Құлсарыда 16 тамызда түнде жол-көлік оқиғасы орын алды.
Арменияның мемлекеттік нөмірі бар Mercedes автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Махамбет көшесіндегі бетон қоршауға соғылды. Жүргізуші оқиға орнында қаза болса, сол көліктегі жолаушыға дәрігерлік көмек көрсетілген. ЖКО байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА,
Суретті түсірген автор