Атырау, 19 тамыз 10:15
 дождьВ Атырау +22.5
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Атырау ажарлана түседі Басқа жаңалықтар

Атырау ажарлана түседі

Қазір Атырауда кәріздік-тазарту құрылғысы (ҚТҚ), тутұғыр, Оқушылар мен жастар сарайы салынып жатыр. Исатай және Махамбет атындағы алаң, жағалау қайта жаңғыртылуда. Қала тұрғындары жұмыстардың тез біткенін қалайды, өйткені қала орталығындағы кейбір нысандар қоршалып, қолайсыздықтар туғызады. Жергілікті билік жұмыстардың қалай жүріп жатқандығын көрсету үшін 5 құрылыс алаңына баспасөз турын ұйымдастырған еді. Сурет 17 мамыр 2019, 14:33 3 787 рет қаралды
Келбетіне көрік берген суреттер Басқа жаңалықтар

Келбетіне көрік берген суреттер

Атыраудағы 9 қабатты және 5 қабатты үйлердің бүйір қабырғасына бейнеленген Махамбет Өтемісұлының және өлке байлығы - балықтың алып суреттері мен мұндалап көз тартып тұр. Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер академиясының бейнелеу өнері және дизайн пәнінің оқытушылары Мейірбек ЖАҒЫПАШЕВ, Мирас ЖАНҒОЗИЕВ пен Асылбек БАҚТИЯР осылайша облыс орталығын көркейтуге өз үлестерін қосуды ұйғарған екен. Сурет 17 мамыр 2019, 11:25 6 960 рет қаралды
Жылойдағы екі жол апаты Басқа жаңалықтар

Жылойдағы екі жол апаты

6 мамырда күндіз Жылыой ауданындағы «Құлсары-Сарқамыс» тас жолында «Ланд крузер» автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетіне шығып, аударылған. Зардап шегушіні Теңіз кенішіндегі емханаға дереу жеткізгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.  16 мамыр 2019, 16:06 3 922 рет қаралды
Ұлттық бюро текетірес туралы: "Қызметкерлеріміз кінәлі емес, дегенмен..." Басқа жаңалықтар

Ұлттық бюро текетірес туралы: "Қызметкерлеріміз кінәлі емес, дегенмен..."

15 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро басқармасының басшысы Ақбілек МЯДЫЕВА әлеуметтік желілерге таралған бейнежазбадағы Атырау облыстық департаменті қызметкерлері мен полицейлердің әрекетіне баға берді. Оның сөзі қисынға келіңкіремейді: көп сөзінде кикілжің кезіндегі Ұлттық бюро қызметкерлерінің іс-әрекеттерін ақтаса, мәлімдеме соңында олардың қатаң қызметтік жазаға тартылғанын айтады. 16 мамыр 2019, 11:14 4 113 рет қаралды
Дала желаяқтары Спорт

Дала желаяқтары

41433 әскери бөлімнің (барлаушылар полкі) аға лейтенанты Сергей Садриев Алмалы ауылының маңында Махамбет трассасының бойымен жүгіретін 15 шақырымдық «Dala Race 2019» жарысында жеңіске жетті. Жүгіруге 100-ден аса адам қатысты, олардың арасында әскерилер мен жәй азаматтар да болды.  16 мамыр 2019, 00:00 3 226 рет қаралды
Қоржындары жүлдеге толды Спорт

Қоржындары жүлдеге толды

Ақтөбеде таэквондодан (GTF) жыл сайынғы халықаралық «Азия палуаны» турнирі өтіп, оған Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Қазақстанның 13 облысынан спортшылар қатысты. Мұнда атыраулық спортшылар керемет жетістіктер көрсетті. 16 мамыр 2019, 00:00 3 155 рет қаралды
Сорғыңды сөндір, көрші, су ішейік Басқа жаңалықтар

Сорғыңды сөндір, көрші, су ішейік

Атырауда қала маңындағы ауыл тұрғындарының көпшілігі ауыз судың тапшылығына және осы суды бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын ауылдастарына наразы. Осы мәселені арнайы құрылған комиссия анықтаған еді. 15 мамыр 2019, 12:01 3 870 рет қаралды
Күмәнді сөмке және ауладағы шу Басқа жаңалықтар

Күмәнді сөмке және ауладағы шу

6-13 мамырда Атырау облысында 78 қылмыс жасалған, оның 73-і облыс орталығында болған. Әдеттегіше ұрлық (58) көш бастап тұр. 13 мамырда ҰҚКД-не ТШО кеңсесінің жанына біреулердің қара сөмке қалдырып кеткені туралы дабыл түсті. Саперлер ол жерден жарылғыш зат таппады.   15 мамыр 2019, 11:03 3 180 рет қаралды
Атырау облысындағы орташа айлық жалақы – 322 мың теңге Басқа жаңалықтар

Атырау облысындағы орташа айлық жалақы – 322 мың теңге

Атырау облысындағы орташа айлық жалақы осы жылдың І тоқсанында 322 674 теңге болды. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 15,3%-ға көп. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облысының Статистика департаменті хабарлады. Сурет 14 мамыр 2019, 17:52 5 003 рет қаралды
Тариф төмендеді Басқа жаңалықтар

