Атырау, 27 желтоқсан 11:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Барлығы 297 тақта

2 391 рет қаралды
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қаладағы 7  ескерткіш пен оған іргелес аумақтарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына мердігер жалдау конкурсын өткізу туралы хабарландыру жариялады. Лот 17,8 миллион теңгеге бағаланып отыр.


Мемлекеттік тапсырыстың мәні - келесі ескерткіштердің жарамсыз болып қалған гранит тақталарын ауыстыру: ҚР әнұраны сөздерінің авторы, ақын Жұмекен Нәжімеденовке - 7 дана, ақын Фариза Оңғарсыноваға - 7, геолог, академик Қаныш Сәтпаевқа - 25 тақта, ұшқыш Хиуаз Доспановаға – 2, Бейбарыс сұлтанға – 106, Мәңгілік алау мемориалына - 100, интернационалист жауынгерлерге – 50 дана.

Жұмыс тапсырыс берілген күннен бастап 2 ай ішінде аяқталуы тиіс. Жөндеу материалдарында гигиеналық паспорт және санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкестік туралы сертификат болуы қажет.

Хабарламада жұмыс құнына ескерткіштердің төңірегіндегі аумақты, сондай-ақ, (қажет болған жағдайда) мүсіндердің өзін жөндеу жұмыстары кіретіні атап айтылады. Жөндеу көлемі тапсырыс берушімен келісіледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 тамыз 2019, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.