Атырау, 19 тамыз 10:18
 дождьВ Атырау +22.5
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

Атырауда 13-17 мамырда ыстық су болмайды Басқа жаңалықтар

Атырауда 13-17 мамырда ыстық су болмайды

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! 13 мамыр мен 17 мамыр аралығында жылу шығындарын анықтау үшін  жылу жүйелерінде сынақтар жүргізіледі. Осы кезеңде тұрғындарға ыстық су беру тоқтатылады. 4 мамыр 2019, 17:17 4 745 рет қаралды
Жайықты зерттеуге конкурс жарияланды Басқа жаңалықтар

Жайықты зерттеуге конкурс жарияланды

Мемлекеттік сатып алу сайтында «Жайық өзеніндегі тіршілік ортасының жай-күйі және оның ихтиофаунаға әсерін бағалау бойынша кешенді зерттеулер жүргізу» конкурсы жарияланған. Тапсырыс беруші - Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасы, құны - 71 млн теңге. 10 мамыр 2019, 17:14 3 158 рет қаралды
Қызмет ету және қорғау жолында жан қиғандар Басқа жаңалықтар

Қызмет ету және қорғау жолында жан қиғандар

Атырауда суға батып бара жатқан әйелді құтқару кезінде қаза тапқан полиция сержанты Шалқар АҚЫМҒАЛИЕВ III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы полицейдің анасына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев табыс етті. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен оның серігі Рүстембек СҮНДЕТОВ ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Ресми шараға Атырау облысының бұрынғы әкімі, қазіргі мәжілісмен Бақтықожа Ізмұхамбетов, генерал-лейтенант Абай Тасболатов және полиция ардагерлері қатысты. Сурет 10 мамыр 2019, 16:00 3 824 рет қаралды
Футболка үшін Басқа жаңалықтар

Футболка үшін

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 9 мамыр күні таңертең Атыраудағы Авангард ықшам ауданының соңғы аялдамасында полицейлер прокуратура қызметкерлерімен бірге екі азаматтық белсенді Дарья ОЛЖАҒАЛИЕВА мен Дианара МҰҚАТОВАНЫ ұстады. Олардың үстерінде «Шындық» және «Правда» деген жазулары бар ақ футболка болған еді. Сурет Бейнежазба 9 мамыр 2019, 21:22 7 262 рет қаралды
Фин концлагері және бүкіл ғұмыр Басқа жаңалықтар

Фин концлагері және бүкіл ғұмыр

Атырауда сәби шағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фин концлагерінде болған Екатерина АБАТЫРОВА тұрады. Ол өзінің соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі өмірінің ауыр кезеңдері туралы «АЖ» тілшісіне әңгімелеп берген еді. Сурет Бейнежазба 9 мамыр 2019, 09:00 4 118 рет қаралды
Жалғансайлық батырдың жанқиярлық ерлігі Басқа жаңалықтар

Жалғансайлық батырдың жанқиярлық ерлігі

«Взвод командирі Ж. Жұмашев 1944 жылғы 14 шілдеде Любомль қаласына алғаш кіріп, бір өзі автоматымен он тоғыз солдаттың көзін жойды, үшеуін тұтқынға алды…» - бұл Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Жәміл ЖҰМАШЕВТЫ ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапаттау парақшасында жазылған мәлімет. Батыр туралы осы және басқа да мәліметтерді, сондай-ақ «Совет Одағының батыры» атағына ұсынған құжатты туыстары тек 70 жылдан соң ғана тапқан екен. 8 мамыр 2019, 10:53 4 711 рет қаралды
Ардагерлер азайып бара жатыр Басқа жаңалықтар

Ардагерлер азайып бара жатыр

Ұлы Жеңіске 74 жыл. Отан соғысы ардагерлерінің қатары жылдан жылға сиреп барады. Жақында ғана өңірімізде жүздеген ардагер бар еді, қазір 15 адам қалған: 13-і Атырауда, Жылыой мен Махамбет аудандарында бір-бірден және концлагерьдің бір тұтқыны мен бір жауынгер жесірі бар. Әрқайсысы туралы атын атап, таныстырған артықтық етпес. 8 мамыр 2019, 10:26 6 967 рет қаралды
Құлдықтан құтылған Толик Басқа жаңалықтар

Құлдықтан құтылған Толик

Енді оны Атырау түгел таниды. «Дина» базарының маңында аяғы жоқ, мүгедек арбасына таңылған бұл жігіт өзін құлша ұстап, қайыр тілетіп, жинаған ақшасын сыпырып отыратынын әңгімелеген бейнежазбадан соң ол Атыраудағы «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының» тұрғынына айналды. «АЖ» тілшісіне онымен сұхбаттасудың сәті түсті. Сурет Бейнежазба 7 мамыр 2019, 16:18 5 714 рет қаралды
Орталықтағы қилы тағдыр Басқа жаңалықтар

Орталықтағы қилы тағдыр

«Бұл жердің тұрғыны емес екеніңізді бірден түсіндім. Сіз әлеуметтік қамсыздандыру бөліміненсіз немесе бізге көмек көрсеткісі келетін жансыз», - деп қарсы алды мені Атыраудағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығындағы тұрғындардың бірі. Бұл жер жаңа жылдан бері осылай аталады. Ал бұрын «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» болатын. Қалай дегенмен де, мұңдарын аяушылықпен мұқият тыңдағаным болмаса, бұл адамдарға түбегейлі көмектесе алуым екіталай... Сурет 7 мамыр 2019, 15:58 5 035 рет қаралды
Әрбір секунд санаулы Басқа жаңалықтар

