Атырау, 21 желтоқсан 13:20
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Еңбек етпесең, елге өкпелеме

– Менің жұмыссыз жүргеніме бір жылдан асты. Өткен жылы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына барғанымда маған осында есепке тұруым керектігін және кейін мені қандай да болмасын бір мамандыққа оқытатындықтарын айтқан еді. 2011 жылдың 11 наурызында мен жұмыссыз ретінде халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) барып (тіркелген нөмірім 02116712) тіркелдім. Бірақ, маған бүгінгі күнге дейін жұмыс не қайта оқыту жөнінде бірде-бір ұсыныс келіп түскен жоқ. Бәлкім, менің деректерім жоғалып кеткен болар? Оны қалай тексеруге болады? 24 қазан 2012, 22:46 3 982 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Өзгенің ақшасы керек емес

– АМУ-нің жаратылыстану факультетінің грантта оқитын студенттерінен стендіге ақша жинауда. Грантта оқитындарды университеттің шығындарын төлеуге неге мәжбүрлейді? Әдетте олар коммерциялық оқу есебімен жабылмай ма? 24 қазан 2012, 22:56 2 093 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сот шешімі болса жарайды

– Мен күйеуіммен 2003 жылы ажырастым, сол кезде қолыма ажырасу жөніндегі сот шешімінің көшірмесін алдым. Енді қазір жаңа некеге тұрғым келеді, бірақ, хал-актілерін тіркеу бөлімінде біздің өтінішімізді алудан бас тартып отыр, өйткені, менде ажырасу жөніндегі куәліктің түпнұсқасы жоқ. Оны қайдан алуға болады?  24 қазан 2012, 23:25 2 346 рет қаралды
Жол келесі жылы болуы мүмкін Сұрақ-жауап

Жол келесі жылы болуы мүмкін

– Біз Атырау қаласының Қайыршақты округінің Томарлы поселкесінде Аманжол Оралов көшесінде тұрамыз. Биыл көшемізге тек қиыршық тастар төгіп, ал асфальтты ақыры төсеген жоқ. Көршілес Жұлдыз және Геолог-2 тұрғын үй массивтеріндегі жолдар асфальтталған.  Біздің көшемізге кезек қашан келеді? 17 қазан 2012, 21:30 2 460 рет қаралды
Тышқаннан құтқарыңдар! Сұрақ-жауап

Тышқаннан құтқарыңдар!

– Біз Балықшыдағы А.Байжігітова көшесіндегі №74 үйде тұрамыз. Бұрын біздің үйіміздің қарсысында өткен жылы күреліп кеткен №72 үй болған еді. Енді күрелген үйдің орнында түзілген құрылыс қоқыстарында пайда болған тышқандар тыныштық берер емес. Оның үстіне жартылай шіріген еден тақтайларынан, линолеумнен, тұрбалардан және т.б. аңқыған сасық иістен тыныстау мүмкін емес. Күрелген үйдің аумағы қашан тазартылады? 10 қазан 2012, 18:37 3 562 рет қаралды
Орталықтың әзірге мөрі жоқ Сұрақ-жауап

Орталықтың әзірге мөрі жоқ

– Мен жер телімін сатып алған едім. Уақытша мемлекеттік актіні тұрақты актіге қайта рәсімдеу үшін Сәтбаев бойындағы халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Бірақ ол жердегілер мөрді ауыстырып жатырмыз деп, құжаттарды қабылдамады. 10 күн өтті, құжаттарды әлі қабылдаған жоқ. Бұған қандай себеп? 10 қазан 2012, 18:42 2 809 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сауықтыру жәрдемақысы жылына бір рет беріледі

– Мен 2011 жылдың қаңтарында химиялық зертханаға жұмысқа орналасқан едім. Алғашқы еңбек демалысымды 2012 жылдың қаңтарында алдым. Демалыс ақысымен бірге маған сауықтыру жәрдемақысын төледі. Сол уақыттан бері 6 ай өтті, мен қайтадан демалысқа шықпақшымын. Бірақ есеп бөліміндегілер биыл алдың деп маған сауықтыру жәрдемақысын аударудан бас тартып отыр. Олардың айтуы дұрыс па? 10 қазан 2012, 18:46 3 285 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Түбіртектегі «түсінбестіктер»

