Атырау, 22 қараша 09:38
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырауда екі жасар сәби 6-қабаттың терезесінен құлап кетті

3 501 просмотра


6 қыркүйекте Атырауда Привокзальный ықшам ауданында 6-қабаттың терезесінен 2 жасар сәби құлап кетті. Түрлі жарақат алған сәби облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Бұған дейін жыл басынан бері Атырауда осыған ұқсас екі оқиға болып, бірі өліммен аяқталған еді.

- Кішкентай баланы бір минутқа да қараусыз қалдыруға болмайды, - дейді ТЖД аға инженері Айгүл КАРТИМОВА. - Жасына байланысты өзін қорғайтын дамыған түйсігі жоқ сәбилер жиһазды немесе басқа заттарды пайдаланып, терезе алдына шығып алады. Содан соң терезеден оңай ажырайтын москит торына сүйеніп, құлап кетеді.

Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік ережелерін тағы да ескертті:

- терезелерді ашып, бөлмені желдеткен кезде, сәбидің қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз;

- желдету кезінде терезенің жоғарғы бөлігі мен желкөздерді ашыңыз.

- егер терезені ашсаңыз, онда 10 см-ден көп ашпаңыз, ол үшін шектеулер қойыңыз;

- балаға терезені қалай ашуға болатындығын көрсетпеңіз - ол мұны неғұрлым кеш үйренсе, соғұрлым ол үшін пәтерде болу қауіпсіз болады;

- терезе түбінен барлық жиһаздарды, соның ішінде кереуеттерді жылжытыңыз;

- перделер мен жалюздерді басқаратын баулар мен шынжырлар салбырап тұрмауы керек - олардың көмегімен сәби терезе алдына шығып алуы мүмкін;

- баласы бар үйдің балконы әйнектелген болуы тиіс.

Фархат ӘБІЛОВ

9 қыркүйек 2019, 21:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.