Тариф төмендеді

Табиғи монополияларды реттеу департаменті Махамбет ауданының Махамбет ауылындағы сумен қамту тарифі текше метрі үшін 33% -ға, яғни, 110,6 теңгеден 74,18 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады. Департаменттегілер мұны былай түсіндірді: 9 ай бұрын аудан орталығын сумен қамтумен «Ғұмаров» ЖК айналыса бастаған. Сол кезеңде ол үшін тариф жеңілдетілген тәртіппен бекітілген. Ал қазір нақты мәліметтер бойынша ортақ тәртіппен есептеледі. 14 мамыр 2019, 19:14 2 439 рет қаралды
Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы Басқа жаңалықтар

Құқық қорғаушылардың қорықтағы қырқысы

Әлеуметтік желілерде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының шығар ауызынан полицейлердің «Chevrolet NIVA» мен «Лада-Niva» көлігін тоқтатқан бейнежазбасы таралған. Бейнежазбада анық көрініп тұрғандай, «Шевролеттен» Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің 7-басқармасының басшысы Бақытжан ҒҰБАЙДУЛЛИН шығып, полицейлердің құжаттарын және жүксалғышты тексеруіне мүмкіндік бермей тұр. Толықтырылды Бейнежазба 14 мамыр 2019, 11:10 6 027 рет қаралды
Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы

Мамырдың басындағы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіндегі кадрлық ауыс-түйістер Атырауға да келіп жетті. 14 мамырда комитет төрағасының орынбасары Талғат Мамаев мұнайлы астанаға келген сапарында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшы Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВТІ таныстырды. 14 мамыр 2019, 14:54 4 322 рет қаралды
Шын мықты жекпе-жекте олжа салар Қоғам

Шын мықты жекпе-жекте олжа салар

Жуырда Атырау облысы айтыскерлерінің арасында тұңғыш рет жекпе-жек айтыс жобасы басталды. Мақсаты - айтыстың қазіргі кезде сирек қолданылып жүрген жұмбақ, өтірік өлең, қайым айтыс секілді жанрларын қайта жаңғырту. Жобаның алғашқы жұбы ретінде исатайлық Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ пен тілшілеріңіз - Құрманғазы ауданы атынан шыққан Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 7 мамырда Құрманғазы ауданында, 9 мамырда Исатай ауданында айтысты. Бейнежазба 14 мамыр 2019, 12:15 5 067 рет қаралды
Ойын алаңын кім ойрандады? Басқа жаңалықтар

Ойын алаңын кім ойрандады?

Индер ауданының орталығы Индербор кентінде 2016 жылы 28 млн теңге бюджет қаржысына екі футбол алаңшасы салынды. Бір жылдан соң демеушілік қаржымен тағы бір алаң пайдалануға берілді. Алайда арада аз уақыт өтсе де, үш алаңның да жасанды көгалдары сыпырылып, қоршаулары бұзылыпты. Сурет 14 мамыр 2019, 10:31 3 165 рет қаралды
Сириядан қайтқан 20 қазақстандықтың алтауын Атырауға әкелді Басқа жаңалықтар

Сириядан қайтқан 20 қазақстандықтың алтауын Атырауға әкелді

«Жусан-2» арнайы операциясы туралы ҚР СІМ баспасөз конференциясында 7 және 9 мамыр күндері Сириядан қайтарылған 231 қазақстандықтың 20-сы ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жағында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен тұтқынға алынғаны хабарланды. Олардың алтауы – 4 ер адам мен 2 әйел тергеу жұмыстарын жүргізу үшін этаппен Атырауға жіберілді. 14 мамыр 2019, 09:58 3 680 рет қаралды
АЖЭО жаңартылады, бірақ тариф көтерілмейді Басқа жаңалықтар

АЖЭО жаңартылады, бірақ тариф көтерілмейді

Қазақстанның электр энергетикасы нарық кеңесінің президиумы Атырау ЖЭО-ның жаңа инвестициялық бағдарламасын мақұлдап, оны ҚР Энергетика министрлігіне қарауға жіберді. Бұдан кейін өңіріміздегі электр энергиясының тарифі көтеріліп кетпей ме? «АЖ» «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВҚА сұрақтар қойған еді. 13 мамыр 2019, 17:15 3 180 рет қаралды
Дон «Дракон» Уилсон Атырауда Басқа жаңалықтар

Дон «Дракон» Уилсон Атырауда

Облыстық спорт және дәстүрлі каратэ-до федерациясы мен «Қайсар» спорт клубының шақыруымен киножұлдыз, кәсіпқойлар арасында кикбоксингтен 11 дүркін әлем чемпионы, «Айдаһар» атанған Дон УИЛСОН Атырау жеріне келді. Ол федерация және клуб шәкірттері үшін мастер-класс өткізді. Сурет Бейнежазба 13 мамыр 2019, 10:59 4 054 рет қаралды