Атырау, 7 желтоқсан 04:18
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қарасораны ормасаң, айыппұл арқалайсың

3 822 рет қаралды


Атырау қаласының маңындағы демалыс бзаларының бірінде Атырау облыстық Полиция департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жабайы қарасора қопасын тауып алды.

Полиция департаментінде бұдан бұрын Махамбет ауданында, сондай-ақ, қала маңындағы Ақжар ауылында орналасқан үш демалыс орнының иелеріне қатысты ұйғарым шығарылғанын, соған сәйкес, олар жабайы қарасораны жоюға міндетті болғанын хабарлады. Алайда ешқандай шара қолданылмаған.

- Атырауда маусым айында басталған және күзге дейін жалғасатын «Көкнар» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Осы іс-шара барысында полиция қызметкерлері жабайы қарасора қопасын тапты, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Демалыс орындарының қожайындары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 420-бабы (Жабайы сораны жоюға шара қолданбау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар 40-тан 70 АЕК-ке дейін айыппұл төлеп, 10 күн ішінде қарасораны шабуға міндетті.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті Атырау облыстық ПД ұсынды

20 тамыз 2019, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.