Атырау, 19 тамыз 09:36
 дождьВ Атырау +22.5
$ 460.13
€ 532.60
₽ 5.42

Атырауда

АӘК-тің салған әлегі Басқа жаңалықтар

АӘК-тің салған әлегі

Құрманғазы ауданы бойынша 1 сәуірден бүгінге дейін 367 отбасы 35 млн 432 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекке ие болды. АӘК-ке өтініш беру әлі жалғасып жатыр. Дегенмен жағдайлары ауыр болса да, бұл көмекті ала алмаған отбасылар да бар екен. «АЖ» тілшісі осындай екі отбасыға арнайы барып, жағдайларымен танысып қайтты. Сурет 29 мамыр 2019, 14:31 5 063 рет қаралды
Шекарадағы ауыл Басқа жаңалықтар

Шекарадағы ауыл

Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының құрлық жағы Ресеймен шектесіп жатыр. Бұл өңірдің табиғаты ерекше, бір жақ қапталы құмды болса, келесі жағы көк майсаң. Өткен ғасырдың 30-жылдары Каспий теңізінің сағасы осы жерге дейін жетіп, жергілікті халық балық кәсіпшілігімен айналысқан екен. Кейін теңіз тартылып, бұл жер мал шаруашылығына ыңғайлы жер болып қалды. Сурет Бейнежазба 29 мамыр 2019, 11:43 11 796 рет қаралды
Қолға түскеннің бәрін жымқырып келген Оқиға

Қолға түскеннің бәрін жымқырып келген

Полиция қызметкерлері бірнеше ай бойы Атырауда пәтер ұрлығымен айналысқан екі күдіктіні ұстады. Олар үй иелері жоқ кезде пластик терезелерді ығыстыру арқылы үйге түсіп, жолында кездескеннің бәрін жымқырып келген. Үй ұрылары 35 ұрлық жасағанын мойындап, олардан 150-ге жуық айғақ заттар тәркіленді.   Бейнежазба 29 мамыр 2019, 10:09 3 291 рет қаралды
Атырауда қай жолдың шұңқыры бітеледі? Басқа жаңалықтар

Атырауда қай жолдың шұңқыры бітеледі?

Қалалық әкімдік Атырау көшелеріндегі жол шұңқырларын жөндейтін мердігерді анықтау тендерін жариялады. Биыл ол 13 мың шаршы метрге жүргізілуі тиіс. Төменде жөндеу жүргізілетін көшелердің тізімі берілген. 29 мамыр 2019, 09:51 3 510 рет қаралды
Дәрі керек болса, қағазыңды ала бар Басқа жаңалықтар

Дәрі керек болса, қағазыңды ала бар

Осыдан бірер апта бұрын Атырау қаласындағы дәріханаларда еркін сатылған дәрі-дәрмектерді рецептсіз сатпау туралы шешім шыққаннан кейін ҚР ҰҒА академигі, Дәрілік құралдарды сараптау ұлттық орталығының бас фармакологы Раиса КҮЗДЕНБАЕВА қаламызға арнайы келген еді. №3 емхана базасында ол жергілікті фармацевтермен кездесіп, оларға жұмыс істеудің қазіргі қағидаларын түсіндірді. Жалпы, бұл тек біздің аймақта ғана болып жатқан үрдіс болмас. Орталық шабармандары басқа да қалаларға барып, түсіндіріп жүрген болуы мүмкін. 28 мамыр 2019, 18:02 3 978 рет қаралды
Атыраудағы автошоу: «Жигулиден» «Хаммерге» дейін Басқа жаңалықтар

Атыраудағы автошоу: «Жигулиден» «Хаммерге» дейін

Атырауда алғаш рет «Motor West – 2019» автошоуы ұйымдастырылды. «Салтанат сарайы» жанындағы көрме орталығында Атырау мен Батыс Қазақстанның басқа өңірлерінен 50-ден астам көлік көрсетілді. Сондай-ақ, мұнайлы астананың ең керемет 15 мотоциклі ұсынылды. Айтпақшы, қала тұрғындары мотоцикл иелері жергілікті байкерлер екенін таныды. Сурет Бейнежазба 28 мамыр 2019, 16:49 3 299 рет қаралды
Қаңғыбастар қайдан келген? Қоғам

Қаңғыбастар қайдан келген?

