Атырау, 19 тамыз 09:34
 дождьВ Атырау +22.5
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Жазғы лагерьдегі жөндеу Басқа жаңалықтар

Жазғы лагерьдегі жөндеу

Индер ауданы Елтай ауылынан 3 шақырым жерде орналасқан «Жас Өркен» жазғы лагері бір ауысымда 170 балаға дейін қабылдайды. Алайда биыл маусым айында бала қабылдай алмайды. Қазір бұл жерде қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты кәсіпорын жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сурет 5 маусым 2019, 12:54 4 382 рет қаралды
«Болашақтан» жағымды хабар Басқа жаңалықтар

«Болашақтан» жағымды хабар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Болашақ» зауытына сапары кезінде NCOC компаниясының басқарушы директоры Ричард ХОУВ бүгінде өндіріс көлемі зауытқа және теңіз кешеніне жүргізілген алғашқы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін рекордтық деңгейге - тәулігіне 370 мың баррельге жеткені туралы мәлімдеді. 5 маусым 2019, 09:59 3 360 рет қаралды
Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда: экспаттар мен жергілікті жұмысшылардың жалақысы, балықтың жаппай қырылуы және басқа да мәселелер туралы Басқа жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда: экспаттар мен жергілікті жұмысшылардың жалақысы, балықтың жаппай қырылуы және басқа да мәселелер туралы

Бүгін, 4 маусымда ҚР президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Атырауға келген жұмыс сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесті. Кездесуді «Келу мақсатым – Атырау облысы тұрғындарын қандай мәселелер алаңдататынын білу» деген сөзбен бастаған ол жергілікті тұрғындарды шынымен де мазалайтын бірқатар мәселелерді атады. Оның сөзін дайындап беретіндер текке нан жеп отырған жоқ екен. Сурет Бейнежазба 4 маусым 2019, 15:42 5 467 рет қаралды
Жедел жәрдемнің бір күні Басқа жаңалықтар

Жедел жәрдемнің бір күні

Жаныңнан дабылы қосылған жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатса, кімнің жағдайы нашарлап қалды екен, туысқаныңыз, досыңыз немесе танысыңыз емес пе екен деп, кәдімгідей алаңдап қаласың. Қала кішкентай ғой. Мұны ішінен түсіну үшін «АЖ» тілшісі екі күн бойы шұғыл шақыртуларға шығатын дәрігерлердің күнделікті тынымсыз тірлігімен танысқан еді. Сурет Бейнежазба 4 маусым 2019, 17:44 8 203 рет қаралды
Үш құты сыра мен әлеуметтік желілердің құдіреті Басқа жаңалықтар

Үш құты сыра мен әлеуметтік желілердің құдіреті

Атырауда екі күндік «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу шарасы өтті: полицейлер сағат 22-ден кейін ойын-сауық орындарында және көшелерде ересектерсіз жүрген кәмелетке толмаған балаларды анықтады. Рейдке «АЖ» тілшісі де бірге шыққан еді. Сурет Бейнежазба 4 маусым 2019, 11:31 3 399 рет қаралды
Сүйіндікте қанша қой қырылды? Басқа жаңалықтар

Сүйіндікте қанша қой қырылды?

Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы аттас шаруа қожалығында сәуір айынан бері еділбай тұқымды қойлар жаппай қырылды. Бастапқыда жергілікті ветеринарлар мұны  шешек деп жорамалдаған. Алайда жіберген сынаманы зерттеген ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары мұны растамады. Бүгінде малдың неден опат болғаны белгісіз, бастысы әр тарап әр түрлі сан айтады: жергілікті билік тек 50 шақты қой өлді десе, кейбір ақпарат көздері 2 мың бас шығын бар дейді. 3 маусым 2019, 18:16 6 719 рет қаралды
Қаламқас қасымызда Экология

Қаламқас қасымызда

Биыл 13 наурызда Маңғыстау облысының Қаламқас кенішінде ұңғымалардың бірін бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылады. Ал 22 мамырда су-газ қоспасы (грифон) қайта атқылап, қоршаған ортаға орасан зор зиянын тигізді. Грифонның қаупі қандай және Атырау өңіріндегі мұндай төтенше жағдайдың болу ықтималдылығы қаншалықты жоғары? 3 маусым 2019, 18:00 5 090 рет қаралды
Атыраудың күш құрылымдары цифрмен де дос емес Басқа жаңалықтар

