар сатып алынған заттардың жалпы сомасы көрсетілген құжатты ғана береді. Онда бағасы көрсетілген барлық тауар тізімі жоқ. Ал, егер қандай да бір тауар сапасыз болып шықса, оны мен дүкенге қандай негізге сүйеніп кері қайтара аламын? 11 сәуір 2012, 17:44 2 363 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шетелдіктерге арналған жәрдемақы

– 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей, Белоруссия және Қазақстан арасында жасалған Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі заң күшіне (одан әрі – Заң) енді.  Осы заңға сәйкес Ресей, Белоруссия және Қазақстан азаматтары қайда тұратынын, қай жерде білім алатындығын, еңбек ететіндігін өз еркімен таңдай алады... 11 сәуір 2012, 17:53 2 587 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Су құбыры қатып тұр

– Махамбет көшесінің жұп қапталында тұратын үйлерде қыстағы аяз күндерінде салқын судың тоқтап қалуы екі жыл қатарынан орын алып келеді. Оған орталық су құбырының қатып қалуы себеп. «Атырау Су Арнасы» КМК диспетчерлік қызметіне шағымданудан ештеңе шықпайды. Сонда бізге енді не істеу керек? 21 наурыз 2012, 13:55 2 249 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Келісім-шартсыз қатынас

– ПИК-пен арадағы келісім–шарт қашанға дейін ұзартылуы тиіс. Өткен жылы мен «Мұхамбет» ПИК қызметі үшін төлейін деп барғанымда, оның жабылып қалғандығы белгілі болды. Мұндай жағдайда төленген төлемдерге қайта есептеу  жүргізілуі керек еді. Мен тұратын үйдің подъезі сирек жиналады, қоқыстар барлық қабатта үйіліп тұрады. ПИК-де маған қоқыстар тек 3-ші қабатқа дейін ғана жиналатындығын  айтты, мен болсам, 5-ші қабатта тұрамын... 21 наурыз 2012, 13:00 2 896 рет қаралды
Кезекке тұрыңдар, бөбектер Сұрақ-жауап

Кезекке тұрыңдар, бөбектер

- Менің қызым қазір 2 жаста. Біз қалалық білім бөліміне балабақшаға орналасу үшін кезекке тіркелгеніміз жоқ. Ал жекеменшік балабақшаға бару қымбатқа соғады.  Осыған орай, көкейде жүрген көп сұрақтарға жауап алғым келеді: бүгінгі күні балабақша кезегіне тіркелген балалардың саны қанша екен? Қалалық білім бөліміне қарасты балабақшалар саны қанша? 14 наурыз 2012, 17:59 3 076 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Өтелген қарыздың қайтарымы жоқ

- Мен «Альянс Банк» 2006 жылы және 2007 жылы ақшалай қарыз алып, қарызынан құтылған адамдарға артық төленген ақшаларын кезінде өтеген борышы дұрыс есептелмей қалған деп артығын кері қайтарып жатыр деп естідім. Біз қарызды осы банктен 2006 жылы алып, одан құтылдық.  Енді  біз де сол ақшадан үмітті бола аламыз ба? 14 наурыз 2012, 18:06 2 281 рет қаралды