Қоғамдық көлікке дифференциалдық тариф енгізу мерзімі 15 қыркүйекке шегерілді. Бұл туралы «Смарт Атырау» КМК басшысы Әділбек ТАҢҚИЕВ брифингте мәлімдеді.
- Қоғамдық көлікте жол ақысына қолма-қол төлем жасап үйренген тұрғындар бүгінде тарифті картаға көшуге әлі дайын емес. Сол себепті, халықтың сұранысы бойынша және мектепке енді барғалы отырған оқушылар, ауылдық жерден келген студенттер мен зейнеткерлердің ыңғайына орай эллектрондық төлем жүйесін енгізуді 15 қыркүйекке дейін шегеруді ұйғардық,- деді Ә. Танкиев.
Ал «Smart Qala» ЖШС басшысы Болат ЖҰМАШЕВ өңірімізде смартфондағы Playmarket қосымшасы арқылы жүктеп алуға болатын жаңа қосымшаның іске қосылғандығын айтты. Бұл арқылы кез-келген адам қоғамдық көліктің қай уақытта жүретіндігін біліп, қосымша жүктемеге өзінің банктік карта нөмірін тіркеп, QR коды арқылы төлем жасай алады.
Айта кетейік, «Алмалы» және «Черная речка» бағытына қатынайтын 55 пен 62-маршруттарда бұл төлем жүйесі жүрмейді. Бұл бағыттағы жол ақысы жүру қашықтығына орай 100-120 тг.
Әсем ЖОЛДЫБАЕВА
Суретті түсірген автор