Атырау, 24 қараша 08:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кондукторлар қулығын асырып тұр

2 970 просмотра


9 қыркүйекте қаладағы автобус кондукторлары таңертең валидаторлар берілмегендігін айтып, маған билет беруден бас тартты. Басқа жолаушылардан да осылай ақша жинап алды. Басқа автобус кондукторларында валидаторлар болды және жол жүру карталарымен төлем алды. Тек автобус паркіндегі осы функцияға жауап беретін сервер жұмыс жасамай қалды деп карталардағы теңгерімді толтырудан бас тартты. 15 қыркүйектен кейін жол жүру картасы жоқ адамдар үшін жолақы 80 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттағанда бұл қалай болмақ?

Біз «Смарт Атырау» КМК директоры Әділбек ТАҢҚИЕВҚА жүгіндік.

- Мұндай кондукторларға сенбеңіздер. Бүгін мен күндізгі сағат 11-ден 12-ге дейін көшеге шығып, жұмыс істеп тұрғанына қарамастан валидаторды қолданбаған 6 автобусты ұстадым. Мұндай жұмысшыларға қатысты қатаң шаралар алынады, - деді Таңқиев.

«Атырау Автопарк» ЖШС директоры Ниязбек МҰҚАШЕВ:

- Таңертең автобус паркінен маршрутқа шығатын кезде, арнайы киімнің болуы, жүргізуші мен кондуктордың денсаулық жағдайы тексеріледі. Сонымен қатар, кондукторға жұмыс істеуге толықтай әзір валидатор беріледі. Бірақ Вeеline қызметінен Ксеll-ға ауысуға байланысты валидаторлардың жұмысында ақаулықтар болды. Бізден қызметкерлер көп кетіп жатыр. Жыл басынан бері 48 кондуктор жұмыстан шығарылды, соның ішінде көбі билет беру бойынша қызметін теріс пайдаланғаны үшін босатылды.

«Атырау автопаркі» ЖШС сенім телефоны - 76 37 15 (диспетчерлік бөлім)

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қыркүйек 2019, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.