Атырау, 21 желтоқсан 17:27
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Барлық санатта жүлде алды

4 026 просмотра

Диляра ҒАБИТОВА


Астраханда халықаралық шахмат фестивалі өтті. «Блиц», «классика» және «рапид» санаттары бойынша ойналған жарыс нәтижесінде Атырау командасы қоржынына 8 алқа салып қайтты.

Ибрагим ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ турнирдің барлық санаттарына қатысып, алқалардың толық жиынтығына ие болды. Жазира БОРАН «классикадан» алтын алқа асынды. Осы санатта Марина НҰРҒАЛИЕВА бақ сынап, қола жүлдені місе тұтты. Нұрбек ХАЙРОШЕВ «классика» мен «рапидте» күміс алды. Ал Айбек MAҚСOT «классика» бойынша күміс жүлдегер атанды.

***

ДИЛЯРА - АЗИЯНЫҢ ЖАҢА ЖҰЛДЫЗЫ

Бұл күндері Венада тағы бір шахмат фестивалі өтті. Оған әлемнің 53 елінен 409 шахматшы қатысты. Мұнайлы астананың намысын өз жас санаты бойынша 9 турда 6 ұпай жинаған Диляра ҒАБИТОВА қорғап, қола алқа жеңіп алды. Бұл Диляраның әлемдік рейтингте 176 пунктқа көтерілуіне мүмкіндік берген рейтингтік турнир еді.

Облыстың және №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бас бапкері Сабырбай ҒАЙСИН былай дейді: 

- Диляра биыл өте сәтті өнер көрсетті. Ол ҚР чемпионатында алтын алқа мен Шри-Ланкада өткен Азия чемпионатының қола алқасын жеңіп алды. Шахмат теориясына көп уақыт бөледі, оны халықаралық шебер Жәнібек АМАНОВ жаттықтырады. Оның еңбекқорлығы мен шахматқа деген байыпты қарым-қатынасы оған FIDE шебері болуға көмектеседі деп ойлаймын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

31 тамыз 2019, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.