– Судың (салқын сумен қамту жүйесі) бағасына қатысты мәселені анықтап берсеңіздер екен. Былай қарағанда үнемдеу керек дегендей, бұл да дұрыс сияқты. Бірақ бізді үнемі алдауға тырысады. Соның ішінде «Атырау Су Арнасына» қатысты айтқым келіп отыр... 26 қыркүйек 2012, 22:08 1 902 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Берекетсіз көршілер

– Біз Азаттық, 80 мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздегі екі пәтер жарты жылдан бері тәулікпен немесе жеңіл жүрісті қыздарға жалға беріледі. Біз мұндай көршілерден шаршадық. Полицияға шағымданған едік, бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Пәтер қожайыны кешікпей алаңды босататынын айтып уәде берген болатын, бірақ бұдан әрі шыдай алмаймыз. Ұйқысыз түндер, балаларымыз көріп, естіп жүрген тәртіпсіздіктер... тыйылар емес. Көппәтерлі тұрғын үйлерде мұндайға жол беруге бола ма? 26 қыркүйек 2012, 22:09 2 148 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үш ай сусыз отыр

Біз, Запорожский өткелі тұрғындары, сусыз отырғанымызға  3 айдай уақыт болды. Осы уақытқа дейін көшенің басынан тасып әкелеміз. Тозығы жеткен темір тұрбаны пластикалық тұрбаға ауыстырамыз деп ауыз судың берілуін тоқтатқан еді. Күн салқындап, жылу қосатын уақыт та жақындап келеді. Су неге берілмей жатыр? Қашан беріледі? 26 қыркүйек 2012, 22:11 1 974 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Септик үшін де төлеу керек

– Неліктен «Атырау Су Арнасы» жеке сектордан есептегіш бойынша су пайдалану үшін төлемақы алу кезінде тұтынылған текше метр суға сәйкес септик үшін де төлемақы есептейді? Жеке секторда орталық кәріз жүйесі жоқ қой, біз өз септигімізді пайдаланып отырмыз. Ал септик үшін біз ағын суларды сорып алатын ваккум машиналарын жалдап, 3-4 мың теңгеден төлеп отырмыз. 26 қыркүйек 2012, 22:12 2 259 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әкімнің сайты жұмысын қазанда бастайды

 – Шілде айынан бастап Атырау облысы әкімінің блогы жұмыс істемей қалды. Жаңа хабарламалар жарияланбайды, ескісіне жауап ұсынылып отырған жоқ. Блог қандай себептерге байланысты жұмыс істемей қалды? Жалпы  облыстың жаңа әкімінің сайты жұмыс жасайтын бола ма? 19 қыркүйек 2012, 22:52 2 490 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Күреу мерзімі белгісіз

 – Біз Мирный поселкесіндегі Ташкент көшесінде тұрамыз. Көршілер бізге Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жарақтаудың 3-кезеңіне байланысты біздің үйлеріміздің күрелетіндігін айтты. Күрелу мерзімін айтсаңыздар екен? 19 қыркүйек 2012, 22:55 2 077 рет қаралды
«Торды» бассаң болды Сұрақ-жауап

«Торды» бассаң болды

– 50-ден немесе 30-дан басталатын телефон нөмірін теру барысында тұтқадағы гудок бірден пайда болады. Ал, 28, 27, 21-ден басталатын нөмірлерді тергенде гудок бірден шықпайды, кейде тіпті, оны бір минуттап күтуге тура келеді. Бұл немен байланысты?  19 қыркүйек 2012, 23:02 2 249 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Конкурспен қабылданады

– 1 қыркүйектегі жиында директор оқушыларға енді біздің №31 мектеп Назарбаев мектебі болады деп мәлімдеді. Бұл нені білдіреді? Осыған байланысты мектеп әкімшілігін, педагогикалық ұжым мен оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр? Біздің білуімізше, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Нұрсая ықшамауданында салынып жатыр ғой. 12 қыркүйек 2012, 23:41 3 741 рет қаралды
Көлік қызметкерлеріне тыйым бар Сұрақ-жауап

