Атырау, 19 сәуір 08:36
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алпысбаевтың желтоқсандағы тезистері

2 915 просмотра

Облыстық әкімдікте өткен кеңесте ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол АЛПЫСБАЕВ (суретте) өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап неліктен «мұнай астанасында» судың қымбаттағанын және неліктен әрі қарай да осындай күрт қымбаттаулар болмайды деп үміттенуге болатынын түсіндірді.

«ҚУУДЫ ТОҚТАТУ КЕРЕК»

Біз хабарлағанымыздай, Атырауда «АтырауСуАрнасы» КМК қызметі: сумен қамту бойынша – 27 пайызға, кәріз жүйесі бойынша – 30 пайызға қымбаттаған еді. Тұрғындар үшін орташа тариф бір текше метр су үшін (ҚҚС-сыз) 53,7-ден 68,28 теңгеге дейін, кәріз қызметі – бір текше үшін - 24,1-ден 31,39 теңгеге дейін өсті.

Заңды тұлғалар үшін тариф бір текше метрге 168,56 теңгеден 189,7 теңгеге дейін өсті.

Қатысушылар алдында «АтырауСуАрнасы» директоры Андрей ТАШЛЫКОВ сөз сөйлеуі тиіс еді. Баспасөзге оның баяндамасының көшірмелерін таратқан болатын. Онда, атап айтқанда, былай делінген: «“АтырауСуАрнасы” инвестициялық бағдарламасына сәйкес қаланың су тазарту құрылғысында (СТҚ), су құбырының көтеру сорғы стансалары (КСС) мен кәріздік сорғы стансасында (КСС) энергия үнемдейтін 191 сорғыны орнатуды, яғни, қолданыстағы сорғылардың 53 пайызын ауыстыруды жоспарлап отыр. Солардың ішінде сумен қамту бойынша: Бірінші су көтеру стансасында – 3, Екінші су көтеру стансасында – 5, №3 сүзгілеу стансасында – 2, №4 сүзгілеу стансасында – 5, КСС-та – 62. Қаладағы КСС бойынша 114 сорғыны ауыстыру жоспарлануда...».

Мысалдар келтірейік: 2013 жылдың мамырында энергия үнемдеу бағдарламасы бойынша Сәтпаев, 48 «б» мекен-жайы бойынша орналасқан №6 КСС-да қуаттылығы 18,5 кВт ескі екі сорғының әрбіреуі жиілік өңдегіші бар қуаттылығы 15 кВт энергия үнемдейтін түріне ауыстырылды. Бұған дейін нысанда электр энергиясын тұтыну айына 5,5 мың киловатты құрады, осыдан кейін 2,5 киловатт болды. СТҚ қазандығында қуаттылығы 75 киловатт болатын үш циркуляциялық сорғы айына 54 мың киловатт тұтынатын, ал оларды ауыстырғаннан кейін энергия тұтыну 10,8 мың кВт-қа дейін азайды.

2014 жылғы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырудың экономикалық әсері 77 млн теңге көлемінде, соның ішінде энергия үнемдейтін жабдықтарды енгізуден үнемдеу – 33 млн теңге, су шығынын азайтудан үнемдеу – 44 млн теңге болады деп күтілуде.

- «АтырауСуАрнасы» инвестициялық бағдарламасының негізгі мақсаты – тарифтердің өсуін әрі қарай болдырмау, - деді отырыста А.Алпысбаев. – Жыл сайын монополист ТМРА департаментіне «менің шығындарым көбейді, тарифтерді көтеру керек» деп жүгінеді. Ал «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 15-бабына сәйкес, тарифте бүкіл шығындар, сонымен қатар кәсіпорынның тиімді қызмет етуі үшін де кіріс болуы тиіс. Шығындар үнемі өсіп отырады, ал монополистер қуып жетуге мәжбүр. Сондықтан 2012 жылдың аяғында үкімет сумен қамту жүйесіне жаңа тарифтік саясатты енгізу жөнінде кешенді жоспарды бекітті.

 

«ШЫМКЕНТТЕГІДЕЙ ҚАРАҢЫЗ»

А. Алпысбаев «АтырауСуАрнасы» өзінде өте қысқа мерзімде кең ауқымды реформа жүргізуі тиіс екенін және бір-екі жыл ішінде жоғарғы әсерге қол жеткізуі, ал болашақта дотациялық кәсіпорын болуды тоқтатуы тиіс екендігін анық аңғартты.

