Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық департаменті 7 қыркүйекте Атырау облысының аң аулайтын алқаптарында күзгі-қысқы аң аулау маусымын ашу туралы бұйрық шығарды.
Аң аулау мерзімдері: үйрек, қаз, қасқалдақ аулау - 7 қыркүйектен 30 қарашаға дейін; шіл аулау - 7 қыркүйектен 15 қарашаға дейін; қоян аулау - 15 қазаннан 15 ақпанға дейін; қабан аулау - 7 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.
Департамент инспекциясы бөлімінің бастығы Азамат ӘБІҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, аңшыларға қойылатын аң аулау және жеке басының қауіпсіздігі ережелерін сақтау, аң аулайтын алқаптарға қоқыстар тастамау және қоқыстарды жинап жүру талаптары өзгерген жоқ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