Атырауда «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Екі күн ішінде полиция белгілі бір мекенжайы жоқ 220 адамды анықтап, есепке қойды. Олар мұнайлы астанада аз емес екен. Полицейлермен бірге қаңғыбастарға жаны ашыған «АЖ» тілшісі де болды. Алайда рейдтен кейін жағымсыз иісті кетіру үшін ұзақ жуынып-шайынуға тура келді. Сурет Бейнежазба 28 мамыр 2019, 15:56 6 718 рет қаралды
Қараойдағы батырға тағзым Басқа жаңалықтар

Қараойдағы батырға тағзым

Жылма-жыл азаттық жолында шейіт болған жыр семсері, ақберен батыр Махамбет ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ рухын ұлықтайтын поэзия күні оның Индер ауданындағы мәңгілік мекеніне айналған Қараойдағы мазары басында өтіп жүр. Сурет 28 мамыр 2019, 10:46 3 625 рет қаралды
Индер ауданында зауыт пен екі мәдениет үйі ашылды Басқа жаңалықтар

Индер ауданында зауыт пен екі мәдениет үйі ашылды

Индер ауданында бес жыл бұрын қаржылық қиындықтармен жұмысын тоқтатқан құрғақ құрылыс қоспалар өнімін шығаратын зауыт инвесторлардың арқасында қайтадан іске қосылды. Сурет 28 мамыр 2019, 09:57 6 177 рет қаралды
Украинаға жеткізілетін Теңіз газына Ресей кедергі жасады Басқа жаңалықтар

Украинаға жеткізілетін Теңіз газына Ресей кедергі жасады

«Теңізшевройл» компаниясы Украина бағытына сұйытылған газ жөнелтуді тоқтатты. Бұл туралы еnkorr.com.ua сайты ТШО-ның TERM-шарттарын ұстаушы украиналық компаниялардағы бірнеше дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады. 27 мамыр 2019, 17:50 3 404 рет қаралды
«Қане, дос болайық!» Басқа жаңалықтар

«Қане, дос болайық!»

Өткен демалыста Атырауда қайырымдылық мақсатта иттер көрмесі өтті. Панасыз жануарларға көмек көрсететін атыраулық «Өмір сүру құқығы» тобы ұйымдастырған «Әр адамға бір иттен» деп аталатын көрмеге келушілер өздеріне ұнаған «жәдігерді» өздерімен алып кете алады.  Сурет Бейнежазба 27 мамыр 2019, 15:22 4 128 рет қаралды
Тауарыңызды кері алыңыз Басқа жаңалықтар

Тауарыңызды кері алыңыз

«Ұлттық сараптау орталығының» Атырау облысы бойынша филиалы қызметкерлері «Қауіпсіз тағамды таңда» акциясын өткізді. Олар өз жабдықтарымен «Сарайшық» базарына келіп, өсімдік өнімдерін сатып алған адамдарға құрамында нитраттың бар-жоғын тексеруді ұсынды. Тексергісі келгендер көп болды. Көпшілігі сараптамадан кейін тауарларды сатушыларға қайтарып берді. Бейнежазба 27 мамыр 2019, 13:04 3 315 рет қаралды
Грефке берілген жауап Басқа жаңалықтар

Грефке берілген жауап

«Мұнай дәуірі аяқталған жоқ!» - деп мәлімдеді Атырауда өткен V геологиялық форумда «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИН. Бұл оның ресейлік экономист Герман Грефтің «тас дәуірі секілді мұнай ғасыры да аяқталды» деген танымал мәлімдемесіне жауабы болатын. Рас, Греф мұны бірнеше жыл бұрын «қара алтынның» бағасы қатты құлдыраған кезде айтқан еді. Қарабалиннің пікірінше, ол қатты асығыстық танытқан. 27 мамыр 2019, 12:49 3 152 рет қаралды
Қала маңындағы ауылдар Атырауға қосылады Басқа жаңалықтар

