Назарларыңызға дрон-адам Азамат БУСТЕКОВТІҢ бұрынғы Гурьев пен қазіргі Атыраудың көріністері біріктірілген «бұрынғы/қазіргі» тақырыбындағы кезекті суреттер топтамасын ұсынамыз.
- Фото 1956 жылы тікұшақтан түсірілген. Ал қазір маған дронды қуаттап алсам, жетіп жатыр. Технологиялар,- деп жымиды Азамат.
Сонымен, жоғарғы сурет 1956 жылғы көрініс, төменде қазіргі уақыт. Бұл уақыт арасында қалада 1965 жылы 28 тамызда пайдалануға берілген орталық көпір, былтыр өртенгеннен әлі қалпына келтірілмеген «Ақ Жайық» қонақ үйі салынды... Басқа да көптеген ғимараттар бой түзеген.
Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА
Суретті түсірген Азамат Бустеков