Атыраудың күш құрылымдары цифрмен де дос емес

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ құқыққорғау органдарын цифрландыру жөніндегі ведомоствоаралық комиссия отырысын өткізді. Кездесу жылышырай атмосферада өтпеді. Мысалы, басқа аймақтармен салыстырғанда техникалық тұрғыда жақсы жарақталғанына қарамастан Атыраудағы күш құрылымдары электроника бойынша артта қалып отыр. Сурет 3 маусым 2019, 16:16 3 704 рет қаралды
Атырауда 20 шақты балаға шеру кезінде күн тиген Басқа жаңалықтар

Атырауда 20 шақты балаға шеру кезінде күн тиген

Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, олар өздерін нашар сезініп, мұрындарынан қан кеткен. Зардап шегушілерге медициналық көмек көрсетілді. Толықтырылды Сурет 1 маусым 2019, 14:26 3 872 рет қаралды
Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды Басқа жаңалықтар

Атырауда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Бүгін Атырау тұрғындары мен мекеме ұжымдары Жеңіс саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін жылдары солақай саясаттың құрбанына айналып, қудаланған жазықсыз жандарды еске алды. Сурет 1 маусым 2019, 10:06 3 564 рет қаралды
Фин медбикелерінің жалақысы жоғары Басқа жаңалықтар

Фин медбикелерінің жалақысы жоғары

Финляндиялық медбикелер Ханнеел ТИТТАНЕН мен Марио ПАЛОВАРА Атырау жерінде бір апта болып, жергілікті медколледж оқытушылары үшін курстар ұйымдастырды. Олармен тілдескен «АЖ» тілшісі ол жақтағы медбикелердің мәртебесі дәрігерлерден кем түспейтінін, ал жалақылары біздегіден 15 есе жоғары екенін білді. 31 мамыр 2019, 15:20 3 443 рет қаралды
Мақатта су резервуарына мәдени орталық салынады Басқа жаңалықтар

Мақатта су резервуарына мәдени орталық салынады

Атырауда құны 3,8 млрд теңге болатын киноконцерт залының құрылысы аяқталар емес. Ал Мақат ауданында 154 миллион теңгеге «концерт-көрме» залының құрылысын қолға алған. Мәдени нысан сыйымдылығы бірнеше мың текше метр болатын, пайдаланылмай тұрған ауыз суға арналған резервуардың ішіне салынады. 31 мамыр 2019, 11:39 3 551 рет қаралды
Бостандықта пайдаға асар кәсіп Басқа жаңалықтар

Бостандықта пайдаға асар кәсіп

Қала көшелеріндегі кеспе тастардың қайдан келетінін ойлап көрдіңіз бе? Балаңыз отыратын мектеп партасын кім жасайды? «АЖ» тілшісі халық арасында «66-зона» деп аталатын ерлер түзету колониясында (УГ-157/9 мекемесі) осы сұрақтардың жауабын алған еді. Сурет 31 мамыр 2019, 10:40 5 399 рет қаралды
Спорт жаңалықтары Спорт

Спорт жаңалықтары

Атырауда мұнай және газ университетінің спорт кешенінде 64 шаршылық дойбы бойынша ҚР чемпионаты өтті. Сайысқа еліміздің бүкіл өңірінен 54 ойыншы қатысты. Олардың арасында 2 халықаралық спорт шебері мен 7 ҚР спорт шебері бар.  Жеңімпаздар үш номинация – классика, рапид және блиц бойынша анықталды. 30 мамыр 2019, 00:00 3 738 рет қаралды
Атырау перинатальдық орталығында босанған әйел кесарь тілігінен соң көз жұмды Басқа жаңалықтар

Атырау перинатальдық орталығында босанған әйел кесарь тілігінен соң көз жұмды

26 мамырда Атырау облыстық перинатальдық орталығында 24 жастағы әйел қайтыс болды. Орталықтың бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВ "АЖ"-ға осынау қайғылы оқиғаны растады. Толықтырылды 27 мамыр 2019, 22:37 5 563 рет қаралды