Көлік қызметкерлеріне тыйым бар

– Өткен жұма күні таңертең «Светлана» аялдамасында 6-маршрут кассирінің автобустағы оқушыларға арналған орын саны шектеулі деп, екі оқушыны автобусқа мінгізбегеніне куә болдым. Егер бұл тасымалдау ережесін бұзу болса, қайда шағымданған жөн? 12 қыркүйек 2012, 23:42 2 388 рет қаралды
Туа сала төлқұжат алады Сұрақ-жауап

Туа сала төлқұжат алады

Биыл төлқұжатымды ауыстыруым қажет. Екі сәбиімді де құжатыма тіркеп қойған. Үлкен балам 10 жаста, кішісі 4-те. Оларды менің құжатыма тіркеудің мәні бар ма немесе оларға жеке құжаттар рәсімдейтін уақыт келді ме? Неше жастан бастап балаларда жеке төлқұжат болу керек? 5 қыркүйек 2012, 21:42 2 673 рет қаралды
Міндеттемейміз-ау, ұсынамыз Сұрақ-жауап

Міндеттемейміз-ау, ұсынамыз

Мен 2008 жылы Белоруссиядан «Опель-Агила» маркалы машинасын сатып алған едім. Енді маған ол үшін 12 пайыз қосымша құн салығын төлеу керек. Оны салық қызметінде есептеу үшін мені көліктің құнын бағалатуға Сауда-өнеркәсіптік палатасына жіберді. Ол жердегілер көлікті асыра бағалады: мен оны 885 мың теңгеге сатып алып едім, ал оны 1 млн 600 мың теңгеге бағалады. Сонда қосымша құн салығы 200 мың теңге болады. Неліктен тәуелсіз үш бағалаушыға бағалатып, солардың бағаларының негізінде орташа құнды шығаруға болмайды? 5 қыркүйек 2012, 21:47 2 554 рет қаралды
Зейнетақы мөлшері Сұрақ-жауап

Зейнетақы мөлшері

Зейнеткерлікке шығатын 58 жас та жақындап қалды. Көп жылдан бері 2-топ мүгедегімін, 18 жылдан бері жұмыс жасамаймын.  Мүгедектікке дейін жасаған 20 жыл жұмыс өтілім бар. Жасыма байланысты маған қандай мөлшерде зейнетақы тиесілі? 5 қыркүйек 2012, 22:29 1 934 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Келісім-шартпен байланыс

– Біздің компания Балықшыдағы өзен портынан Теңіз кенішіне дейін жаңа жүк жолын салып жатыр. Жылыой ауданындағы ұялы байланыстарға қатысты Beeline мен Kcell операторларына қояр сұрақтарымыз бар. Ескі Қаратон поселкесінен Қарсақ кенішіне дейін ұялы байланыс мүлдем жоқ. 29 тамыз 2012, 19:48 2 608 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тұрғындар әкімге хат жолдапты

- Запорожский өткелі бойындағы біздің үйлерімізде үнемі су мен электр энергиясына қатысты проблема туындап отырады. Біз бірнеше рет қалалық әкімдіктің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне және «Атырау-Жарық»АҚ басшылығына шағымдандық. Бірақ, әзірге жағдай өзгере қойған жоқ. 22 тамыз 2012, 22:29 3 578 рет қаралды
Сұрақ-жауап

ПИК-ке хабарласыңыз

– Дружба көшесіндегі №2 үйде салқын суға қатысты үнемі проблемалар орын алады. Шілденің шіліңгірінде ыстық суды пайдалану мүмкін емес. Жертөле желілері апатты жағдайда, үйдің сыртындағы канализацияның иісінен терезе аша алмайсың. Бұл қашанғы жалғаспақ? 1 тамыз 2012, 22:04 1 957 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек демалысын ала аласыз

– Мен қала базарларының бірінде кассир боп жұмыс жасаймын. 6 тамызда босануға дейінгі демалысқа кетпекпін. Әр жыл сайын еңбек демалысымды тамызда алатын едім. Енді бұл демалыс жүктілік демалысыммен сәйкес келіп тұр. Маған босанғанға дейінгі және кейінгі демалыстар төлене ме? 1 тамыз 2012, 22:14 3 691 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Коллектор жұмыс істеп тұр