АСА-ның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру үшін негізгі құрал – 1 желтоқсаннан бастап көтерілген тарифке 368 млн теңге көлемінде салынған амортизациялық аударымдар болуы тиіс.

Тарифке енгізілген бүкіл шығындар 1 млрд 622 млн теңгені құрады, оның 460 млн теңгесі - өндірістік қызметкерлердің еңбекақысы. 396,6 млн теңгеге «АСА»-ға сорғылар үшін электр энергиясын сатып алуға рұқсат етілген. Реагенттер мен басқа да шикізаттарға шығындар 218 млн теңгені құрады. Төраға орынбасары қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ кәріз бойынша тарифті көп көтермегендігіне қынжылыс білдірді (алайда ағындарды бұру қызметі үшін көтерілген деңгей 30 пайызды құрады, сонда одан қалай көп болмақ?):

- Кәріз бойынша біз қысқа мерзім ішінде жаңғырту жүргізе алмаймыз. «Сумен қамту жүйесінде электр энергиясын сатып алу шығындары» бабын тапқандай, бұл жерде өндірісті дамытуға қосымша қаржылар табу мүмкін емес.

– Нормативтік және нормативтен тыс шығындарды азайту өте маңызды, - деп сөзін жалғастырды Алпысбаев. – Сондықтан шығындардың басым бөлігін су құбыры жүйесін – әр пәтер сайын емес, квартал сайын, көше сайын және т.б. құралдандыруға бағыттау керек. Атырау Шымкентке ұқсайды, бұл жерде жеке секторлар өте көп.

Оның айтуынша, Шымкентте 2000-шы жылдардың басында сумен қамтушы кәсіпорын заемдық қарыз ақшаға жеке сектордың құбырларын толықтай ауыстырып, жүйені есептегіш құралдар орнатты. Нәтиже көп күттірмеді – шығындар 60 пайыздан 5 пайызға дейін азайды. Мұның бәрі коммерциялық шығындар болатын, өйткені көшелердегі тозған тұрбалардан су ақпады. Бау-бақшаларды суаруға пайдаланылып, моншаларға, көлік жуу орындарына, т.б. босқа төгілді.

 

ОРЫНБАСАРДЫҢ ЕСЕБІ

– Міне, шығындарды азайту арқылы тарифтерді ұстап тұру жөніндегі менің есептеулерім, - деген сөздермен А.Алпысбаев ұйықтап қала жаздаған залды оятты.

– Ең пессимистік болжамдар бойынша, АСА лизингке жаңа жабдықтар алып, құрастыратын болса, 2014 жылы электр энергиясы бойынша өз шығындарының үштен бір бөлігін, атап айтқанда жылына 111 млн теңгені үнемдейді. Сорғы стансасы жабдықтарын автоматтандыру еңбекақыны 10 пайызға үнемдеуге әкеледі, бұл жылына 45 млн теңге. Апаттар мен су кету азайғандықтан, шикізат пен реагенттер бойынша шикізаттардың шығындары төмендейді – бұл 21 млн теңге. Осылайша, жылдық үнемдеу сомасы 177 млн теңгені құрайды. Лизингтік сызба бойынша осы сомаға кәсіпорын кем дегенде 600 млн теңге тарта алады және содан соң осы несиемен үш жыл бойына есептесе алады.

2014 жылдың аяғында АСА әдеттегідей тарифтік сметаны түзету үшін жүгінеді. Үнемделген 177 млн теңге қаржы жыл сайынғы 368 млн теңге амортизациялық аударымдарға қосылатын болады. Нәтижесінде 2015 жылы  АСА жаңғыртуға 545 млн теңге қаржы алады. Осы сызба жақсы іске қосылу үшін «АтырауСуАрнасы» 2014 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғына дейін жаңғырту жүргізуге үлгеруі тиіс.

– «АтырауСуАрнасы» КМК-ның осы инвестициялық  бағдарламасы жүзеге асуы үшін қатаң қоғамдық бақылау жолға қойылуы керек. Жаңа сорғылар орнататын компания оларға сервистік қызмет көрсетуі тиіс. Дегенмен, сорғының өзі емес, оның «миы» - жиілік реттеу мен бірқалыпты іске қосылу маңызды. Бұл құбырлардағы апаттылық пен гидросоққы тәуекелін төмендетеді. 2014 жылы сумен қамту жүйесінде жаңа тарифтік саясат Қазақстанның тағы төрт облысында енгізілетін болады. Ал 2015 жылы осындай бағдарлама бойынша еліміздің бүкіл су арналары жұмыс істемек, - деп сөзін түйіндеді А.Алпысбаев.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

3 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.