Қала маңындағы ауылдар Атырауға қосылады

2016 жылы Атыраудың Бас жоспары бекітілді. Соған сәйкес, облыс орталығы негізінен қала маңындағы Талғайраң ауылының аумағында жоспарланған серігі - Лаэти қаласының (жақын жердегі көне қалашықтың атауымен) есебінен кеңейеді. Бұл туралы Атырау облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Гүлбаршын АРЫСТАНОВА брифингте хабарлады. 27 мамыр 2019, 11:52 5 117 рет қаралды
Білектілер алаңға шықты Басқа жаңалықтар

Білектілер алаңға шықты

Атырауда алғаш рет жергілікті жекпе-жек федерацияларының қатысуымен жауынгерлік спорт өнері фестивалі ұйымдастырылды. Спортшылар Сұлтан Бейбарыс алаңында карате түрлері, муай-тай, кикбоксинг, ММА, панкратион, грепплинг, у-шу, белбеу күресі, самбо, таеквондо, жекпе-жек сайысы, джиу-джитсу бойынша өнерлерін көрсетті.  Сурет 27 мамыр 2019, 11:31 2 473 рет қаралды
Сертификатың болмаса, дәрігер емессің Басқа жаңалықтар

Сертификатың болмаса, дәрігер емессің

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті жүргізген тексеруден кейін елімізде медицина саласының 484 маманы қызметті сертификатсыз жүзеге асырып келгені үшін жұмыстан шеттетілді. Оның ішінде Атырау облысының 55 қызметкері бар. Бұл туралы Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім  басшысы Светлана ЖҮНІСОВА брифингте хабарлады. 27 мамыр 2019, 11:43 3 708 рет қаралды
Отбасымен дүңгіршекке бұзып кірген азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды Басқа жаңалықтар

Отбасымен дүңгіршекке бұзып кірген азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 29 наурызда әйелі, бала-шағасымен бірге Toyota Hiace көлігімен көкөніс павильонына соғылған қалалық азаматқа қатысты қаулы шығарды. Сурет 26 мамыр 2019, 16:05 2 995 рет қаралды
Қош бол, мектебім! Басқа жаңалықтар

Қош бол, мектебім!

Бүгін, 25 мамырда Атырау облысының барлық мектептерінде «соңғы қоңырау» соғылды. Биыл облыс бойынша 5133 оқушы мектеп бітіріп, түлектердің 190-ы "Алтын белгіге", 152-сі "Үздік аттестатқа" үміткер. Ал Атырау қаласында 61 бала "Алтын белгіден", 85-і "Үздік аттестаттан" үмітті. «АЖ» қаладағы бірнеше мектепте болып, осы шараның куәгері болды. Сурет 25 мамыр 2019, 18:41 7 095 рет қаралды
Оқу жылын аяқтауға асыққан Басқа жаңалықтар

Оқу жылын аяқтауға асыққан

24 мамырда, «соңғы қоңырау» қарсаңында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу ТӨРЕМҰРАТОВА мектеп директорларымен жиналыс өткізді. Атап айтқанда, ол оқу жылын ертерек аяқтауға асыққан мектептерге қаһарын төкті. Сурет Бейнежазба 25 мамыр 2019, 17:58 8 201 рет қаралды
Италияға тек жетімдер барады Басқа жаңалықтар

Италияға тек жетімдер барады

23 мамырда қалалық мәслихат сессиясында балалардың жазғы демалысы және жасөспірімдерді жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды. Ресми деректерге сүйенсек, ұйымдастырылған демалыспен Атыраудағы балалардың 90%-ы қамтамасыз етіледі. Ал Италияға жетім балалар ғана барады. 25 мамыр 2019, 09:30 3 561 рет қаралды
Бөлім басшысы шаруалардан пара алған Басқа жаңалықтар

Бөлім басшысы шаруалардан пара алған

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағы бөлім басшыларының бірі шаруа қожалықтарының басшыларынан мемлекеттік «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында субсидия беруге оң шешім шығару үшін жүйелі түрде жалпы сомасы 200 мың теңгедей пара алып отырған деп күдіктелуде. Бейнежазба 24 мамыр 2019, 16:48 4 925 рет қаралды