– Қаженбаев көшесіндегі 1, 2, 3-үйлердің ауласында канализацияға қатысты қыстан бері проблемалар орын алып келеді, аула үнемі лас суларға толады. Санэпидқызмет қайда қарап отыр? «АСА»-дағылар тек көмектесуге уәде береді. Облыс әкімінің блогынан жауап келтірейік: «2012 жылдың 8 мамырында «Атырау Су Арнасы» КМК-ның канализациялық жүйелерді пайдалану қызметі Қаженбаев 1, 2, 3-үйлердің ауласындағы өздігінен ағатын коллекторларды тазарту жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде канализациялық коллекторлар аталмыш аудандарда қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр». Бірақ бұл олай емес! 1 тамыз 2012, 22:17 2 053 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтаманы сот арқылы алуға болады

– Менің қызым декреттік демалысқа шыққанға дейін 7 ай бойы «Көктем» базарындағы жиһаз бөлімінде сатушы болып жұмыс жасады. Есеп-қисап жұмысын жасап, оны интернет бойынша жіберіп отырды. Декреттік құжаттарын дайындау барысында мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы одан жұмыс орнынан анықтама сұратқан, ал дүкен қожайыны оны беруден бас тартты, өйткені, ондай жағдайда салық органдарына қатысты проблемалар (ол еңбек шартын жасамаған және әлеуметтік жарналарды аудармаған) туындап қалмақшы. Мұндай жағдайда  біз не істей аламыз? Оның жұмыс істегенін қалай дәлелдейміз? 11 шілде 2012, 19:05 1 915 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кедергіні кім салады?

– Біз Құнанбаев көшесі, 30-үй мекен-жайында тұрамыз. Үйіміздің қарсы алдында (Оң жақ Перетаска) жолдың ар жағында аялдама мен жүргізушілер тіптен елемейтін жаяу жүргінші өткелі бар. Күн сайын дерлік жүргіншілер өткелінен жүргіншілерді қағып кетеді. Біз балаларымыз үшін қорқып, жолдан өзіміз өткізіп жібереміз. Өткен жылы көз алдымда бір қызды, ал кейін, сәбилі әйелді қағып кетті. Биыл екі ай бұрын көз алдымда бір машина жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан бір баланы қақты. Бірнеше апта бұрын таңғы сағат 5-те өте жоғары жылдамдықпен келе жатқан машина электр тарату бағанына соғысты. Жаяу жүргіншілер өткелінің екі жағынан және №6 мектептің алдынан міндетті түрде жол кедергісін салу керек. Мұнымен кім айналысуы тиіс? 4 шілде 2012, 17:30 1 942 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алдымен айыппұл

– Менің бұрынғы келінім екінші мәрте тұрмысқа шығып, үлкен ұлын – менің немеремді тіптен қараусыз қалдырды. Немерем үйден бірнеше рет қашып кетіпті, ал көршілер оны мас күйде көргендерін айтады. Оның жасы бар болғаны 14-те. Ал менің ақыл-кеңесіме келінім елең етпейді. Бәлкім, мұндай аналар үшін жаза бар шығар? Әрине, ата-аналық құқығынан айыру емес, бірақ ықпалы тиетін жаза болар ма екен? 4 шілде 2012, 17:31 1 804 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салық барлық жерде бірдей

- Мен Индер ауданында тұрамын. Индер ауданы мен қалада жеңіл автокөліктің двигатель көлемі үшін алынатын салық мөлшері екі түрлі. Мәселен, Индерде көлемі 2 000 текше см двигатель үшін 14 094 теңге, 2 500 текше см двигательге 13 208 теңге сұрап тұр. Қалада 2 000-2 500 текше см двигатель көлемі үшін 9 708 теңге салық мөлшерін алады екен. Сонда индерлік салықшылар бағаны өздері өсіріп отыр ма? 27 маусым 2012, 19:45 2 254 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көлік жүргізу - арманым

- Менің бауырым 1-топ мүгедегі. Екі аяғынан жарақат алып, мүгедектік арбаға отырды. Қазір Астанада ем алып жатыр. Ол өзі көлік жүргізгісі келеді. Ал өздігінен автомектепке баратын жағдайы жоқ. Осыған байланысты білейін дегенім, 1-топ мүгедектеріне мұндай жағдайда көлік жүргізу куәлігі қалай беріледі? Оларды оқытатын арнайы мектеп бола ма?  27 маусым 2012, 19:50 2 310 рет қаралды