Атырау, 25 сәуір 22:38
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда Динара Сәдуақасованың шахмат академиясы ашылды

Сурет Бейнежазба
4 467 просмотра

Динара Сәдуақасова

Динара - Қазақстандағы ең атақты шахматшы, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, әр түрлі жас санатындағы 4 дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер. Бұл Қазақстандағы алғашқы филиал, академияның өзі елордада орналасқан. 

Ашылу салтанатына Динара Сәдуақасова анасымен бірге, Атырау облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай ҒАЙСИН, Маңғыстау облысы федерациясының президенті Меңдеш САЛИХОВ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ қатысты. Жергілікті жас шахматшылар көп болды. 

- Мен Атырауда академия филиалының ашылғанына өте қуаныштымын. Бұл жас шахматшылар үшін үлкен жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін. Әрине, біз мұнда ірі турнирлерді көбірек өткізуге тырысамыз. Жыл аяғына дейін балалар мен олардың ата-аналары алдын ала қатысуға жоспар жасау үшін турнирлердің күнтізбесін жасаймыз. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар академияда тегін оқи алатындығын атап өткім келеді, - деді Динара Сәдуақасова. 

Филиал К. Ерниязов көшесіндегі тұрғын үйдің цоколді қабатында орналасқан. Мұнда, топтық және жеке сабақтарға арналған кабинеттер бар. Білікті отандық және шетелдік жаттықтырушылар үйретеді. Бұдан басқа, Динараның өзі онлайн сабақтар өткізуді, сонымен қатар Атырауға шеберлік сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр. 

- Академия жеке ұйым, сондықтан цоколді қабат оған сенімгерлік басқаруға берілді. Қалада әлі де бос цоколді қабаттар жеткілікті, егер кімде кімнің оларды пайдалану туралы идеясы болса, әкімдік ынтымақтастыққа дайын, - деді Ұлықбек Тінәлиев. 

Академия филиалының ашылу құрметіне «Atyrau chess open 2019» турнирі ұйымдастырылды, оның жүлде қоры - 800 мың теңге. Оған 100-ге жуық шахматшы қатысты, олардың ең кішісі 6 жаста, ал ең үлкені - 72 жаста.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

9 қыркүйек 2019, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.