Атырау, 24 қараша 11:09
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қанішерлер бір-бірін бопсалап, қолға түсті

5 968 просмотра


Атырауда алты жыл бұрын 48 жастағы әйел өз күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеп, өз үйінің ауласына көміп тастаған. Оған екі қызы мен жиені көмектескен. Жантүршігерлік қылмыс туралы соңғысы жақында полицияға айтып берген...

«АЖ» тілшісіне ресми емес дереккөздерден белгілі болғандай, 2012 жылы әйел күйеуінің тамағына ұйықтататын дәрі қосып, кейін екпе салған, ал ол ұйықтап қалған кезде үлкен қызы және жиенімен бірге көпшікпен тұншықтырған. Кейін денені бөлшектеген. Үй ауласынан суға түсетін душ үшін деген сылтаумен шұңқыр қаздырған. Түн ортасында денені шығарып, шұңқырға көмген, үстінен бетон құйып тастаған – бұл жерде көмекке кіші қызы келіпті. Кейін олар бәріне күйеуі және әкелері діни сектаға қосылып, үйден заттарын алып кетіп қалды дегенді айтады.

Бұл қылмыс туралы жақында кездейсоқ жария болды: жиені әйелден ақша талап етіп, бұрынғы қылмысы туралы айтамын деп қорқытқан. Ал әйел оның айтқанына мән бермей, полицияға бопсалаушылық туралы арыз жазған. Жиенін тұтқындаған кезде жіптің бір ұшы шықты...

Атырау облыстық ІІД әзірге бұл жағдайға қатысты комментарий бермеді, жазбаша сауал жолдауымызды өтінді.

Өлтірілген ер адамның туысы «АЖ» тілшісіне екі әйелдің Атырауда тұтқындалғанын, үшіншісі Алматыда табылғанын хабарлады. Айта кетсек, денені көмген жерге душ емес, тауық қора салыныпты...

Фархат ӘБІЛОВ

6 қыркүйек 2018, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.