Атырау, 24 қараша 07:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өз алмамыз – бір пайыз

Сурет
3 518 просмотра


Атырауға «Kazenergy» Қазақстандық мұнайгаз және энергетика кешені қауымдастығының төрағасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ келді. Ол жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Өз сөзінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла ИДРЕСОВ Атырау облысының үлесіне елдің негізгі капиталына салынған барлық инвестициялардың 39,6% -ы тиетінін атап өтті. Оның айтуынша, осы жылдың 7 айында өңірімізде шағын және орта бизнеспен айналысатындар саны (кәсіпкерлік субъектісі 48,7 мың) 127,7 мың адам болған.


Абдолла ИДРЕСОВ

Биыл газдың көп және аз болғаны үшін айыппұлдар есептеу бойынша коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға шағымдар жиілеп кеткен:

- Бұл мәселе облыс басшылығы мен Ұлттық палата отырысында көтерілді, нәтижесінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығы есептелген шоттарды қате деп таныды. Қазір 800 бизнес субъектісіне төлемдерді қайта есептеу жүргізілуде.

Өңірлік палатаның бастамасы бойынша, бірінші лауазымды тұлға қызметінен босатылды, тағы үшеуі әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

- Мысалы, ЖШС-нің бірінің шағымына сәйкес, ішкі істер органдары қызметкерлерінің ауылшаруашылық өнімдерін негізсіз тәркілегені анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша Атырау жергілікті полиция қызметінің басшысы қызметінен босатылды, кәсіпкерге келтірілген залал толығымен өтелді.

Балық саласы туралы: қазір 19 кәсіпорын балық аулаумен айналысады, бұдан басқа, Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2 кәсіпорны ғылыми мақсатта балық аулайды. Соңғы жылдары бөлінген лимиттер нашар игерілуде:

- Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі ахуал бойынша 4620 тонна балық ауланды, бұл лимиттің 30%-ы (15,421 тонна). 2018 жылы 9,4 мың тонна ауланды - бұл лимиттің 87%-ы, яғни, 10,7 мың тонна.

Идресовтың айтуынша, оның себептері айқын - бұл балық қорының сарқылуы және балық өтетін арналарда тереңдету жұмыстары жүргізілмейді.

«Атамекен» ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен жүргізілген скрининг - терең экономикалық зерттеу нәтижелері туралы айтып берді. Атап айтқанда, скрининг нәтижелері бойынша облыс бойынша ішкі өндіріспен қамтамасыз етуде тапшылық байқалатын 21 азық-түлік өнімдері анықталды: мысалы, сырттан әкелінетін сәбіз базарда 37%, картоп - 57%, бұрыш - 48%, қызылша - 28%, баклажан - 40%, қырыққабат - 59%, алма - 99%.

Жұмағазиев қазақстандық қамтуды көбейту бойынша бірнеше ұсыныстар айтты: «Арнайы экономикалық және индустриалық аймақтар туралы» ҚР Заңына, Салық және Кеден кодексіне отандық өндірушілерді импортталатын шикізатқа, жабдыққа және жиынтықтарға ҚҚС төлеуден босату бөлігі бойынша өзгерістер енгізу; ірі мұнайгаз жобаларында ертерек тендерлер өткізу үшін сатып алу жоспарлары туралы ақпаратты жариялау; APEC базасында жұмысшылар мен инженерлік мамандықтар бойынша біліктілік орталығын ашу; мысалы, Қаламқас-Теңіз сияқты жаңа жобаларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық компаниялардың техникалық тапсырмаларға қатысуын қарастыру.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

9 қыркүйек 2019, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.