Атырау, 24 қараша 10:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жайықта екі казанка соғысып, бір адам қаза болды

Сурет
3 735 просмотра


21 тамызға қараған түні Атырау шетіндегі Дамбы ауылының маңында Жайық өзенімен жоғары жылдамдықпен келе жатқан браконьерлер мінген екі моторлы казанка қайығы соғысты.

Су үстіндегі апат салдарынан Жаңаталап ауылының жігіті қаза болып, қалған Дамба тұрғындары түрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға түсті.

«АЖ» ақпарат көздері қайықтардың «Ақжайық» табиғи қорығының аумағында соқтығысқанын хабарлады. Алайда, «Ақжайық» МТР директорының орынбасары Асхат ҚАРАБАЛИЕВ бұл ақпаратты растамады.

Атырау облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы болған оқиға туралы білмейтіндіктерін хабарлады. Атырау облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қазан айында қала маңындағы Еркінқала ауылында осыған ұқсас оқиға болған еді. Сол кезде өзенде екі байда соғысып, бір адам қайтыс болды.

Фархат ӘБІЛОВ

«АЖ» оқырмандары жолдаған суреттер

23 тамыз 2019, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.