Осыдан бір жыл бұрын қаладағы Торговая база ауданындағы жеке үйлердің бірінде алты жыл бұрынғы болған жантүршігерлік оқиға жария болған еді, оған сол қылмысқа қатысқандардың бірінің бопсалауы себеп болды.
Қысқаша еске түсіре кетелік. 2012 жылы 48 жастағы әйел күйеуінің тамағына ұйықтататын дәрі қосып, ол ұйықтап қалған кезде үлкен қызы және жиенімен бірге көпшікпен тұншықтырған. Артынша өлген күйеуінің денесін бөлшектеп, үй ауласынан шұңқыр қаздырып, соған көмген. Кейін оның үстіне тауық қора салып тастаған.
Бұл өлім туралы ешкім білмеген – олар бәріне күйеуі және әкелері діни сектаға қосылып, үйден заттарын алып кетіп қалды деген қауесет таратқан.
Алайда, бірнеше жылдан соң жиені әйелден ақша талап етіп, бұрынғы қылмысы туралы полицияға айтамын деп қорқытқан. Шамасы бұл отбасы мүшелерінің ақылы келте болғанға ұқсайды, өйткені, әйел оның айтқанына мән бермей, полицияға бопсалаушылық туралы арыз жазған. Жиенін тұтқындаған кезде жіптің бір ұшы шыққан.
Кісі өлімі және бопсалаушылық туралы екі іс қатар тергелген, сотқа екіншісі бұрын түскен. Жиенін ҚР ҚК 194- бабы («бопсалаушылық») бойынша кәнілі деп танып, шартты түрде 5 жыл бас бостадығынан айырған. Оның өз кәнісін толықтай мойындағаны, сондай-ақ, «аса ауыр қылмысты ашуға көмек көрсеткендігі» (облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасынан) ескерілген.
Ал кісі өліміне қатысты іске келсек, сотқа осы жылдың сәуір айында түскен, бірақ, судья ҚР қылмыстық процессуалдық кодексінің бұзылғандығын анықтап, істі прокуратураға қайтарған. Тамыз айының соңында іс тағы да сотқа түсті. Сот сотқа дейінгі тергеу барысында жіберілген заң бұзушылықтар жойылды деп таныған. Айтпақшы, бұл істе айыпкер өлген адамның әйелі ғана, ал қызы мен жиені куәгер ретінде қатысады.
Іс келесі аптада Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотта қаралады.
Фархат ӘБІЛОВ