Атырау, 24 қараша 07:51
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Атырау Су Арнасы» миллион текше метр судың қайда кететінін анықтағысы келеді

3 956 просмотра


«Атырау Су Арнасы» КМК «Атырау Су Арнасы» КМК-нің жаңа басшылығы су арнасы желілеріндегі су шығынын азайтуға ниетті» деген атаумен баспасөз хабарламасын таратты. «AЖ» хабарламаны жариялап, сонымен қатар өз түсініктемесін де ұсынады.

«Атырау Су Арнасы» кәсіпорны залалды кәсіпорын санатына жатады, үнемі демеуқаржыны қажет етеді, залалды болу себептерінің бірі - желілерде судың көп ысырап болуы.

2019 жылы 1 тамыздан бастап бір ай бойы кәсіпорын басшылығы сумен жабдықтау жүйесіне талдау жүргізіп, бір ай ішінде КМК Атырау облысының тұрғындарына 2,4 млн текше метр су жеткізгенін анықтады. Оның тек 1 миллион 450 мың текше метрі тұтынушыға жеткен. Белгісіз себептер бойынша нақты ысырап болған су 40%-дан асты. Осы мәселені шешу үшін «Атырау Су Арнасы» КМК-нің жаңа басшылығы бірқатар шаралар әзірлеп, жұмыс топтарын құрды. Бірінші кезеңде олар қаланы сумен жабдықтау жүйесіне толық талдау жүргізуі керек. Ол үшін өз қаржысынан есептеу құралдарын сатып алып, орнату жоспарланып отыр. Бұрын мұндай есептеу тәжірибесі қолданылған жоқ. Сатып алынған есептеу құралдары қаланың әртүрлі аудандарына орнатылады. Олар жүйенің проблемалы аймақтарын анықтауға көмектеседі. Сонда әр аудан бойынша теңгерімсіздік көрінетін болады. Бұл дұрыс жоспарлауға және желілердегі нүктелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сонымен бірге су құбырына заңсыз қосылған жерлерді анықтауға мүмкіндік береді».

«АЖ» түсініктемесі. Осыдан бір ай бұрын «Атырау Су арнасының» жаңа қожайыны Ерлан АТКИЕВ қала депутаттарымен кездесу кезінде өзінің жоспарлары туралы қысқаша айтып өткен еді. Атап айтқанда, Шымкенттегідей, барлық жерге ұялы телефон қағидасы бойынша жұмыс жасайтын электронды есептегіштер орнатпақ: абоненттік төлемді толтырсаңыз - су жүреді, ал шотқа ақша салмаса су тоқтайды.

2014 жылы шымкенттік су жіберушілерді Атырауға келген сапарында Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол АЛПЫСБАЕВ үлгі еткен болатын: «Шымкентте сумен жабдықтаушы кәсіпорын қарыз қаражатына жеке сектордағы құбырларды толығымен ауыстырып, желілерге есептеу құралдарын орнатты. Нәтижесінде су шығыны 60%-дан 5%-ға дейін азайды».

Бірақ басқа бір оқиға еске түседі. 2015 жылдың жазында ортақ үй есептегіштері орнатылған Авангардтағы 97 көп пәтерлі үйдің тұрғындары «АСА»-ның жаңа төлемдерін төлеуден бас тартқан еді. Онда суды тұтынудың дағдылы текше метрімен қатар жеке және үйдің ортақ есептегіштері көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық бойынша әр пәтердің үлесін төлеу ұсынылған болатын.

Яғни, «ұжымдық жауапкершілік» қағидаты бойынша тұрғындардан ресми тұтынылған су көлемін де, залалды да төлеуді талап еткен. Жанжалдан кейін пилоттық жоба тоқтатылды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қыркүйек 2019, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.