Атырау, 24 қараша 10:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Авангард «ұжымдық жауапкершілікке» қарсы

2 737 просмотра

Image 0Атыраудағы ірі тұрғын үй массиві – Авангардтың тұрғындары «Атырау Су Арнасы» КМК-не тұтынылған судың қосымша текше метрлері үшін ақша төлеуден бас тартып, билік органдарының табалдырығын тоздыруда.

Жақында «АСА» авангардтықтарға мамыр айының есепшотын жіберген. Онда жеке есептегіш бойынша әдеттегі тұтынылған текше сумен бірге жеке және жалпыүйлік есептегіштердің арасындағы айырмашылықпен әр пәтердің үлестік төлемі ұсынылыпты.

Яғни, тұрғындардан ресми тұтынылған су көлемін де, шығындарды да төлеуді талап еткен. Тұрғындар қосымша төлемақыны төлеуден бас тартты.

Бұл проблема ықшамаудандағы ескі үйлердің де, терможаңғыртудан өткен үйлердің де тұрғындарына қатысты еді, ол жерлердегі жертөлелерде кетіп жатқан су жоқ. Адамдар наразы: неліктен олар пәтерлерінде есептегіштері жоқ ысырапшыл көршілері үшін унитазға құйылатын су көлемдерін төлеуі тиіс?

Ықшамауданның бүкіл тұрғындары абыржулы, - дейді «Әнуар-ПИК» төрағасы Людмила ШАРОВАТОВА. – Кеңестік коммуналка мен жатақханалар дәуіріне оралғанымыз өте өкінішті. Ол кезде барлығына бір есептегіш болатын – суды үнемдеуге мәжбүр әжей де, бір пәтерді он шақтысы жалдайтын студенттер де бәрі бірдей төлейтін.

Авангардтағы 97 үйдің әрқайсысына біз үшеуден жалпыүйлік есептегіштер орнаттық: бірі суық суға және екеуі – ыстық (жіберу және кері айналым) суға, - деп хабарлады «АтырауСуАрнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ. –Бұл есептегіштер сезімталдықтың жоғарғы деңгейіне ие және пайдаланылған судың әр тамшысын есептейді. Пәтердегі есептегіштерде мұндай қасиет жоқ.

2015-2017 жылдар ішінде АСА Атырау қаласындағы көппәтерлі үйлердің барлығына жалпыүйлік есептегіштер орнатуды жоспарлап отыр, - деп мәлімдеді кәсіпорын басшысы.

АСА-ға тұрғындардан қосымша төлемақы талап етуге мүмкіндік беретін норма ретінде А. Ташлыков 2011 жылы ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі бекіткен «Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесінің» 16-тармағын келтірді: «Үйге ортақ есептеу құралының көрсеткіштері мен жеке есептеу құралының жиынтық көрсеткіштері және су тұтынуды пайдалану нормалары бойынша есептелген көлемдер арасындағы айырмашылықты пәтерлер, қоса салынған және жапсарлас тұрғын емес үй-жайларының иелері (кондоминиум қатысушылары) тұтынған су көлеміне тепе-тең мөлшерде төлейді». Сумен жабдықтау және су бұру қызметін ұсыну жөніндегі келісімшартқа сәйкес, тұтынылған су үшін екі ай бойына төлемақының төленбеуі сумен қамту қызметін тоқтату үшін себеп болады, - деп қоқан-лоққы көрсетті А.Ташлыков.

Әңгіме Суға тарифтерді белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспар деп аталатын реформа туралы болып отыр. Ол туралы 2014 жылдың қаңтарында Атырауға келген сапарында сол кездегі ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) төраға орынбасары Аманжол АЛПЫСБАЕВ әңгімелеген еді («Алпысбаевтың желтоқсандағы тезистері»). Ол, атап айтқанда, АСА нысандарына энергия сыйымды сорғылар орнату және шығындарды әр пәтерлік, жалпы үйлік, квартал сайынғы есептегіш аспаптардың көмегімен есептеу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі пилотты жоба туралы әңгімеледі.

Айтпақшы, осы АСА жүйесін қайта құру 2013 жылдың 1 желтоқсанынан бастап су тарифін көтеру нәтижесінде тұрғындардан алынған ақшаға және АСА-ның қарыз ақшасына жүргізілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 маусым 2015, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.