Атырау, 24 қараша 10:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қауесетті тексеру: қыздарды Құрсайда емес, Құрашасайда пышақтаған

5 061 просмотра


21тамызда Атырау тұрғындарының көпшілігіне Whats app мессенджері арқылы қала шетіндегі Құрсай ауылында жас жігіт екі әйелді пышақтап, қашып кеткен деген хабарлама келді. Сонымен қатар, біреу мессенджерге күдіктінің суреті мен деректерін жариялады. «АЖ» Атырау облыстық Полиция департаментіне хабарласты.

- Осы жылдың 21 тамызында Атырау қаласының Құрсай ауылында болған-мыс қылмыс туралы Whats app арқылы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Оқиға Ақтөбе қаласының Құрашасай деген елді мекенінде орын алған,- деп жауап берді Атырау облыстық ПД.

- Иә, 19 тамызда «102» пультіне Құрашасай ауылында екі қызды пышақпен жарақаттағаны жөнінде хабарлама түсті. Бұл факт бойынша күдікті анықталды, бұл – зардап шегушілердің танысы екен, ол қарым-қатынастарының бұзылуына байланысты екеуіне пышақ жұмсаған. Күдіктіні ұстау үшін шұғыл-іздестіру шаралары жүріп жатыр,- деп хабарлады Ақтөбе облысының Полиция департаменті.

Фархат ӘБІЛОВ 

22 тамыз 2019, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.