Әрбір секунд санаулы

«Жедел жәрдем» жеткенше, айталық, инсульт немесе бала бір нәрсе жұтып қойса, алғашқы көмекті қалай көрсетеміз – осындай жағдайда не істеу керектігін Атырау қаласының жедел медициналық көмек көрсету станциясының дәрігерлері мен мамандары түсіндіріп берді. Өте қызықты танымдық шара бірнеше жыл бойы бригадада волонтер болып жұмыс жасаған Арман ҚАСЫМОВТЫҢ бастамасымен ұйымдастырылды. Айтпақшы, осы бір керемет жігітпен болған біздің сұхбатымызды оқып көріңізші, өкінбейсіз.   Сурет 7 мамыр 2019, 14:05 5 393 рет қаралды
Құжаты дұрыс жүргізуші инспектордан қорықпайды Басқа жаңалықтар

Құжаты дұрыс жүргізуші инспектордан қорықпайды

Облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері Атырау-Доссор трассасына рейдке шықты. Олар ауыр жүк көліктерінің жол жүру құжаттарын, шамадан тыс жүктің бар-жоғын және т.б. тексерді. Олармен бірге «AЖ» тілшісі де болған еді. Сурет Бейнежазба 7 мамыр 2019, 12:58 4 503 рет қаралды
«Арнаулы автобаза» экс-директоры мен орынбасары бес жылдан жаза алды Басқа жаңалықтар

«Арнаулы автобаза» экс-директоры мен орынбасары бес жылдан жаза алды

№2 Атырау қалалық сотында «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің бұрынғы директоры Самат ТҰРНИЯЗОВҚА, оның орынбасары Асқар ҚАЛДЫБАЕВҚА, «Sanjar Flowers» ЖШС директоры Ербол ҚУАНЫШ (Тұрниязовтың ұлы) пен Артур СҰЛТАНОВҚА қатысты өткен жылдың қарашасында басталған қылмыстық істі қарау процесі аяқталды. Тұрниязов пен Қалдыбаев орташа қауіпсіздік мекемесінде (жалпы режимдегі колония) 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды. Қорытынды сот отырысының егжей-тегжейі туралы «АЖ» материалынан оқыңыз. Сурет Бейнежазба 7 мамыр 2019, 12:24 4 911 рет қаралды
Қой бағып, құйрық жеген озар Басқа жаңалықтар

Қой бағып, құйрық жеген озар

Жылыой ауданында 200-ден астам шаруа қожалығы бар. Бұлардың көбі мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінде шаруалардың басым бөлігі малын айдап, көшін тіктеп, жайлауға қоныстанып үлгерген. Біз Құлсары қаласынан 10 шақырым жердегі «Тайкеткен» қыстағына бардық. Енді бір жетіден кейін бұлар да жайлауға ат басын бұрмақшы.  Сурет 6 мамыр 2019, 17:14 5 802 рет қаралды
Күмәнді азық-түлік Басқа жаңалықтар

Күмәнді азық-түлік

Жыл басынан бері Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өңірдегі сауда нүктелерінен үлгі ретінде 879 түрлі азық-түлік өнімін сатып алды. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама 307 өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті. Бұлардың басым бөлігі Ресейден, Беларуссиядан, Қырғызстаннан әкелінген өнімдер. 6 мамыр 2019, 14:51 3 520 рет қаралды
Ордабасымен ұпай бөлісті Спорт

Ордабасымен ұпай бөлісті

5 мамырда Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен «Атырау» командалары арасында футболдан ел чемпионатының 9-турының матчы өтті. Ойын тартысты өтіп, 54-минутта алаң иелерінің легионері Пабло ФОНТАНЕЛЛО есеп ашса, 17 минуттан кейін меймандар есепті теңестірді (Владимир ВОМЕНКО). 6 мамыр 2019, 10:32 3 748 рет қаралды
Ораза қабыл болсын ұстаған жан! Басқа жаңалықтар

Ораза қабыл болсын ұстаған жан!

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы 2019 жылғы рамазан айының ораза және намаз кестесін жариялады. Биыл рамазан айы 6 мамырдан 4 маусымға дейін 30 күнге созылады. Қасиетті Қадыр түні - Ләйләт-ул-Қадір 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні деп болжанып отыр. Айт намазы 5 маусымда жергілікті сағат 7:00-де оқылады. 5 мамыр 2019, 15:30 8 225 рет қаралды
Коммуналдық тамұқтағы екі бөлме ме, әлде жайлы бір бөлмелі пәтер ме? Қоғам

Коммуналдық тамұқтағы екі бөлме ме, әлде жайлы бір бөлмелі пәтер ме?

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ мұнайлы астанадағы бірқатар апатты үйлерді аралап шықты. Олардың көбі ескі жатақханалар. Үйлердің көрінісі бұрынғы дәуірде қалғандай: қабырғаларының тозығы жетіп, төбелерінен су аққан, жертөлелері суға кетіп, сымдары жалаңаштанған, санитарлық тораптары жоқ. Сурет 4 мамыр 2019, 17:06 6 060 рет қаралды